3-сурет. Тікелей (а) және жанама (б) тітіркендіру.
Жұмыс № 4. Қозатын тіндердегі биоэлектрлік
құбылыстар.
Тірі организмдегі биоэлектрлік құбылыстарды биологиялық және электрофизиологиялық тәсілдермен тіркеп, анықтауға болады.
4.1. Гальванидің бірінші тәжірибесі.
Жұмыс жасауға қажет. Бақа, биметалды пинцет (іскек), штатив, тәжірибені жасауға қажетті құрал-саймандар, Рингер ерітіндісі, дәкелік салфетка, “балкончик” құралы.
Жұмысты орындау. Бақаның артқы екі аяғынан жасалған препаратты - «тірі реоскоп» (4-сурет), сегіз көз омыртқаларынан шығатын жүйкені “балкончик” құралының мыс сымына іледі. Содан кейін “балкончик” құралының екінші шетінде орналасқан темір пластинкасын бұлшықетке тигізеді. Осындай әсерден кейін бақаның артқы аяқ бұлшық еттерінің жиырылғаны байқалады.
4-сурет. Гальванидің бірінші тәжірибесі.
4.2. Гальванидің екінші тәжірибесі (металсыз жиырылу).
Л. Гальвани екінші тәжірибесінде алғаш рет тіндердегі электр құбылысын дәлелдеді.
Жұмыс жасауға қажет. Бақа, шыны ілмек, тәжірибені жасауға қажетті құрал-саймандар, пипетка (тамызғыш), Рингер ерітіндісі, дәкелік салфетка.
Жұмысты орындау. Бақаның артқы аяғынан жүйке-ет (тәжірибе көрнекі болу үшін бақа аяғының тізеден төменгі бөлігін сақтаған жөн) препаратын жасағаннан соң, шонданай жүйкесін омыртқадан шығатын жерінен дұрыстап кесіп алады. Содан кейін, санның төменгі жағына жақын жердегі бұлшықет кесіледі де, шыныдан жасалған ілмекпен шонданай жүйкесін сан етінің кесілген және кесілмеген беттеріне бірдей тигізеді (5-сурет). Осындай әсерден кейін бақаның балтыр бұлшықетінің жиырылуы байқалады. Жүйкенің қозу
5-сурет. Гальванидің екінші тәжірибесі.
себебі, ол кесілген (теріс зарядты) және кесілмеген (оң зарядты) бұлшықеттер арасындағы потенциалдар айырмашылығына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |