Сроп №2 Тақырыбы: Қозу табалдырығын тура және жанама тітіркендіру арқылы анықтау әдісі. Гальванидің бірінші және екінші тәжірибесі. Екінші тетанус тәжірибесі. Электромография. Хроноксиметрия. Орындаған; Мұхамедқали Іңкәр Тобы: 204a стом



бет4/4
Дата29.03.2024
өлшемі439.91 Kb.
#496903
1   2   3   4
СРОП 2 физио

7-сурет. Электромиограмма.

Зертханалық жұмысты орындап болғаннан кейін, ЭМГ-ма қисығының тыныштық және жүктеме кезіндегі схемасын салып, қорытынды жасау керек.


Хронаксиметрия.

Хронаксиметрия - ұлпалардың қозғыштық қасиеттерін сипаттайтын әдістерге жатады. Бұл әдіспен хронаксияны анықтайды. Ұлпаларда қозуды тудыратын, екі реобазалық (немесе екі табалдырық) тоқ күшінің әсер ететін ең аз уақыты – хронаксия деп аталады. Ұлпалардың қозғыштығы мен хронаксиясы арасында кері тәуелділік болады (қозғыштығы жоғары ұлпалардың хронаксиясы аз).


Хронаксияны анықтау үшін хронаксиметр аспабын қолданады. Бұл тоқ кернеуін 1 - ден 300 В және ұзақтығын 0,01-ден 40 мс-қа дейін өзгертетін мүмкіндігі бар электростимулятор. Хронаксиметрияны, экспериментте және клиникалық практикада жүйке мен бұлшықет ұлпаларының әрекеттік белсенділігін зерттеу үшін қолданады.
Жұмыс жасауға қажет. Хронаксиметр, арнайы электродтар, 0,9% NaCІ ерітіндісі, дәкелік салфетка.
Жұмысты орындау. Алдын ала физиологиялық ерітіндімен дымқылданған дәкелік салфетканы индиферентті электродтың (анод) астына орналастырып, білектің ішкі жағына бекітеді (8-сурет). Белсенді электродпен (катодпен) білектің ішкі жағында орналасқан саусақтардың бүгілдіргіш еттерін қозғалтатын нүктесін табады.
8
-сурет. Қол бұлшықетінің қозғалтқыш нүктелерінің орналасу схемасы.

Стрелкамен саусақтардың бүгілдіргіш еттерін қозғалтатын нүктесі көрсетілген.

Аспапты «реобазанің режиміне аударады. Табылған қозғалтқыш нүктесінде орналасқан активті электродпен тоқ кернеуінің табалдырықты шамасын немесе реобазаны табады. Анықтауды әлсіз тоқпен тітіркендіруден бастап, бүгілдіргіш еттердің жиырылуы байқалғанша, біртіндеп ұлғайтады. Тоқ кернеуі шкаласында реобазаның мөлшерін белгілеп, аспапты «хронаксияның режиміне ауыстырады. Тоқтың кернеу күші екі реобазаға тең жағдайда хронаксияны анықтайды.


ш күшіне жауап қайтармайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет