Стан археологиясы


Ежелгі түріктердің жартас суреттері



Pdf көрінісі
бет116/157
Дата02.03.2023
өлшемі2.57 Mb.
#470258
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   157
Қазақстан археологиясы

Ежелгі түріктердің жартас суреттері. Еуразия аумағында ежелгі 
тҥріктердің таным-тҥсінігінен молынан хабардар ететін петроглифтер 
шоғыры кӛптеп кездеседі. Қазақстанда бҧл кезең туындыларын зерделеуге 
А.Г.Медоев, З.С.Самашев, т.б. мамандар мол ҥлес қосты.
Ежелгі және дамыған орта ғасырлар тҧсындағы кеңінен таралған 
сюжеттердің бірі ту ҧстаған салт атты сарбаз, найза ҧстаған жауынгерлердің 
жекпе-жегі, жаяу әскер мен атты әскер арасындағы шайқас болып табылады. 
Бҧл образ Қиыр Шығыстан Дунай далаларына дейінгі аймақтардан кездесіп 
отырады. 
Далалы аймақтарда орналасқан жартас суреттеріндегі ежелгі тҥріктердің 
шығармашылық туындыларын бӛліп кӛрсетуге мҥмкіндік беретін негізгі 
элемент тулар болып табылады. Кӛне тҥрік жазба дереккӛздерінде 
тікбҧрышты матадан жасалып, сырыққа тағылған туғ бірнеше рет айтылады. 
Туғ, ту, байрақ атаулары қазіргі таңда барлық тҥрік тілді халықтардың 
лексикасында сақталынып қалған. 
Ту сырық басына тағылған тікбҧрыш тҥрінде бейнеленген, кейде екі-ҥш, 
тіпті одан да кӛп айырмен бітеді. Мҧндай тулар Жетісудағы ортағасырлық 
петроглифтерден кездескен. 
Жалаулар 
кӛлемі бойынша тудан кішірек, тҧрпаты бойынша 
тікбҧрышты, шашақ тағылған. Ҥш бҧрыштылары сирек кездеседі. Бҧлар да 
жетісулық ескерткіштерге тән.
Ту мен жалаудан басқа найзаның ҧш жағына қарай тағылған мойшақ 
(қылқҧйрық), яғни жылқы қҧйрығы да кездеседі. Мойшақ тек қана найза 
ағашына (сабына) тағылған. 
Мойшақтардың қатарына тек ат қҧйрығын ғана емес, сондай-ақ найзаға 
бекітілген аяқ жағы ҥш бҧрышты болып кесілген ҧзынша «жалаушаларды» 
да жатқызуға болады. Тҥйе мініп, қолына найза ҧстаған сарбаз бейнесі 
Шығыс Қазақстан, ал жаяу әсер мен салт атты шайқасы Оңтҥстік-Батыс 
Балқаш маңындағы петроглифтер шоғырынан ҧшырасқан. 
Әскери қҧрамалардың қасиетті символдары немесе қолбасшылар 
шеніндегі белгілер штандарттар болды. Олардың қатарына Жетісудан 
табылған сырыққа тағылған екі шашақты рама фигурасын жатқызуға болады. 
Штандарттар бейнесінің сериясы Жетісудағы Кӛксу ӛзені бойынан, тағы бір 
ҥш тісті тҥріндегі екі бейнесі Шығыс Қазақстаннан табылған. 
Петроглифтердан шабуыл жасайтын да, қорғанатын да әскери қару-
жарақтар кездесіп отырады. 
Оңтҥстік-Батыс Балқаш маңы мен Жоңғар Алатауынан найзаны қоян-
қолтық ҧрыста қолданып жатқан екі кӛрініс анықталған. Екі айқаста да салт 
аттылар жаяу әскермен шайқасуда. Ҥш бҧрышты ҧштық Жетісудағы Баян-
Жҥрек ғибадатханасынан (мінәжат орнынан) ғана кездескен. Сонымен қатар 
Таңбалыдағы ту ҧстаушының жалауының ағашы ҥш бҧрыш тҧрпатты 
ҧштықпен берілген. 
Ортағасырлық Қазақстан петроглифтерінен қылыштың нақты әрі дәлме-
дәл суреті атқа мінген сарбаздың қолынан анықталған. 


309 
Ортағасырлық садақтың суретін сақ-скиф дәуіріндегі садақтардан айыру 
ӛте қиын. 
Никитинка ауылы маңындағы тастарға қашап салынған жаяу және атты 
садақшыларды тҥріктік деп айтуға болады. Жаяу садақшылардың шеті 
қайырылған «М»-тәрізді садақтары нақтырақ кӛрсетілген. Мҧнда мынадай 
айқас 
суреттелген: 
штандарт 
ҧстаған 
атты 
әскерлерімен 
бірге 
садақшылардың екі тобы салынған. Тастың сол жақ бӛлігінде тҥйе мен ат 
мінген сарбаздар, теке суреті мен дәл сондай жаяу садақшы бедерленген. 
Тастың жоғарғы жағында жаяу садақшыларға қарағанда садақтары ӛзгешелеу
екі салт атты бейнеленген, алайда сипаты бойынша олар Жетісудағы 
Тамғалыдан табылған ту ҧстаған салт атты сарбаздардың садағына ҧқсас. 
Никитинка ауылы маңындағы шоғырдан анықталған тӛрт жаяу 
садақшылардың белбеуіне тағылған тікбҧрышты заттарды қорамсақ деуге де 
болатын сияқты. 
Дулығалардың суреті Таңбалы, Ой-Жайлау, Теректі мен Сарыбҧлақтан 
анықталған. Жетісу мен Талас Алатауындағы салт аттылардың дулығалары 
сфера-конус тәрізді, кей жағдайларда оған ҥкі тағылған. Оңтҥстік-Батыс 
Балқаш маңындағы Теректі аңғарынан табылған жаяу әскерлердің 
дулығаларындағы айрық ҧштықтарды да тағылған ҥкі деуге келеді. Теректі 
аңғары мен Тамғалы қойнауындағы кейбір атты әскерлердің дулығаларына 
«мҥйіз» салынған. 
Жоғарғы Ертіс алабы мен Жетісу атты әскерлерінің киімдері туралы 
мәлімет жоқтың қасы. Алайда жоғарыда айтылған Теректіден анықталған 
жекпе-жек кӛрінісінде жаяу жҥрген сарбаздардың ҧзын «шапан» кигендігі 
кӛрсетілген. Бҧл кафтандардың сауыт екендігін дулығалары, найзалары мен 
тік семсерлері немесе белге тағылған қылыштары да айқындайды, аталған 
заттар ауыр қаруланған жауынгердің толыққанды сайманы болатын. 
Кейбір жағдайларда атты жауынгер егерінің астындағы тікбҧрышты, 
сопақша тершігі, тоқымы да бейнеленеді. Кӛшпелілерде кеуде мен қҧйрыққа 
тағылған белбеулерге ерекше мән берілді, бҧл заттар таулы аймақтарда 
жҥруге қолайлылық туғызатын. Олар ӛрнектелген қапсырмалармен сәнделді. 
Жҥген-ноқталардың жекелеген бӛліктері Жетісу, Ертістің жоғарғы 
ағысындағы ортағасырлық петроглифтерде бейнеленген. 
Аттарды сәндеген кезде қҧйрық-жалын қырыққан. Мҧндай суреттер 
Таңбалыдан, Балқаш маңынан және Ертістің жоғарғы ағысынан анықталған. 
Ежелгі тҥрік дәуіріндегі сирек кездесетін бейне – ҧшып бара жатқан сҧңқар – 
болып табылады. Оның бейнесі Таңбалыдан табылған. 
Қазақ жартас суреттері туралы да қызықты мәліметтер алынған. 1989-
2003 жылдары З.С.Самашев пен Ж.М.Жетібаев Каспийдің солтҥстік-шығыс 
жағындағы қазақтардың ӛнер ескерткіштерін зерттеп, ХҤІІІ-ХХ ғасыр бас 
кезіндегі жартас және қабырға граффитилері мен жазуларын тапты және 
олармен тығыз байланысты жерлеу және мемориалдық қҧрылыстар 
кешенінің қҧрамдас бӛлігі болып табылатын зооантропоморфты мҥсіндер – 
қҧлпытас, қошқартасты зерделеді. А.Г.Медоев тас бетіне тҥскен қазақтардың 
кӛптеген суреттерін тауып, жариялады. 


310 
Ҥстірт пен Маңғыстаудағы қазақтардың жартас суреттері Ақмая, 
Айрақты тауларынан және Каспий теңізінің солтҥстік-шығыс жағалауындағы 
Жығылған мҥйісіндегі ҥңгірден табылды. Жартас суретінің жетекші бейнесі 
әскери атрибуттары бар атты жауынгер. Сондай-ақ жылқы бейнесіндегі ер-
тҧрман, тоқым, қоржын, жҥген-ноқта бӛліктері, т.б. заттар да толымды тҥрде 
бейнеленген. Қару-жарақтардың тҥрлері де аса ыждахаттылықпен берілген. 
Олардың арасында алыстан және жақыннан соғысатын қылыш, қанжар, 
айбалта, найза, екі шеті ҧшталған ағаштар, ілгектер мен шоқпарлар, сырық, 
жебе ҧштары, қорамсақ, қамшы, сҥңгі, ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы білтелі 
мылтықтар да жеткілікті. Ҥкі тағылған дулығаны киген сарбаздар аз 
кездеседі. Жылқышылар жекпе-жекке қатысушылар ретінде де суреттелген, 
шайқастар мен таутеке, арқар аулаған кӛріністер де кӛптеп кездеседі. 
Сағана-там, кҥмбезді мазар қабырғаларына салынған гравюралар ӛте 
кӛп, олар қҧрамы бойынша да, сюжеті жӛнінен де сан алуан. Әскери 
атрибутиканың бӛлшектері мҧқият тҥсірілген, алайда адамдар бет-бейнесіз 
және шартты тҥрде бейнеленген: денелері қарапайым сызықтармен, ҥш 
бҧрыштармен берілген, оның толық фигурасын салу сирек ҧшырасады, олар 
қазақтардың стильдік антропоморфты мҥсіндеріне ҧқсайды, ал аяқтары биік 
ӛкшелі, қонышының жоғарғы жағы кең етіктер арқылы берілген.
Тҥрлі хайуанаттардың (жылқы, тҥйе, таутеке, арқар, қҧстар, жыртқыш 
аңдар) суреттері аңшылық, кӛшіп-қону, керуендер шеру, қасқырлардың қой 
отарына шабуы секілді кҥнделікті кӛшпенді-малшы ӛмірінің қырларын 
сипаттайтын композицияларға біріктірілген. Қару-жарақтар мен тҧрмыстық 
заттар (саймандар, самаурын, сақпан, кебіс, боқша, қамшы, қҧрық, етік, 
тоғызқҧмалақ ойнайтын ойықтар, ыдыс-аяқтар) суреттері телімнің сыртқы 
және ішкі қабырғаларын, жабынын, сыртқы ернеуін (карниз), барабандары 
мен кесене кҥмбезін ешқандай сюжетсіз-ақ кӛмкеріп тҧрады. 
Қарағашты Әулие бейітіндегі мазар қабырғасына бір ат жегілген екі 
доңғалақты арба суреті салынған, арба қабырғасы шарбақты, оған бес кісі 
мінген. 
Қабір ҥстіндегі шағын тҧрпатты ескерткіштердің бірі сағанатамдарда 
қаруланған сарбаз бейнесі, қошқартастарда (қой бейнесінің скульптурасы) ат 
мінген сарбаз, садақшы, зооморфты фигуралар, таңбалар мен қару-жарақтар 
суреттері берілген. Соңғы аталған заттар қҧлпытастардағы негізгі сурет 
болып табылады, олар асқан жоғары шеберлікпен бедерленген. 
Қазақтардың ҧлттық ӛнеріндегі жетекші образ ежелгі тҥріктердегідей 
жылқы бейнесі болды. 
Гравюраларда батырлардың аттарына ерекше кӛңіл бӛлінді: ол сымбатты 
тҧлғалы, қамыс қҧлақ, аққу мойын, кішкентай басты, жалы тӛгілген немесе 
қысқа тҥрде бейнеленіп, малдың ӛзіндік сипаттары (тҧлпар, арғымақ, 
қазанат) жан-жақты кӛрсетілді. Кейбір суреттерде қҧйрық-жалы кҥзелді. 
Әрине бірқатар суреттерде жылқы бейнесі стильдік сызықтармен де 
шектелді. Дегенмен негізгі ой, басты қадір-қасиет сақталынды. Араларында 
адай сәйгҥліктері мен қарабайырлар болған дала жылқылары оның прототипі 
болған еді.


311 
Батыр шайқасып жатып та, аң аулап жҥріп те бейнеленді. Ол сан алуан 
қарулармен қаруланды, батыр алыстан ататын қаруларды да, жақыннан 
шайқасатын қаруларды ҧстап немесе тағынып жҥрді. Кейде ол ҥкілі (кейде 
ҥкісіз) дулығы киді немесе тӛбесі ҥшкір бас киіммен бейнеленді. 
Маңғыстау және Ҥстірт суреттеріне қарағанда адай сҥңгілері кейде екі 
ҧшты болды: бірі – ҧзын әрі тар; басқасы – қысқа әрі жалпақ. Ағашында екі 
ілгегі болды. Найзаның ағашына ҧшынан тӛменірек жҥзі ҥшкір пышақ 
секілді ҧзынша жалпақ металл отырғызылды. 
Қылыш әшекейленген қынапта суреттелді, ол белбеулер арқылы кісе 
белдікке тағылды. 
Қазақ суреттерінде ҧста асай-мҥсейлері мен музыкалық аспаптар да 
кездеседі. Ол қайтыс болған адамның кәсібін, дарынын да кӛрсетсе керек. 
Суреттердің ерекше категориясына кемелер де жатады, олар ХVІІІ-ХІХ 
ғасырларда Каспий теңізінде кӛптеп жҥзіп жҥрген болатын. Кеме суреттері 
кӛбіне ірі кҥмбезді кесенелер мен сағанатамдарға тҥсірілген және адай 
батырларының теңіз қарақшыларымен соғыстарын сипаттайды.
Биік тӛбешіктерге және кӛші-қон жолдарында салынған ірі кесенелер 
мен сағанатамдарда кӛптеген суреттер бейнеленген. Олар ерліктер мен тҥрлі 
іс-әрекеттерді (айқас кӛрінісі, аңшылық, кӛшіп-қону, керуендер шеруі), 
байлықты (жылқы ҥйірі мен қой отары), жеке қаруды, ат әбзелдерін, 
тҧрмыстық-шаруашылық заттарды білдіреді. Бірқатар суреттер қайтыс 
болған адамның ӛмірде алған орнын, қоғамда атқарған қызметін де 
айғақтайды. 
Қазақстан жер асты мешіттерінде ашық алақан кӛптеп кездеседі. Бҧл 
белгілер қасында дәруіштер қалдырған мистикалық формула-ӛлеңдер, 
қҧранның аят-сҥрелері жазылған. 
Ашық алақан «ашылған әлем» деген мағына береді, ол сонымен қатар 
«Аллахтың хақ екендігін», оның «ӛзі де рас, сӛзі де рас» екендігін де білдірсе 
керек. 
Кейбір зерттеушілер ашық алақанды шиіттер арасында кеңінен таралған, 
олардың эмблемасына айналған, яғни христиандардағы айқыш (крест) 
іспеттес мағына берген деп есептейді. Бірқатар мамандар бҧл алақан ту 
ҧстаушы Аббастың (Қҧсайынның ағасы) қолы десе, басқалары Әлидің қолы 
дейді, кейде бес саусақ Мҧхаммед саллаллаһу аләйһи уәссәләм

Әли, Фатима, 
Хасан мен Қҧсайын сынды «бестік» шиіт символы (сонымен қатар 
исмаилиттердің де) деп қарастырады. 
Алақанды сондай-ақ бақыт әкелетін және кӛз ӛтуден сақтайтын ерекше 
бойтҧмар ретінде де қарастыратындар бар.
З.С.Самашевтің 
пікірінше, қазақтардың монументтік ӛнеріндегі 
жауынгердің бейнесін Еуразия далалы аймақтарындағы сан ғасырлар бойғы 
мәдени-генетикалық ҥрдістердің нәтижесі ретінде қарастырған жӛн. Әсіресе, 
б.з.б. ІІ мыңжылдық екінші жартысы мен аяқ кезінде тарих сахнасының 
тӛріне әскери каста ӛкілдері шыққан кезеңмен тығыз байланыстыруға 
болады. Мҧның жарқын кӛрінісін қҧрамына обалар мен қару-жарақ асынған 
жауынгер мҥсіндері, таңба секілді белгілері бар кешендер кіретін Ҥстірттегі 


312 
сармат ғибадатханалары; ортағасырлық антропоморфты мҥсіндер (ежелгі 
тҥрік, қыпшақ, половец), Еуразия далаларындағы қарулы салт аттыларды 
сипаттаған гравюралар мен жазулар нақты кӛрсетіп береді.


313 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет