Стан археологиясы



Pdf көрінісі
бет119/157
Дата02.03.2023
өлшемі2.57 Mb.
#470258
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   157
Қазақстан археологиясы

Жікіл (Шығыл) қаласы «Тараздан айқайлағанда естілетін қашықтықта. 
Ол дуалмен қоршалған, цитаделі бар. Соборлық мешіт базар маңында» деп 
сипатталған. Жікілге Жалпақтөбе қаласы сай келуі мҥмкін. Ол Тараздан 5 км 
қашықтықта. Қазіргі кҥні қала аумағында. 
Ол жоспары бойынша тікбҧрышты тӛбешік, табанынан есептегендегі 
мӛлшері 90-95 м, биіктігі 3-4 м. Шығыс жағында цитадель орналасқан, оның 
диаметрі 30 м, биіктігі 4,5 м шамасында. Тӛбешіктің айналасында әлі кҥнге 
дейін тереңдігі 0,5 м, ені 10 м ордың ізі сақталған. Орталық қақпасы оңтҥстік 
қабырғаның ортасында болған. Қазіргі таңда ол екі шетінде тҧрпаты дӛңгелек 
келген мҧнаралары бар жыра тәріздес. 
Қалада жҥргізілген қазба жҧмыстары VІ-ІХ ғасырлардағы қҧрылыс 
іздерін айқындады. Тҧрғындары тығыз қоныстанған, барлық ҥйлер бір-біріне 
жапсарластырыла салынған. Тҧрғын ҥйлерден ашық ошақ пен қабырғаны 
айналдыра салынған сыпалар анықталған. 
Саптыаяқ, доға тәрізді қазандық, саздан және алебастрдан жасалған 
дӛңгелек ҥстел-дастархан, шырағдан секілді тҧрмыстық-шаруашылық заттар 
алынған. Тҥргеш монеталары Жалпақтӛбені VІІІ-ІХ ғасырлармен 
мерзімдеуге мҥмкіндік береді. Қаланың жоғарғы мәдени қабаттарынан 
алынған сырлы ыдыстардың сынықтары Х-ХІІ ғасырларға жатады. 
Қазба жҧмыстары қала фортификациясын анықтауға мҥмкіндік берді. 
Дуалдары 4 м-ге дейінгі биіктігін сақтап қалған. Тӛменгі (табан) жағында 
оның ені 5 м, жоғарыға қарай қабырға тарыла тҥседі. Дуалдың іргесіне 
кӛлемі 80х80х60 см пахса блоктары қойылып, оның ҥсті кӛлемі 35х25х10см 


321 
шикі кірпішпен ӛрілген. Дуалдардың бҧрыштарында дӛңгелек мҧнаралар 
орналасқан.
Тараз маңында Дех Нуджикес және Адахкет қалалары болған. Олардың 
орындары Ибн Хордадбех пен Кҧдама мәліметтері бойынша анықталынады. 
Қимақтарға барар жолды сипаттаған олар Тараздан 7 фарсах қашықтықтағы 
Кевакет (Кевакиб) маңындағы екі қонысты атап кетеді. ІХ ғасыр авторы әл-
Факих олардан да дәл мәлімет береді, ол Тараздан Кевакибқа дейін 7 фарсах 
дейді да, қимақтарға баратын жол Тараздан солға қарай, яғни солтҥстікке 
қарай жҥреді деп кӛрсетеді. 
Адахкет пен Дех Нуджикес Тараздан солтҥстік-шығысқа қарай жатқан 30 
км жердегі Ассы аңғарында болуы мҥмкін. Бҧл жердегі ескерткіштерді 
аэрофото тҥсірілім жасап, кӛзбен мӛлшерлеген кезде Қаракемер-1 және 
Қаракемер-2 қалаларынан ҧзын дуал орны анықталған. Бҧл жазира Кевакибке 
келіңкірейді, ал қалалар осы аталған екі қала болуы ықтимал. 
Тараздан оңтҥстікке қарай Шелжі, Сұс, Көл және Текабет қалалары 
орналасты. 
Олардың арасынан Шелжі кеңінен танымал. Тараз бен Шелжі арасы 4 
фарсах жол болған. Зерттеушілер бір ауыздан Тараздан 30 км оңтҥстікте 
жатқан Садыр-Қорғанды Шелжі деп есептейді. 
Сҧс туралы, ол «ҥлкен қала, ал Кӛл одан кішкентай», «Текабет – ҥлкен 
қала, оның тҧрғындарының жартысы діннен жаңылысқандар (мҧсылмандар 
емес)» деп айтылады. Аталған қалаларды Орлов Ақтөбесі (Көл), Талас 
Ақтөбесі (Текабет) және Чалдовар (Сұс) қалаларымен сенімді тҥрде 
салғастыруға болады.
«Кенджақ-Сеңгір – Тараз маңындағы қала» деп алғаш рет Махмҧд 
Қашқари кӛрсетеді. ХІІІ ғасырда қала Кенджақ атауымен тіршілік етіп 
жатты. Дереккӛздерінде былай делінеді: Янги – тӛрт қала. Олардың 
әрқайсысының арасы бір фарсах, әрбір қаланың ӛз атауы бар. Бірі – Янги, 
келесісі – Янги-Балық, ҥшіншісі – Кенджақ, соңғысы – Тараз». ХҤ ғасыр 
бірінші жартысындағы Арабшахта Испиджабтан тӛрт кҥндік жерде Янги-
Талас қаласы бар дейді. 
1253 жылғы саяхатшы Гильом Рубруктың жазбаларында Кинчат қаласы 
туралы айтылып кетеді. Одан Кенджақ атауын байқауға болады. Гильом 
Рубрук қала мен бір кент туралы және бҧл жердің топографиясы, табиғаты 
жӛнінде сипаттап берген. 
Рубруктың жазбаларына қарағанда, Кинчат Таластың тӛменгі ағысында 
болған. Бҧл жерден ХІІІ-ХІV ғасырлардың мәдени қабаты бар екі қала 
белгілі: бірі Шарвашлык (Шаруашылық), екіншісі – Оххум. Кинчатқа 
Шарвашлык, ал Рубрук келесі кҥні жеткенелді-мекен Оххум болуы әбден 
мҥмкін. 
Тараздың солтҥстік-батысында Хутухчин мен Берукет қалалары 
орналасты. Берукет Х ғасырдан бастап белгілі. ХІІІ ғасырдағы армян 
патшасы Гетум Тараздан шыққан соң, Хутухчин, Пергант арқылы ӛтіп, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет