358
Мешіттің сыртқы қабырғасымен айналдыра есептегендегі аумағы –
36,5х20,5 м. Ол оңтҥстік-батыстан солтҥстік-шығысқа қарай созылып жатыр.
Солтҥстік-батыс бӛлігі жақсы сақталған, бҧл жерден кҥйдірілген
кірпіштен
тҧрғызылған 16 негізгі колонна болғаны анықталды; Қысқа қатарда бесеу, ал
ҧзын қатарда 10-нан. Колонналар арасы 3-3,2 м аралығында. Шеткі базалар
мен қабырғалар арасы 1,5 м.
Қҧйрық мешіті бағаналық, немесе колонналы қҧрылысқа жатады. Мҧндай
мешіттердің аумағы колонналар мен тӛбенің стандартты шаршылы санына
байланысты болды, олардың арасындағы кеңістік 3,5 метрден 4,6 метрге
дейін жетті.
Қала ӛмірінде базар мен сауда орындарының қҧрылыстары маңызды рӛл
атқарды. Қала ішіндегі рыноктарды араб авторлары «сҧқ» және «асуақ»,
парсылар «базар» деп атады. Базарлар шахристан, рабад аумғында да
орналаса берді. әл-Истахри мәліметіне қарағанда Испиджабта олар
шахристанда, ал ибн-Хаукал мағлҧматы бойынша бҧл қаладағы «рыноктар
мединада да, рабадта да болады».
Дереккӛздері дҥңгіршіктерді де жан-жақты сипаттап беріп отырады.
Оңтҥстікқазақстандық қалада олар пенджаптықтарға
қарағанда шағын
базарларды қҧрамайды, бір-бірінен алысырақ орналасады. Дҥңгіршік
еденінде жер ошақтар болды. Дҥңгіршіктерге қазылып қойылған хумдардан
тҧратын шағын қамбалар жасалынды.
Х-ХІІ ғасырларда Оңтҥстік Қазақстан қалаларында монша соғыла
бастады. Одан сәл бҧрын оларды Орта Азияда соға бастаған болатын. Ҥлкен
қалалардағы моншалар саны он-ондап есептелінеді. Қоғамдық қҧрылыстар
арасынан моншалар кӛрнекті орын алды. Отырар рабадынан ХІ-ХІІ
ғасырларға жататын екі монша аршылған. Сақталуы нашар болса да
солтҥстік рабад аумағындағы монша жоспары айқышқа (крестке)
негізделгені анықталды: орталық бӛлмесі тӛрт басқа бӛлмелермен
жалғасқан. Дем алатын орындары бар орталық залдан басқа жуынатын,
шешінетін, дем алатын, сондай-ақ қҧдайға қҧлшылық ететін бӛлмелер де
болды. Суды жылытатын және суға арналған цистерналар тҧратын бӛлме
моншаның шығыс жағында орналасқан. Ағын су қҧбырлар арқылы бӛлмеден
тысқары шҧңқырға қҧйылды. Монша ыстық ӛткізетін каналдар кӛмегімен
жылытылды.
Отырар шахристанындағы бекініс қабырғаның қиындысы оның ҤІ-ҤІІІ
ғасырларда тҧрғызылып, ІХ-Х ғасырларға дейін пайдаланылғандығын
кӛрсетіп берді. Пахса блоктарынан тҧрғызылған оның ені 10 м-ге, ал
сақталған биіктігі 4,5 м-ге дейін жетті.
Кейін қабырғасы тозып, кҥл-қоқыс
тасталатын жерге айналады. ХІ-ХІІ ғ. бас кезіндегі аршылған телімдерден
ол ҧшыраса қоймады, сірә бҧл Отырар бекініс қабырғасын моңғолдардың
қиратқанын айғақтаса керек.
Отырар рабадының дуалына тҥсірілген қима оның биіктігі 1м ҥйінді
платформасына тҧрғызылғандығын кӛрсетіп берді. Қабырға ені 6,2 м ҥш
қатар шикі кірпішке негізделді. Кірпіш қаламаларының жанына пахса
359
блоктары (әр жағына екі-екіден) орналасты да, аралары қҧрлыс
қалдықтарымен, топырақпен толықтырылды.
Х
ғасырдағы
Баба-Ата
шахристанының
екі
қатарлы
дуалы
кірпішпенӛрілгендігі анықталған. Бҧрынғы жалпақ дуал мен кірпіш қабырға
арасы қҧрылыс қоқыстарымен тығыздалып толтырылған. Дуалдың жиегіне
кірпіштен жақтау жасалынған. Баба-Ата мҧнаралары сегіз қырлы қҧйма
негіз ҥстіне шикі кірпіштен тҧрғызылған. Мҧнаралардың біреуі толық
аршылды. Оның биіктігі 5,1 м, жоғарғы диаметрі 3,4 м, тӛменгісі 4,6 м.
Мҧнараның ішінде бҧрыштары дӛңгелетілген ҥш бҧрыш тҥрінде бӛлме
орналасқан. Бӛлменің тӛбесі жалпақ етіп жабылған. Мҧнараның тӛбесінде
дуалдағыдай жасалған жақтаулар бар.
Жалпы алғанда, ІХ ғасырдың орта шенінен ХІІІ
ғасырдың басына дейінгі
кезеңде Қазақстан қалаларының қҧрылысында елеулі ӛзгерістер болған, олар
рабадтардың қалыптасуынан, махаллалар кӛлемінің ҧлғаюынан кӛрінеді.
Сонымен бірге кӛптеген қалаларда қамалдар (цитадель) салудың сипаты
ӛзгереді. Мешіттер мен қоғамдық моншалар қала қҧрылымындағы жаңа
элементтер болды. Қорғаныс бекіністері неғҧрлым мықты бола тҥседі.
Оңтҥстік-Батыс Жетісуда да қамал қҧрылыстарында ӛзгерістер байқалады.
Қызылӛзен қала-жҧртының қамалында, ҤІІІ-ІХ ғасырдың бірінші
жартысында мықты бекіністі сарай кешенінің тӛңірегінде қарапайым тҧрғын
ҥй салынған. Степнинскоенің Ақтӛбе қала-жҧртының қамалында қалалық
бай қоныс-жай (усадьба) мен монша болды. Тараздың қамалынан да Х-ХІ
ғасырлардағы моншаның орны аршылды.
Солтҥстік-Шығыс Жетісуда Талғар қаласының жҧртын қазу жҧмыстары
оның қҧрылысында жекелеген махаллаларды анықтауға мҥмкіндік берді.
Кӛлемі 4000 шаршы метр болатын ХІ-ХІІ ғасырдың басындағы махалла
толық аршылды. Ол ҥлкен кӛшенің учаскесін
біріктірген және қалған
қҧрылыстан
шеткі
ҥйлердің
бҥйірдегі
қасбетінің
саңылаусыз
қабырғаларымен оқшауланған ҥйлерден тҧрған. Ҥйлердің шағын кӛшелерге
шығатын есіктері бар, ал бҧл телімдегі ондай ҥйлердің саны 12-14.
Талғар махалласын Қҧйрықтӛбенің уақыты жағынан сәйкес келетін
махаллаларымен салыстырғанда алғашқысының кӛлемі ҥлкен екені
аңғарылады. Махалладағы ҥйлер саны бірдей болмағанымен, Талғардағы
махалла алып жатқан телім 4 еседей ҥлкен. Мҧны Іле қалаларының
ерекшеліктерімен тҥсіндіруге болады, олар жерге кӛшпелілер мен жартылай
кӛшпелілердің отырықшылануы нәтижесінде пайда болған және олар ӛз
қҧрылысында бҧрынғы ӛмірінің кӛптеген белгілерін сақтап қалған, атап
айтқанда, ҥйлердің қасында мал ҧстайтын ҥлкен аулалар болған. Сірә, Талғар
махаллалары да, жоғарыда Оңтҥстік Қазақстан қаласына байланысты
жазылғанындай, туысқандар ҥйлері
тобының шоғырлануы сияқты
қалыптасқан болса керек. Олар туыс және ортақ бір атадан шыққан
әулеттердің ҥйлері болған.
Солтҥстік-Шығыс Жетісу қалалаларының бекіністерін зерттеу Талғар
дуалының таспалау әдісімен саз балшықтан тҧрғызылғанын кӛрсетті. Дуал
табанының ені 7 м, сақталған биіктігі 4 метрге дейін жетеді.
360
Сҥмбе қаласы жҧртының дуалдарына да осындай қҧрылым тән. Дуалдың
табанына қойтастар қаланған. Олардың арасы балшықпен толтырылған, ал
дуалдың жоғарғы жағы қалыңдығы 20 сантиметрге дейін жететін балшық
қабатымен биіктетілген. Балшық дуалдың екі жағынан да алынған, бірақ
кӛбіне ол
сырт жағынан алынып отырған, мҧның ӛзі дуал салумен бір
мезгілде ор қазуға мҥмкіндік берген.
Достарыңызбен бөлісу: