Стан археологиясы


Қала махалласы және тҧрғын ҥй



Pdf көрінісі
бет131/157
Дата02.03.2023
өлшемі2.57 Mb.
#470258
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   157
Қазақстан археологиясы

Қала махалласы және тҧрғын ҥй. Қалалардың шахристандары 
махаллаларға топтастырылып, ҥйлер тығыз салынған. Қалалардың 
махаллаларға бӛлінуі феодалдық қоғам ҥшін заңды кӛрініс болатын. Ол 
туыстық дәнекерлікпен, ортақ кәсіппен, діни кӛзқарастармен топтасқан 
адамдардың сол қоғамға тән топ болып тҧйықталуымен байланысты болған 
еді.


351 
Оңтҥстік Қазақстан қалаларының жҧртына кеңінен жҥргізілген қазба
жҧмыстары жеке махаллаларды, олардың шекараларын бӛліп кӛрсетуге және
мынадай анықтама ҧсынуға мҥмкіндік берді: «махалла дегеніміз қала 
қҧрылысының ішіндегі кӛшелер немесе ҥлкен кӛшенің бір бӛлігін 
біріктіретін бірнеше ҥйлерден тҧратын шағын алабы. Махалланың сыртқы 
беті жабық болады, кӛрші махаллалармен шекарасы барлық ҥйлердің 
сыртқы қабырғалары мен шеткі ҥйлердің бҥйірдегі қабырғаларын бойлай 
ӛтеді» /32/ 
VІ-VІІ ғасырдың бірінші жартысындағы махаллалар Отырар алқабындағы 
Кӛк-Мардан қаласының жҧртын қазған кезде аршылды. Ҥйлердің ҥш тобын 
махаллалар деп санауға болады. Олардың әрқайсысы ҥлкен «солтҥстік» 
кӛшеден тарап, бекініс дуалына барып тірелетін тҧйық кӛшемен біріккен. 
Тҧйық кӛшелердің ҧзындығы - 15, 12, 10 м, махаллалардың кӛлемі – 370, 350 
және 300 шаршы метр. «А» махалласында бес ҥй бар, біреуі діни ҥй, «Б» 
және «В» махаллаларының әрқайсысы 4 ҥйден тҧрады. 
Әзірге жекелеген махаллалар тҧрғындарының қоғамдық жағдайы
жӛнінде пайымдау жасауға қолдағы мәліметтер жеткіліксіз, тек қазба
жҥргізілген махаллаларға әлеуметтік теңдік тән екендігін айта кетуге 
болады. 
Ғибадатханалар, храмдар. Оңтҥстік Қазақстан мен Оңтҥстік-Батыс
Жетісуда тҥрлі діни қауымдардың ғибадатханалары мен храмдары болған
Кӛкмарданнан жоспары шаршы тәріздес, ауданы 4,4 м бір бӛлмелі 
ғибадатхана аршылған. Кірер есікке қарама-қарсы орталық қабырғада
еденнен 0,5 м биіктікте қой мҥйізі тҥрінде ойылған тікбҧрышты қуыс 
орналасқан. Оның астында кҥлдің қалың қабаты бар тҧғыр орнатылған. 
Ғибадатханаға тікелей ҧқсас қҧрылыстар жоқ, бірақ кушан уақытымен 
мерзімделінген Хорезмдегі Гуяр қаласындағы қҧрылыс залымен кейбір 
ҧқсастықтар бар. 
Оңтҥстік-Батыс Жетісу қалаларындағы буддизмнің рӛлі айқынырақ
байқалады. Кезінде Ақбешім қаласынан екі, Қызылӛзен қаласынан да екі 
будда діни ғимараттары аршылған болатын. Алғашқысы целла 
(ғибадатхана), оңтҥстік-шығысқа ашылған айналма дәліз бен залдан тҧрады. 
Қабырғасынан жазу іздері анықталған. Ақбешім қаласындағы екінші будда
діни топографиясы жағынан біріншісіне жақын. Қазба жҧмыстары оған ерте 
кездегі қҧрылыс орны платформа ретінде пайдаланылғанын кӛрсетіп берді. 
Діни ғимарат VІІ-VІІІ ғасырларда бірнеше рет қайта салынып пайдаланылды. 
Оның целласы аумағы 6х6 м шаршы жоспарлы қҧрылыс. Ҧзын шикі 
кірпіштен кӛтерілген ғибадатхана қабырғасының қалыңдығы 2,6 м. Тӛбесі 
кҥмбезделіп жабылған. Целлаға шығыстан кірген. Кіретін есік алдына 
кіреберіс далда соғылған. Целланы оңтҥстіктен, батыс пен солтҥстіктен
галереялар қоршап тҧрды. Кейіннен пилон-контрфорс, кірер есігіне текпішек
салынған. Қабырғасын екі рет сылаған, ганчпен сылап, жазу жазған.
Жазулар кӛк, қара, қызыл, жасыл тҥстермен тҥсірілген. Тамбур мен 
ғибадатханаға кірер тҧстан табылған мҥсін фрагменттері ол қайта салынған 
уақытқа жатады. Олар қол, жамбас, аяқ, бет-пішін мен бас фрагменттерінен, 


352 
киімге жабыстырылған кӛптеген әшекейлерден, бас киім бӛлшектерінен 
тҧрады.
Діни ғимаратты қазу басталғанда-ақ галереяның батыс айналма жолынан 
басы солтҥстікке бағытталған нирванадағы Будданың ҥлкен мҥсіні табылды. 
Мҥсін ішінара сақталған, басы мен денесінің жоғарғы бӛліктері ілкі 
замандарда қиратылған. Мҥсіннің сақталған ҧзындығы 8 м. Мҥсін мен ол 
жатқан постамент қызыл тҥске боялған. Тҥргеш мәнеттері олжаларына сай 
діни ғимарат VІІІ-ІХ ғасырлармен мерзімделінеді. 
Ақбешім қаласынан V-VІ ғасырларға жататын христиан шіркеуі
табылған. Бҧл қҧрылыстың ҥлкен бӛлігін аула қҧрайды, ал шіркеу оның
шығыс жағында орналасты, ол аумағы 5,3х4,2 м қҧрылыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет