Стан археологиясы


ІХ ғ. - ХІІІ ғ. бас кезіндегі қалалар



Pdf көрінісі
бет134/157
Дата02.03.2023
өлшемі2.57 Mb.
#470258
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   157
Қазақстан археологиясы

ІХ ғ. - ХІІІ ғ. бас кезіндегі қалалар 
 
Қалалар санының ӛсуі, типологиясы мен топографиясы. Жазба 
дерек кӛздері Оңтҥстік Қазақстан қалалары туралы нақты мәлімет береді. 
Егер осының алдындағы кезеңнің жазбаша деректерінде 6 қала ғана аталса, 
осы уақытта олардың саны 33. Деректерде тау етегіндегі белдеулерде
жаңадан Жумишлагу және Манкент қалалары аталады, сол кезде Арыстың
орта ағысыда орталығы Усбаникет болған Кенже округі қҧрылады. Фараб 
округінде Отырардан басқа, жаңа астана Кердер, Весидж және Бҧзық 
қалалары қалыптасады. Шауғарда Яссы және Шағылжан, Қарнақ, Қарашық 
және Шур (Сури) қалалары пайда болады. Дерек кӛздерінде алғаш рет ірі 
Сауран қаласы, сонымен қатар Сырдарияның тӛменгі ағысындағы Сығанақ, 
Янгикент, Жент, Асанас, Баршынкент аталады. Қаратаудың солтҥстік 
беткейлерінде Баладж бен Берукет, Сырдарияның орта ағысында Сҥткент
қалалары орналасты. 
Сырдарияның тӛменгі ағысы мен Қаратаудың теріскей беткейлерінде
қалалардың қалыптасу ҥрдісі мейлінше шапшаңдай тҥседі. Осы уақыттарда 
рабадтар қалыптасады. Рабадтар қӛлемі қалалардың аумағы ҧлғая тҥскендігін 
кӛрсетеді. Мәселен, Отырардағы рабадтың кӛлемі 170 гектарға дейін жетті, 
ал бҧрын ол 5-7 гектардан аспаған еді. Әрине, бҧл цифрларды кең кӛлемде 
қазу жҧмыстары жҥргізілгенге дейін тҥпкілікті деп санауға болмайды, бірақ
рабадтардың аталған шекараларының нақ ІХ-ХІІ ғасырларда қалыптасқаны 
даусыз. Бҧл Ақтӛбе-2, Баба-ата, Қҧйрық, Марданкҥйік, Испиджаб, оң 
жағалаулық Бҧзық, т.б. қалалардан анық білінеді. 
Қалалар алаңын салыстыру ескерткіштерді ҥш топқа бӛлуге мҥмкіндік 
береді. Біріншісіне жалпы аумағы 30 га-дан асатын қалалар кіреді. Бҧл 
топтағылар облыс, жекелеген иеліктер орталықтары немесе жай ғана ірі 
қалалар болды. Екінші топтағы қалалардың аумағы 15 га-дан 30 га-ға дейін 
жетеді. Оларды орташа кӛлемдегі қалалар деп санауға болады. Ҥшінші топ 
қалалары ӛте кӛп – бҧлар қала жҧрттарының қалдықтары . 
Жетісудың оңтҥстік-батысында жаңа қалалар саны да артты. Жазба дерек 
кӛздері бҧрынғы 21 қала орнына 26 қаланы атап кӛрсетеді. Айта кететін 
жайт, бҧлар жаңадан қалыптасқан Талас аңғарындағы Жікіл, Балу, Шӛлжі, 
Такабкет, Кӛл, Кенжек қалалары есебінен артты. Шу алабындағы Баласағҧн
астанаға айналды.
Қалалардың орталық қираған жҧртының кӛлемі бҧрынғы кҥйінде қалған, 
оның есесіне ҧзын дуалдар ішіндегі қҧрылыстар неғҧрлым тығыз бола 
тҥседі, онда тҧрғын ҥйлері бір-біріне қаратылып тҧрғызылған және 
аулалары бар жҥйелі тҥрде жоспарланған усадьбалы учаскелер қалыптасады. 


356 
Бҧлайша жоспарлау қазіргі қҧрылыс аз жҥргізілген Ақтӛбе, Степнинское, 
Тӛлек және Сретинское қала жҧрттарында сақталған. 
Ертедегі орта ғасырларға арнап жасалған қала жҧрттарының
типологиясы бойынша Табакет пен Сус (Талас Ақтӛбесі және Шалдобар 
қалаларының жҧрттары), сондай-ақ Кенжек, Сеңгір (Шаруашылық) және 
Шелже орташа қалаларға жатады. Сірә, Шелже ең алдымен әкімшілік 
орталық болған секілді, ӛйткені мҧнда оның қолӛнер, сауда сынды 
функциялары дами қоймаған.
Солтҥстік-Шығыс 
Жетісуда ІХ-ХІІІ ғасырлардың басында қала 
мәдениетінің жаңа ауданы қалыптасты. Егер ІХ-Х ғасырларда Солтҥстік-
Шығыс Жетісудың бҥкіл аумағында 10 қала ғана болса, ХІ-ХІІІ ғасырлардың 
басында олардың саны 70-ке дейін кӛбейген. Х ғасырдағы деректер Іле 
аңғарының сол жағалауында орналасқан екі қала – Талхиз (Талғар) және 
Лабан қалалары 
туралы 
хабарлайды. Ортағасырлық авторлардың 
мәліметтеріне қарағанда ХІ-ХІІІ ғасырлар кезінде мҧнда 4 қала мен 6 ірі
қалашықтар болған. 
Солтҥстік-Шығыс Жетісудағы барлық қала жҧрттары «тӛрткҥл» немесе 
«цитадельсіз» аталатын ҥлгіге жатады. Олар тік бҧрыш, трапеция тҥрінде 
жаспарланған немесе дӛңелек болып келеді, жалпы жер бетінен сәл 
дӛңестеніп тҧрады және барлық жағынан бҧрыштары мен бойында 
мҧнаралары бар дуалдармен қоршалған. Әдетте дуалдардың ортасына 
орналасқан бір, екі, ҥш және тӛрт қақпасы болады. Тӛрткҥлдердің аумағы әр 
қилы болды, қабырғасының ҧзындығы 260 метрден 1 км-ге дейін жетті. 
Солтҥстік-Шығыс Жетісу тӛрткҥлдерінің аумағын салыстыру бҧл 
қалаларды тӛрт топқа жіктеуге мҥмкіндік береді. 
Біріншісіне аумағы 30 га-дан асатын қалалар енген. Бҧлар кӛп қабатты 
ескерткіштер, мәдени қабаттарының қалыңдығы 2-3 м-ге жетеді, тіпті одан 
да асады. Қазба кезінде тҥрлі керамика, шыны, мәнет, қолӛнер 
шеберханалары мен ӛндірістік кҥл-қоқыстардың табылуы мҧнда қолӛнер 
мен сауданың дамығандығын айғақтайды. Бҧлар – Антоновское, Дҥнгене, 
Шілік секілді ірі қалалар мен астаналық орталықтар еді. 
Екінші топқа ауданы 10-нан 30 га-ға дейін жететін Талғар, Сҥмбе мен 
Ақмола қалалары кіреді. Талғар – Талхизбен, Сҥмбе – Лабанмен
салғастырылады. Ҧзақ жылдарға созылған қазба барысында қолӛнердің 
дамығаны анықталған, сондай-ақ кӛптеген шетелдік заттар аршып алынған. 
Ҥшінші топтағы қалалардан қақпалық бекіністер, кӛптеген мҧнаралар 
орны мен жҧқа мәдени қабат анықталған. Бҧл топтағыларды баспана немесе 
қалалық-ставка ретінде белгілеуге болады. Оған Алматы, Лавар, Қапал, 
Ақтам, Арасан, т.б. жатқызылады. 
Тӛртінші топтағы қалалар аумағы 10 га-дан аз. Оларға тҧрғын ҥй 
дуалдарының ішкі жағында орналасуы, ішкі ауланың болуы тән. Іле
қалалары жҧртының бҧл тобы бҧрынғы кӛшпелілер мен жартылай 
кӛшпелілердің ауылдық қоныстары деп санауға болады. Олардың 
кейбіреулері керуен-сарайлар болуы да мҥмкін. 


357 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет