368
Бірақ
Масудбектің
реформасынан
кейін
ақшамен
саудаласу
ӛркендегендігі, Отырар, Кенжеде, Сайрам, Сығанақ қалаларының гҥлдене
бастағанын айғақтайтын фактілер де бар. Археологиялық мәліметтер
бойынша Отырар ХІІІ ғасыр соңында моңғолдарға
дейінгі кезеңдегі
бҧрынғы аумағының шегіне жеткен. Бҧрынғы шекарасына Сығанақ та
жетеді, жаңа Сауран аумағы 44 га жерді қҧрайды. Сӛйтіп, қалалық тҧрмыс-
салттың жалпы қҧлдырауына қарамастан, ірі қалалар қайтадан қалпына келіп
қана қоймай, ірі саяси (Сығанақ, Сауран) және сауда-экономикалық (Отырар,
Кеңжиде) орталықтарға айналды.
Оңтҥстік-Батыс Жетісуда қалалық мәдениет ҥшін ауыр жағдай
қалыптасқандығын жазба дерек кӛздері мен археологиялық материалдар
айғақтап отыр. ХІІІ ғасырда мҧнда шапқыншылық қарсаңындағы белгілі 27
қаланың 10-ы ғана, ХІV ғасырда 7-уі, ал ХV ғ. бас кезінде 5-уі қалды.
Қалашықтар саны 40-тан 14-ке, кейін 10-нан 4-ке дейін азайды.
Қалалық ӛмірдің жалпылама аясында Тараз бен Жаңа-Талас (Янги-Талас)
қалаларынан аздап ӛркендеу байқалды. Тараздағы мәнет сарайы Жаңа (Янги)
мәнетін қарқынды тҥрде шығара бастайды.
ХІІІ ғасыр бірінші жартысы Солтҥстік-Шығыс Жетісу қалалары ҥшін
біршама жайлы болды. ХІІІ ғасыр ортасындағы дереккӛздерінде тӛрт қала
мен бір қоныс аталады. Бҧл уақыттарда дерек кӛздерінде Тальхиз (Талхир)
мен Лабан аталмайды. Рубрук мәліметі
бойынша Лепсі қаласымен
салғастырылатын «Несториандық қоныс» пен Кӛктума қаласымен
сәйкестендірілетін «Облыс орталығы» белгілі болған. Гайтон 1 жолында
Ҥшарал қалашығымен салғастырылатын Иланбалық қаласы аталған.
Сегіз қаладан ХІІІ ғасырға жататын мәдени қабат анықталғанымен,
олардың тек ҥшеуінде ғана ХІV ғасыр бас кезіне
дейін тіршілік жалғасын
тапқан-ды.
Сонымен, ең алдымен археологиялық материалдарға сҥйеніп, ХІV ғ. бас
кезінде Солтҥстік-Шығыс Жетісудағы қалалық мәдениет кҥйреген деуге
болады.
Достарыңызбен бөлісу: