361
мен қора-қопсыларға сол арқылы кірген. Бҧлайша жоспарлау бай ҥйлерге де,
қатардағы ҥйлерге де тән. Айырмашылық қҧрылыстың кӛлемі мен ішкі
кӛріністің сипатына ғана келіп саятын.
Орталықтағы қираған ҥйінділерден тыс жерлердегі сипатталған ҥйлердің
бір бӛлігі, сірә, ауқатты қала тҧрғындарының жазғы мекендері болса керек.
Бҧл «касрлар» - бекіністі мекен-жайлар. «Каср» терминін – павильон, шағын
сарай деп тҥсінген дҧрыс.
Ҧзын дуалдармен қоршалған аумақтағы
қала сыртына орналасқан бай
қҧрылыстармен қатар олардың тағы бір тҥрі болды. Бҧлар – ауылдық
округтердің негізгі компоненті болған екі және ҥш бӛлмелі ҥйлерден
тҧрады. Олар жалғыз, бестен жиырмаға дейін топталып орналасқан, кейде
ішінде қҧрылыс салмаған телімі бар ӛзінше бір тӛрткҥлді қҧрайды.
Тегінде, мҧндай ҥйлердің кӛпшілігі
ауыл адамдарынікі болса керек,
бірінші кезекте, кейбіреулері ҧзын дуалдардың ішкі кеңістігінің шет
жақтарына орналасты. Басқалары қатардағы қала тҧрғындарының жазғы
тҧрғын жайлары болуы мҥмкін.
Солтҥстік-Шығыс Жетісудағы баспаналар туралы Талғар қаласындағы
тоғыз ҥй қалдығы бойынша айтуға болады. Олар бір камералы тҧрғын ҥй
мен қоймадан тҧратын қҧрылысқа негізделген. Тҧрғын ҥй мен мал ҧстауға
арналған кең ауланың ҧштастырылуы кӛңіл аудартады. Бҧл –
шаруашылығында малшылық тҧрмыс сақталған халыққа тән ҥрдіс. Талғар
қаласының шаруашылығында малшылық және кӛпшілік дәстҥрлер болғанын
дәлелдейтін қызықты жағдай кейбір қоныс-жай аулаларына тҧрақты тігіліп
қоятын киіз ҥйлер болып табылады.
Ҥйдің жанында киіз ҥйдің болуы кӛшпелі тҧрмыс дәстҥрінің
сақталуын
аңғартады, осы тҧрғыдан алғанда да Іле қалаларының мекен-жайлары бір
жағынан, жергілікті халық арасындағы отырықшылану ҥрдістерін, екінші
жағынан – қала тҧрғындары шаруашылығында мал ӛсірудің әлі де елеулі
рӛл атқарғанын дәлелдейді. Бҧған ауладағы киіз ҥй ғана емес, сонымен қатар
малдың тҥрлі тҥліктеріне арнап салынған қҧрылыстары бар, бҥкіл мекен-
жайдың жартысын алып жатқан ауланың ӛзі де айғақ болады. Сонымен бірге
тастан, кҥйдірілген
балшық кесектерінен, шикі кірпіштен салынған кӛп
бӛлмелі тҧрақты тҧрғын ҥйлер қалаларды мекендеушілер тҧрмысының
орнықты болғанын, ал олардың ӛмірі бірінші кезекте қолӛнермен, саудамен
және егіншілікпен байланысты екенін дәлелдейді.
Махаллалар қҧрылысы мен тҧрғын ҥйлер қарастырылып отырған
кезеңдегі демографиялық жағдайды сипаттауға мҥмкіндік береді. Біздің
есептеуімізше, ӛңірдегі ірі қала орталығы - Испиджабта 40
мыңдай адам
ӛмір сҥрген. Кенжеде округінің орталығы Усбаникентте 7 мыңдай адам
тіршілік етті. Астаналық орталықтар мен неғҧрлым ірі қалаларда 4 мыңна
10 мыңға шейінгі адамдар ӛмір сҥрді, ал Отырарда 16 мыңдай адам болды.
Орташа қалаларда 1,5 мыңнан 3 мыңға дейін адам болса, ҧсақ қалаларда 1,5
мыңдай тҧрғындар болды. Оңтҥстік Қазақстанда барлығы 150-160 мыңдай
адам ӛмір сҥрді.
362
Біздің мәлімет бойынша Шу мен Талас алабындағы қала тҧрғындарының
жалпы саны 100 мыңдай адамға жетті. Іле алабындағы қалаларда ХІ ғ. мен
ХІІІ ғ. бас кезінде 350 мың адам тіршілік етті.
Қала тҧрғындарының саны бойынша Оңтҥстік Қазақстан мен Жетісудың
жекелеген аудандары Орта Азияның Ташкент,
Мерв оазистері секілді
аудандарынан әлдеқайда аз еді.
Достарыңызбен бөлісу: