384
Темір арық жҥйесінен алып отырған, оның басы қазіргі Шәуілдірден 10 км
жоғарыдағы Арыстан басталған.
Ортағасырлық дерек кӛздерінде тҥрлі
суармалы арықтар аталып
отырады.
Осы деректердің бәрі қалалар мен ауылдар ӛміріндегі егіншіліктің зор
рӛл атқарғанын дәлелдейді. Қала ӛмірін зерттеушілер Шығыс деректерінің
мәліметтеріне сҥйене келіп, қалалардың
жартылай аграрлы сипатта
болғанын тура кӛрсетеді, олар қала халқына жер салығы – хараж
салынғанын және егіншілік кәсіппен байланысты алымдар: суландыру
жҥйесін салу мен тәртіпті ҧстау жӛніндегі жҧмыстарға арналған салық –
«мардикар» және әскер ҥшін астық пен салт мінетін және жҥк
артатын
кӛлікке арналған жем тҥрінде берілетін азық-тҥлік –«тағар» тӛлегенін ерекше
атап ӛтеді.
Сонымен, соңғы орта ғасырлардағы Қазақстан қалаларының аграрлануы
арта тҥскенін жазбаша деректер мәліметтері де, археологиялық материалдар
да дәлелдеп отыр, кӛшпелілерге астық пен мақта-мата сатуда делдалдық рӛл
атқару ғана емес, сонымен қатар осы ӛнімдерді – мақтаны да, астықты да,
басқа егіншілік ӛнімдерді де ӛндіру олардың міндеттерінің біріне айналады.
Егер қалалық қана емес отырықшы-егіншілік аймақ ӛнімінің кҥрт қысқаруын,
кӛшпелілер рыногы ауқымының қысқармағандығын ескерсек, бҧл
жағдай
тҥсінікті де.
Достарыңызбен бөлісу: