75
Сайып келгенде, Майбҧлақ тҧрағының тас қҧралдарын талдау жҧрт-
орыннан табылған индустрияның бірінші және екінші ӛңдеуден ӛткендігін
айғақтайды.
Тҧрақта қҧралдарды ӛңдейтін арнайы орындар болған. Мҧны малтатас,
ҧра-тас, тҥрлі кӛлемдегі плиткалар мен
тас артефактілердің кейбір
шаршыларда in situ бойынша орналасуы да айғақтап отыр. Мәдени
қабаттардың қалыңдығы тҧрақты адам баласы ҧзақ уақыт қоныстанғандығын
дәлелдейді. Жоғарыда айтылған фактілердің барлығы аталмыш қоныстың
ҧзақ уақыт тҧрақ-шеберхана болғандығын кӛрсетеді.
Алынған тас бҧйымдарының топтамасы қазбадан және тҧрақ тӛңірегінен
жиыстырылғандарымен қосып есептегенде 2 мыңнан асады. Майбҧлақ
тҧрағы одан ары зерттеуді қажет етеді. Ол Оңтҥстік-Шығыс Қазақстаннан
табылған мәдени қабаттарының стратиграфиясы сақталған алғашқы табылған
тҧрақ болып табылады.
Кейбір ӛңірлерде палеолит дәуіріне жататын ескерткіштердің зерттелуі
қанағаттанарлықсыз. Мҧндай ӛңірлердің бірі солтҥстік аймақтар.
Дегенмен
бҧл ӛңірлерден табылған кейбір ескерткіштер назар аударуға тҧрарлық.
Мысал ретінде бҧл жерде 1982 жылы ашылған Зеренді ауданындағы
Жамантҧз ауылынан оңтҥстік-батысқа қарай орналасқан Ақтас тҧрағын
айтуға болады. Аталған тҧрақтан жекелеген тас қҧралдары мен анықтала
қоймаған жартас суреттерінен басқа тҥз тағыларының сҥйектері кӛптеп
табылған. Сҥйектен жасалған кейбір еңбек қҧралдары едәуір қызығушылық
туғызады. Палеозоолог мамандардың есептеуінше Ақтас тҧрағынан табылған
сҥйектер кем дегенде мамонттық фаунаға енетін 18 тҥз тағысына тиесілі.
Қазба кезіндегі сҥйек қалдықтарының орналасуына қарап,
зерттеушілер
Ақтас тҧрағын бес мәдени қабаттан тҧрады деп топшылаған.
Қазақстанның кейінгі палеолиттік замандағы ескерткіштері жете
зерттелмеген, ал Батыс және Солтҥстік Қазақстан сияқты кейбір аймақтарда
олар белгісіз дерлік. Бірақ қолда бар мәліметтер адамның және оның
мәдениетінің прогресі жалғаса берді деген тҥйіндеме жасау ҥшін әбден
жеткілікті. Қазақстан аумағында адамзат қоғамы дамуының ҥздіксіз
болғанын неолит заманының табылған кӛптеген заттары дәлелдеп береді, ал
тӛменде біршама толымды тҥрде сипатталынатын бҧл заманды біз тас
ғасырының кемелденген дәуірі деп атай аламыз.
Қорыта
айтқанда, қазіргі Қазақстан Республикасының аумағынан
палеолит дәуіріне жататын 450-дей ескерткіштер (ҥңгірлік тҧрақтардан
жекелеген тас қҧралдары табылған орындарды қоса есептегенде) табылып
отыр. Олар Қазақстанның оңтҥстік, батыс және орталық ӛңірлерінде кӛбірек
шоғырланған. Ежелгі адамдардың бҧл аймақтарды «біршама» тығыз
қоныстануына табиғи жағдайлар, қоршаған
орта мен жергілікті шикізат
кӛздері де ӛз әсерін тигізсе керек.
Достарыңызбен бөлісу: