Стан археологиясы



Pdf көрінісі
бет23/157
Дата02.03.2023
өлшемі2.57 Mb.
#470258
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   157
Қазақстан археологиясы

Ойықты 
мәдениеті
Соңғы 
жылдары 
Қазақстанның 
батыс 
ӛңірлеріндегі ойықты және тӛлес мәдениеттері жайлы кеңінен сӛз қозғап 
жҥрген археолог Е.А.Астафьевтің ойынша, екі мәдениеттің ҧқсастықтары 
кӛп. Бҧларды шақпақ тас индустриясын жарықшақтайтын тас тілікті техника 
біріктіреді, қҧралдардың басым бӛлігі тас тіліктеріне негізделінеді, тас тілік 
дайындамалары орташа және ірі болып келеді, кӛбіне жҥзін дӛңестендіре 
тҥзету қолданылады, екінші қайтара ӛңделген қҧралдар кӛбірек ҧшырасады.
Сайып келгенде, Каспий ӛңірі ертеден-ақ мәдени ҥрдістердің ошағына 
айналған. Бҧл ретте әсіресе тҧрғындары Каспий жағалауын мекендеген 
Маңғыстау ауданы мамандардың едәуір қызығушылығын танытады. Бір айта 
кететін жайт, мҧндағы балықшылық ҥнемі кӛшіп-қонуды аса қажет еткен 
жоқ. Тҧрақтар ҥшін жағалаудағы қолайлы жерлер таңдап алынды. Аңшылық 
қосалқы сипат иемденді. Бір жерде тҧрақтап тҧру балықшыларға ҧзақ уақыт 
пайдалануға арналған баспаналар тҧрғызуға алып келді. Жағалаудағы 
халықтың бір орында жиі отыруы ондағы мәдени дәстҥрлердің сақталып 
қалуына жағдай туғызды.
Бҧл фактілерді Ақтау қаласы маңынан 1984 жылы табылған Қосқҧдық-1 
тҧрағының материалдары нақты айғақтай тҥседі. Тҧрақ теңіздің қазіргі 
жағалауынан 1 км қашықтықтықта жатқан жоғарғы теңіз террасасында 
орналасқан. Тҧрақтың сақталған 35 см мәдени қабатынан іргесі тастан 
қаланған каркасты-бағаналы типтегі ҥлкен қҧрылыс орны анықталған. 
Қҧрылыс српақша келген. Оның ауданы 16х14 м. Қабырғалары жергілікті 
тас-әктастардан қаланған. Мәдени қабатынан шақпақ тастан және тастардан 
жасалған бҧйымдар, жапсырылған қыш ыдыстар сынықтары, теңіз 
ҧлутастары мен олардан жасалған әшекейлер сынықтары аршып алынған. 
Қосқҧдық-1 тҧрағының тас индустриясы кӛп ретте ойықты мәдениетінің 
дәстҥрін сақтап қалған. Оның соңғы кезеңімен тҧспа-тҧс келеді. Онда 
асимметриялы трапециялар мен ҥшбҧрыштар, орталы және тҥзетілген 
кескіштер, шетті қырғыштардың ҥлкен сериясы, шеті шабылған қырғыштар, 
«шағын кескіштер», аздап тҥзетуден кейін шеті сынған тас жаңқалары мен 
тас тіліктері кездеседі. Бҧйымдардың жаңа тҥрлері де пайда бола бастайды. 
Олар қашау тәрізді қҧралдар, ҧсақ сегменттер мен кӛптеген шағын 
бҧрғылардан тҧрады. 
Қабыршақ-ҧлутастардан 
жасалған 
моншақтар 
мен 
олардың 
дайындамасы қосқҧдықтардың бҧрғылау ісін жетік меңгергендігін 
айғақтайды. Олар жіп тоқуды да меңгерген. Мҧны табылған ҧршықбас 
тастардың сынықтары нақты аңғартады. Шаруашылығын сонымен қатар 


91 
жебе ҧштары, әктастан жасалған атқыш-тастар мен ауды суға батырып 
тҧратын тас-батырғы да нақты айғақтайды.
Қосқҧдық тҧрағынан алынған қыш ыдыстарының бір бӛлігі ойықты 
дәстҥріндегі 
ою-ӛрнек 
техникасы 
мен 
тӛменгі-еділ 
неолитінің 
композициясын сақтап қалған. Сондай-ақ жаңа типтегі ыдыс сынықтары да 
ерекше кӛз тартады. Ыдыстардың ернеулері ірілеу келеді, олардың кӛбінде 
тарақты ою-ӛрнегі бар және қыш ыдыс жасалынған саз балшық қҧрамында 
қабыршақ-ҧлутас бӛлшектері кездеседі. Мҧндай қыш ыдыстары әдетте Еділ 
бойы 
мен 
Солтҥстік 
Каспий 
маңындағы 
хвалын 
мәдениетінің 
материалдарынан ғана кездеседі. Бҧл мәдениеттің ескерткіштері де 
Маңғыстаудан табылған. Олар шебір типіне жатқызылған. Бҧлармен 
маңғыстаулық тайпалардың тарихындағы жаңа кезең, яғни энеолитке ӛту ӛте 
тығыз байланысты. Хвалын қыш ыдыстарының негізінде Қосқҧдық-1 тҧрағы 
б.з.б. Ҥ мыңжылдық соңы мен б.з.б. ІҤ мыңжылдық алғашқы жартысына 
жатқызылған. 
Ежелгі қосқҧдықтықтардың наным-сенімдері мен жерлеу ғҧрпын 
бірнеше олжалардан кӛруге болады. Баспана маңынан егде жастағы ер 
адамның жерлеу орны аршылған. Сол қырымен жатқызылған ол дӛңгелектеу 
келген шҧңқырға жерленген. Қасына жерлеу саймандары қойылмаған. 
Моланың ҥйіндісінен шақпақ тастан жасалған бҧйымдар алынған. Тҧрақ 
жанынан су жиналатын шҧқырлар, ҧзындығы 5 м жыланның бедері, т.б. 
заттар қосқҧдықтықтардың су стихиясына табынғандығын білдіреді.
2006 жылдан бері аталған аталған ескерткіш тӛңірегіндегі Қосқҧдық-2 
қонысы да зерттеліп келеді. Қазба барысында 232 шаршы м алаңқай 
аршылып, одан баспана, шаруашылық орындары анықталған. Мамандардың 
алдын-ала есептеуінше қоныстың ауданы 1500 шаршы м-ді қҧрайды. 
Аршылған мәдени қабаттан және қоныс аумағынан 5 мыңнан астам шақпақ 
тас бҧйымдары (тас жаңқа, призма пішінді ӛзектас, қабырғалы тас тіліктері, 
кескіштер, қырғыштар, т.б.) жинастырылған. Табылған жебе ҧштары (4 дана) 
келтеминарлық сипатта. Қыш ыдыстарының 940 сынығы жинастырылған. 
Олардың 134-нде ою-ӛрнегі бар. Мамандар қыш ыдыстарын 9 типке бӛлген. 
Баспана ішінен және жанынан тҥрлі бҧйымдармен қатар әктастан жасалған 
антропоморфты мҥсін немесе ауды батырып тҧратын тас-батырғыш 
(115х80х170 мм), «ҥтікше» (139х78х34 мм), «таяқша» (ҧзындығы 61 мм), 
тастан жасалған заттар, ҧлутас-қабыршақтар, т.б. аршып алынған. Табылған 
заттар мен мәдени қабатқа қарағанда Қосқҧдық-2 қонысын адамдар ҧзақ 
уақыт мекендеген. Оны жер бетіне салынған ҥлкен баспана орны да 
нақтылайды. Шақпақ тастан жасалған бҧйымдар жиынтығы Қосқҧдық-1 
ескерткішімен ҥндеседі. Олар ойықты мәдениетінің кейінгі кезеңіне жатады. 
Қосқҧдық-2 қонысының қыш ыдыстарында хвалын мәдениетінің дәстҥрі 
басым, ал қыстырмалар мен тас тіліктерінен дайындалған жебе ҧштары 
келтеминар мәдениетіне ӛте жақын. Қосқҧдық-2 қонысында бірнеше 
мәдениеттердің бӛлшектері тоғысып, мҧнда ӛзіндік бірегей мәдени тип 
қалыптасқан. Алынған материалдарына қарағанда Қосқҧдық-2 қонысы б.з.б. 
ІҤ мыңжылдық соңына жатады. 


92 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет