Стан археологиясы



Pdf көрінісі
бет41/157
Дата02.03.2023
өлшемі2.57 Mb.
#470258
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   157
Қазақстан археологиясы

Алматы қаласы аумағында ескерткіштер. Іле Алатауының тау алды 
аймағында орналасқан Алматы қаласын бірқатар тау ӛзендері кесіп ӛтеді. 
Ертеден-ақ бҧл жерлер адам баласының тіршілігіне қолайлы ӛңір ретінде 
белгілі. Тау алды аймағы қоныстан 2 кҥндік жол жҥрумен-ақ малды тез арада 
тауға немесе далалы аймақтарға жаюға мҥмкіндік берді. Мҧнда егіншілік те 
дамыды. Орман, тас және саз балшықтың мол болуы қоныс қҧрылыстарын 
салуды жеңілдетті және тез арада баспана тҧрғызуға мҥмкіндік берді, 
нәтижесінде Алматы аумағын б.з.б. ІІ-мыңжылдықта андроновтықтар 
қоныстанды.
Ӛңірдегі және қала аумағындағы археологиялық ескерткіштер ӛкінішке 
орай қазіргі замандағы қҧрылыстарға байланысты қатты қираған. 


131 
Бірақ Алматы қаласы аумағындағы қойма-олжалар (кӛмбелер) мен 
бірнеше сақталып қалған қоныстар тҧрғындар тыныс-тіршілігі жайлы 
қызықты ақпараттар легін берді. Алматының тҥрлі аудандарынан қҧрылыс 
жҧмыстары кезінде қола дәуірінің кездейсоқ олжалары кӛптеп табылған. Аса
қызығушылық туғызатындары «Каменский» мен «Тҥрксіб» қоймалары. 
Алғашқысы «Каменское плато», кейінгісі «Тҥрксіб» санаториялары маңынан 
табылған болатын. Біріншісі 1 м тереңдіктен, екіншісі 3 м тереңдіктен 
анықталған. Бҧл қоймалардан қола дәуіріне жататын тҧрмыстық-
шаруашылық заттар (қашау, қыш қҧмыра, балта, найза ҧшы, пышақ, орақ, 
келсап, т.б.) заттар алынған. 
Қоймалардың ең ерте кезге жататын уақыты – б.з.б. ХІV-ХІІ ғасырлар, ал 
кейінгілері б.з.б. ХІІ-Х ғасырларға жатады. 
Тереңқара қонысы. Алматы қаласының солтҥстік шетінде орналасқан бҧл 
қоныс зерттеуші Ф.П.Григорьевтің пікірінше уақытша және маусымдық 
болған. Оның тҧрғындары дӛңгелек, аздап жерге еніп тҧрған баспаналарда 
ӛмір сҥрді. Жҥргізілген қазба жҧмыстары қоныс тҧрғындары мал ӛсірумен 
және егіншілікпен айналысып, кешенді шаруашылық жҥргізгендігін анықтап 
берді. Соның ішінде мал шаруашылығы басымдық танытқандығы 
анықталды. Мҧны маусымдық баспаналардың салынуынан да кӛруге болады. 
Қоныстан ернеуі мен мойын тҧсында ою-ӛрнегі бар қыш қҧмыра, дәнҥккіш 
пен тас келсап табылан. Ыдыстың бір бӛлігі шарықта дайындалған. 
Ҥшбҧрыш тҥрінде қызыл бояумен тҥсірілген кӛркем суреттері бар ыдыстар 
да ҧшырасады. Мҧндай кӛркем суретті қыш қҧмыралардың ҧшырасуы, сол 
кездің ӛзінде-ақ жергілікті тҧрғындар Орта Азиямен, соның ішінде осы 
техника орталықтарының бірі болған Ферғанамен тығыз байланыс 
орнатқандығын кӛрсетеді. Қоныс б.з.б. ІХ-VІІІ ғасырлармен мерзімделінеді. 
Бұтақты-1 қонысы. Алматы қаласының оңтҥстік-шығыс шетінде, 
Кӛктӛбе тауларының баурайларында орналасқан бҧл қонысты А.А.Горячев 
басқарған отряд зерттеген. 
Қоныс Жарбҧлақ (Казачка) ӛзенінің жарлы оң жағалауындағы биік 
жотада орналасқан. Ескерткіш аумағы ӛзеннің оң жағалауындағы ҧзындығы 
1,5-2 км, ені 1 км-дей тегіс террасаны алып жатыр. Археологиялық кешеннің 
негізгі бӛлігі қазіргі уақыттардағы қҧрылыстар әсерінен қираған, оның тек 
батыс бӛлігі ғана аздап сақталып қалған. 
Археологиялық зерттеулер нәтижесінде сақталып қалған осы телімнен 
бірнеше баспана орны анықталған. Олардың арасынан шаршы тҥріндегі, 
ауданы 120 шаршы метрге жуық жартылай жертӛле аршылған. Оның 
оңтҥстік-шығыс бӛлігіндебіртіндеп еденге тҥсетін пандус тҥрінде кірер есік 
болған. Қҧрылысты салу ҥшін алдымен тереңдігі 1,2 м қазаншҧңқыр 
қазылған. 
Қазаншҧңқыр 
қабырғасын 
айналдыра 
бағана-тіреуіштер 
орнатылған. Баспана қабырғасы жіңішке бӛренелермен және кесінді 
ағаштармен тҧрғызылып, іші-сырты қызғыш келген жоса қосылған саз 
балшықпен сыланған. Орталық бӛліктегі ошақтың айналасынан тӛрт ірі ағаш 
бӛренелер орны анықталған, олар шатыр конструкциясындағы тіреулер болса 
керек. Шатыры тӛрт қҧймалы, онда тҥтін шығатын тесіктің де болуы 


132 
ықтимал. Тіреу бағаналарының барлығы таспен бекітілген. Баспана 
қҧрылысына тяньшаньдық шырша пайдаланылған. Баспананы аршу 
барысында тҧрмыста және шаруашылықта қолданылған заттар (қыш қҧмыра, 
келсап, дәнҥккіш, болас, қайрақтас, сҥйектен жасалған бойтҧмар, тескіштер, 
т.б.), мал сҥйектері (қой, жылқы), қола бҧйымдар (ине, тескіш, сақина, т.б.) 
алынған. Қыш қҧмыралар жасалуына және сипатына қарағанда Орталық 
Қазақстанның алакӛл мәдениетінің ыдыстарына ҧқсас болып келеді, бірақ 
жекелеген пішіндер мен ою-ӛрнектер Шығыс Қазақстандағы федоровтық 
кешендерге де келіңкірейді. Радиокӛміртекті талдау мәліметтері ескерткіштің 
б.з.б. ХІІ-ХІ ғасырларда қирғандығын нақты кӛрсетіп берді. Егер қола 
дәуірінде ескерткіштер ҧзақ уақыт пайдаланылғандығын ескерсек, онда оның 
қалыптасуы б.з.б. ХІV-ХІІІ ғасырларда орын алғандығын жорамалдауға 
болады. 
Жетісу жеріндегі жарқын ескерткіштердің бірі жартас суреттері болып 
табылады. Тасқа қашап салынған мҧндай суреттер сол кездері ӛмір сҥрген 
адамдардың дҥниетанымы, жосын-жоралғылары мен шаруашылығы жайлы 
молынан хабар береді. Андронов тайпаларының кеңінен танымал болған 
мҧндай «ашық аспан астындағы ғибадатханалары» Таңбалыдан, Ешкіӛлмес, 
Қҧлжабасы және Баянжҥрек тауларынан табылған.
Таңбалы ғибадатханасы Алматы қаласынан солтҥстік-батысқа қарай 
170 км жерде орналасқан. Ондағы қола дәуіріне жататын петроглифтер 
шатқалдың тӛменгі бӛлігінде шоғырланған, тас плиталарына, ірі жартас 
блоктарына және де баруға болатын қолайлы жерлерге салынған. Бҧл 
ескерткішті, 
А.Г.Максимова, 
А.Н.Марьяшев, 
А.С.Ермолаева, 
A.Рогожинский, т.б. зерттеген. 
Таңбалыдағы ғибадатхана (мінәжат орнында) орталығындағы жартастар 
ӛзіндік амфитеатрды қҧрайды. Сірә, осы жерде кҥн мен қҧнарлылық 
культтарына байланысты жосын-жоралғылар атқарылған болса керек. Қҧз 
жартастардың жоғарғы ярустарының бірінде басы кҥн шуағын шашып тҧрған 
фигура бедерленген. Тӛменде айнала қол ҧстасып әндетіп билеп жҥрген 
адамдар бейнеленген. Олардың арасында қару-жарақ ҧстаған, бас киім 
немесе маска киген адамдардың, босанып жатқан әйелдің бейнелері секілді 
тҥрлі топтарды бақылауға болатындықтан, орталық кӛріністе қола дәуірінің 
адамдары пайымдаған әлемнің қҧрылымы, ҥйлесімділігі бейнеленген деуге 
болады. «Кҥн басты» кейіпкерлердің жоғарыда орналасуы жоғарғы әлем 
туралы тҥсінікті білдірген, ал одан тӛменде қасиетті аңдар мен адамдар 
бедерленген. Таңбалыдан кҥн басты қҧдайлардың барлығы 25 бейнесі 
табылған, олардың басым бӛлігі б.з.б. ХІV-ХІ ғасырлармен мерзімделінеді. 
Бҧл жерден қҧрбандыққа шалынған немесе шалынып жатқан ӛгіздің 
бірнеше айқын кӛріністері белгілі болған. 
Қола дәуіріндегі басқа да қызықты ескерткіштердің бірі Ешкіөлмес 
тауларындағы Кӛксу ӛзені алабындағы петроглифтер шоғыры болып 
табылады. Ескерткішті А.Н.Марьяшев, А.А.Горячев, С.А.Потапов зерттеген. 
Ешкіӛлмес петроглифтері 15 шатқалда орналасқан және де батыстан 
шығысқа қарай 10 км-ге созылып жатыр. Бҧл жерден тҥрлі тарихи-мәдени 


133 
дәуірлерге жататын суреттерді кездестіруге болады, олардың ең ежелгілері 
қола дәуіріне жатады. Петроглифтердің сюжеттері де әр алуан: соғыс 
сахнасы, арбалардың суреттері (100-ден астам), адамдардың алыптармен 
кҥресі, босанып жатқан әйел, «кҥн басты» кейіпкерлер, аңшылық сәттері, мал 
айдау, жекелеген тҥз тағылары, т.б. Кейбір суреттер жҧқа бедер арқылы 
тҥсірілген. 
Құлжабасы тауларындағы петроглифтер шоғыры да қызықты. Оның 
қызықты болатын себебі, мҧнда 1 метрден асатын ӛгіздердің суреттері 
кездеседі. Бҧл б.з.б. ІІ-мыңжылдық ортасында осы хайуанаттың культы 
кеңінен таралғандығын дәлелдейді. Жабайы жылқылар ҥйірі бейнеленген 
кӛріністер де ҧшырасады. 
Сонымен, Жетісу жерінің тҥрлі табиғи аймақтарында кездесетін 
ескерткіштерді қазу қола дәуірінде адам баласы ӛңірдің табиғи жағдайларына 
бейімделе бастағандығын қарастыруға мҥмкіндік береді. Шығыс аймақтарға 
қарағанда батыс ӛңірлер ертерек игерілгендігі анықталған. Ол кезде далалы 
ӛңірдегі шағын ӛзен жайылмалары игерілді. Одан соң тайпалардың бір бӛлігі 
Шу-Іле тауларына, Аңырақайға, Хантауға жылжыды. Хантау тауынан 3-4 
шаршы км аумақты алып жатқан бірнеше ірі қорымдар анықталған. Таңбалы, 
Қҧлжабасы, Ой-жайлау қорымдарынан алынған жерлеу инвентары Орталық 
Қазақстан материалдарына жақын. 
Қоршаулар мен жерлеу камералары қҧрылысы, керамикалық ыдыстары 
және қоладан жасалған әшекейлердің (спираль тәрізді әшекейі бар білезік 
пен моншақтар) ҧқсастығы да байқалады. Қыш қҧмыраларға жасалған 
ғылыми талдау Жетісудағы жаңа жерлерге федоров және де алакӛл 
мәдениеттерінің дәстҥрлерін алып келген тайпалар қоныстанды деп 
қорытынды жасауға мҥкіндік беріп отыр. 
Шығыс аудандар, әсіресе биік таулы аймақтар батыс ӛңірлерге қарағанда 
кейінірек, яғни б.з.б. ХІІ-Х ғасырларда игерілді. Мҧнда федоров мәдениетінің 
дәстҥрі басымдық танытады. Сонымен қатар Іленің сыртындағы Алатаудың 
шығыс бӛлігінен ағаш конструкцияларында ҧжымдық жерлеуі, мҥрдені ӛртеу 
ғҧрпы бар Қазақстан ҥшін жаңа ескерткіштер типі пайда бола бастайды. Олар 
андроновтықтардың биік таулы жайлауларға жылжуын және де б.з.б. ІІ-
мыңжылдық соңына қарай кӛшпелі мал шаруашылығының бастапқы кездегі 
қалыптасуын зерделеуге мҥмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет