Стан археологиясы


Оңтҥстік Қазақстан қола дәуірі ескерткіштері



Pdf көрінісі
бет42/157
Дата02.03.2023
өлшемі2.57 Mb.
#470258
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   157
Қазақстан археологиясы

Оңтҥстік Қазақстан қола дәуірі ескерткіштері 
Мҧндағы ортаңғы қола дәуірін Қаратаудың солтҥстік беткейлеріндегі 
Таутары қорымы сипаттайды. Оны А.Г.Максимова зерттеген. Бейіт ҥсті 
ескерткіштері – бҥйірінен қазылып қойылған тақта тастардан (тас 
плиталарынан) немесе жер бетіне қойылған тастардан тҧратын тікбҧрышты, 
шаршы тҥріндегі, сопақша, дӛңгелек келген қоршаулар. Жерлеу кейде тақта 
таспен жабылған топырақ шҧңқырларда атқарылды. Мҥрдені ӛртеу ғҧрпы 
басым болған. Ӛртелген сҥйектерді кӛбіне қабір шҧңқырының батыс жағына 


134 
бір немесе бірнеше жерге ҥйіп қойды немесе тҥбіне шашып тастады. Қабірге 
бірден беске дейін тағам салынған ыдыстар қойылды.
Ыдыстардың тҥбі жалпақ, олар екі тҧрпатты: банка мен иық тҧсы 
дӛңгеленген немесе мойынынан денесіне ӛтер тҧсы аздап кертпіштелген қыш 
ыдыс. Олардың ӛрнегі, негізінен, тарақты штамппен кӛмкерілген. Әдетте 
ыдыстың мойын тҧсы, денесінің жоғарғы бӛлігі, кейде тҥп жағы және де тҥбі 
ӛрнектелген. Тең бҥйірлі кескінді ҥшбҧрыш, ҥзілген сызық, меандр, басылған 
ҥшбҧрыш тҥріндегі ою-ӛрнектер кеңінен таралған. Банка тҥріндегі 
ыдыстардың ою-ӛрнегі жоқ немесе тең бҥйірлі ҥшбҧрыштармен ӛрнектелген. 
Қоладан және алтыннан жасалған ҧсақ бҧйымдардың дені әшекейлер болып 
табылады. Олардың арасында «табанды» және тесігі бар сопақша алқалар, 
сауытшалар, жҥзіктер, тескіштер, моншақтар, алтынмен қапталған сымнан 
жасалған самай сырғалар, пастадан, шыны тәрізді массадан жасалған 
моншақ, киімге тағылатын қола қапсырмалар бар.
1976 жылы жҥргізілген жҥйелі де жоспарлы археологиялық жҧмыстар 
Қазақстанның оңтҥстік аймақтарынан да қола дәуірінің ескерткіштерін 
табуға септігін тигізген болатын. Мҧнда Оңтҥстік Қазақстан кешенді 
археологиялық экспедициясының бағыттық-іздестіру (обалық) отряды 
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында далалық жҧмыстар жҥргізеді де, 
аудан жерінен бірнеше археологиялық кешендер табады. Отряд Бесарық 
ӛзені жағасындағы қола дәуіріне жататын Кҥйікті қорымынан бірнеше тік 
бҧрышты қоршауларды қазады. Зираттағы кӛлемі әрқилы алты секциядан 
тҧратын қоршаудан Таутары кешенінің материалдарына ҧқсас сан алуан 
заттар алынады. Зерттеушілер (Ә.К.Ақышев) Кҥйікті зиратын андронов 
мәдениетінің кейінгі кезеңіне жатқызады да, онда жерленген тайпа ӛкілдері 
Орталық Қазақстан тайпаларымен мәдени байланыс орнатқан деп жорамал 
жасайды. Оны ең алдымен қыш ыдыстары, қабір қҧрылыстары айқындап 
берген еді. 
Жалпы алғанда, Оңтҥстік Қазақстаннан 1970-1990 жылдар аралығында 
табылған қола дәуірі ескерткіштерінің зерттелу тарихы А.А. Рҥстемовтың «К 
вопросу изучения эпохи бронзы Южного Казахстана» мақаласында бір 
жҥйеге тҥсірілген. Онда автор республиканың оңтҥстігінде зерттеулер 
жҥргізген ғалымдардың (А.Г. Максимова, Ә.К. Ақышев, т.б.) жҧмыстарын 
қорытындылай келе 1980 жылдары ашылған бірқатар ескерткіштердің 
материалдарын ғылыми сараптамадан ӛткізеді. Автор ең алдымен қола дәуірі 
ескерткіштері шоғырланған аудандар қатарына Арыс, Келес ӛзендері алабын, 
Қаржантау, Қазығҧрт, Боралдай тауларын қосады. Ол әсіресе қазіргі 
Бәйдебек ауданындағы (бҧрынғы Алғабас – авт.) Жамбыл ауылынан 
солтҥстік-шығысқа қарай 20 км жерде орналасқан Ақтӛбе атты қорым 
обаларына ерекше кӛңіл бӛлген. Мҧнда №43 обаны қазған кезде тас плиталы 
қабірден (100х60 см, тереңдігі 70 см) тҥбі жалпақ андроновтық типтегі 
ӛрнексіз қҧмыра сынықтары шыққан. А.А. Рҥстемов мҧндай қҧмыралар 
Таутары ыдыстарына ҧқсас дейді де, ескерткішті жас баланың бейіті болған 
деген пікірге келіп, хронологиялық мерзімін б.з.б. ХІ-ІХ ғасырлармен 
белгілейді. 


135 
1982 
жылы Шымкент педагогикалық институты жабдықтаған 
археологиялық экспедицияның іздестіру отряды қазіргі Ордабасы 
ауданындағы Бӛген су қоймасы (оған қҧятын Бӛген ӛзенінің сол жақ 
жағасындағы су шайған жалдан) аймағынан андроновтық типтегі ӛрнегі әлсіз 
байқалатын екі қҧмыра (бірінің биіктігі 20 см, дене тҧрқы 20 см, ернеуінің дм 
18 см, тҥбінің дм 11 см; екіншісі одан кішілеу) аршып алады. Бҧл қыш 
ыдыстарды мамандар Орталық Қазақстандағы беғазы-дәндібай мәдениетіне 
жақын және б.з.б. ХІ-ІХ ғасырларға жатады деп есептейді.
2000 жылы сәуір айында Тҥркістан археологиялық экспедициясы 
(жетекшісі Е.А.Смағҧлов) Тҥркістан қаласынан оңтҥстікке қарай 5 км жерден 
қола дәуірінің Шербай қорымын тапты. Қорымның аумағы 1800 шаршы м, 
одан әр дәуірге жататын 20-дан астам жерлеу қҧрылыстары анықталған. Олар 
ҥш топқа (Шербай-1-3) бӛлінеді. Қазба кезінде ерте темір дәуірінің бастапқы 
кезіне жататын 1 қабір (ерте сақ заманы, Шербай-1, №7-қабір), одан кейінгі 
уақытқа жататын 2 мола (қауыншы мәдениетіне тән; Шербай-1, №4, 13 қабір) 
аршылған. Қола дәуірінің ескерткіштерінен (Шербай-1, №1-3 қабірлер; 
Шербай-3, №1 қабір) андроновтық мәдени-тарихи қауымдастыққа тән мал 
ӛсірушілердің материалдары алынған. Қабір шҧңқырларынан (беті ағашпен 
жабылса керек, ҥсті топырақпен ҥйілуі де мҥмкін) 1-5 дана қыш ыдыстар
кремацияланған адам сҥйектері (Шербай-1, №11 моладан ғана басы батысқа 
қаратылған, аяқ-қолы бҥгіліп, сол жағымен жерленген мәйіт қалдықтары 
шыққан), металл бҧйымдар алынған. Металл бҧйымдар арасында қоладан, 
кҥмістен жасалған білезік, кеудеге тағылатын тоғалар, моншақтар да 
кездеседі. Зираттағы қола дәуіріне жататын ескерткіштер материалдары 
Оңтҥстік Қазақстандағы Таутары қорымына ӛте ҧқсас екендігі анықталған. 
Археологтар Шербай қорымын андронов мәдени-тарихи қауымдастығына 
енетін федоров мәдениетіне жатқызады. Мҧны С
14
әдісімен қабірлерден 
алынған б.з.б. ХҤІ-ХІҤ ғасырлар деп кӛрсеткен мерзім де нақтылай тҥседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет