Стан археологиясы


Қола дәуіріндегі шаруашылық, мәдениет және қоғам



Pdf көрінісі
бет45/157
Дата02.03.2023
өлшемі2.57 Mb.
#470258
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   157
Қазақстан археологиясы

Қола дәуіріндегі шаруашылық, мәдениет және қоғам 
 
Мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуы. Қола дәуірінің ерте 
кезеңіндегі қоныстардан жинастырылып алынған сҥйек материалдары 
Қазақстан аумағындағы адам баласы айналысқан маңызды іс ҥй маңындағы 
бақташылық болғандығын айтуға мҥмкіндік береді. Мал табынында бҧл 
кезде ірі қара басым болды. 
Ҥй маңындағы бақташы мал шаруашылығынан біртіндеп жайлауға ӛту 
ҥрдісі де кӛп ҧзамай басталып кетті. Жайлаулық мал шаруашылығында 
малшылар бір жайылымнан екіншісіне кӛшіп отырды. Бҧл кезде табын 
арасында ҧсақ мал (қой, ешкі) мен жылқының ҥлесі ҧлғая бастады.
Дамыған қола дәуірінде жылқы сҥйрететін кҥш ретінде пайдаланылды 
және салт мінілді. Кӛлік қҧралы ретінде жылқыны пайдалану далалы 
аймақтар мен биіктаулы жайылымдарды игеруге мҥмкіндік берді. 
Ежелгі мал шаруашылығы экстенсивті тҥрде болды. Жайылымдар 
ауданын игеру мен кеңейту, тебінге (қыста қар астынан жем-шӛп алу мен 
алыс жерлерге жету) шыдамды жылқы, қой тҥрлерін ӛсіру мал санының 
артуына алып келді. Қола дәуірінің соңғы кезеңінде Қазақстанның далалы 
аудандарында мал шаруашылығы негізгі шаруашылық саласына айналды 
және кӛшпелі мал шаруашылығына жақын тҧрпат (пішін) иемденеді. 
Мал шаруашылығмен бірге неолит дәуірнен бастап Қазақстан аумағында 
егіншілік те дами бастайды. Қола дәуіріндегі тайпалар шаруашылығында мал 
шаруашылығы мен егіншілік бірін-бірі толықтырып тҧрды және де ӛзара 
тығыз байланыста болды. 
Ерте қола дәуіріне жататын қоныстардан тастан және бҧғының мҥйізінен 
жасалған кетпендер (шоттар) табылған. Тастан дәнді ҥгуге арналған 
дәнҥккіш, ҥккіш, келсап, келі секілді қҧралдар жасалды. Астықты жинау 
кезінде бастапқыда қола пышақтар, кейінгі қола дәуірінде тҥрлі типті қола 
және мыс орақтар айдаланылса керек. Шағалалы қонысынан қола шалғы 
табылған. 
Мейлінше жетілдірілген қҧралдардың пайда болуы дәнді дақылдарды 
ӛсіру ауданын да арттырды. Егін алқаптарында, негізінен, бидай, қара бидай, 
тары ӛсірілді. Қоныстарды қазған кезде қҧмыралардан тары ботқаның кҥйген 
қалдықтары шыққан. Солтҥстік Қазақстандағы Алексеев қонысына жақын 
жотаның ҥстіндегі ғҧрыптық шҧңқырлардан қҧдайларға қҧрбандыққа 
берілген бидай сабағы мен дәні аршып алынған. Шығыс Қазақстандағы 


143 
Малокрасноярка қонысынан табылған қол орақ жҥзінде дәнді-дақылдарды 
ӛңдеген іздер сақталған. 
Қазылған барлық қоныстардан дәнҥккіштер, дәнді ҧнтақтап ҧнға 
айналдырға арналған тік бҧрышты және дӛңгелек келсаптар шыққан. 
Орақпен егін орды, сондай-ақ малға жем-шӛп даярлады. Қоймалар мен 
қоныстарда олардың кӛп болуы егіншілік ауқымы мен маңызын кӛрсетеді. 
Жер тас кетпендермен қопсытылып, ӛңделді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет