Стан археологиясы



Pdf көрінісі
бет90/157
Дата02.03.2023
өлшемі2.57 Mb.
#470258
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   157
Қазақстан археологиясы

Қоғамдық құрылыс. Б.з.б. I-мьңжылдықтың басы алғашқы рулық қатынастар 
ыдырап, жаңа әлеуметтік кҧрылымның қалыптасу ҥрдісінің жедел жҥруімен 
сипатталынады. 
Қоғамдық кҧрылыс кҧрылымын схемалык тҧрғыдан былайша елестетуге 
болады: шағын туыс отбасылар тобы (патронимия) – кӛшпелі қауым — тайпа –
тайпалар одағы – мемлекет.
Бҧл тҧрғыдан алғанда, Бесшатыр корымы мәдени және ежелгі сәулет ӛнерінің 
ескерткіші ретінде ғана емес, сонымен қатар мҥлік теңсіздігінің ескерткіші ретінде 
де ғылыми назар тудыртады. Жетісу атырабында «патша обалары» деп 
аталатындардың кӛп болуы бҧл жерде б.з.б. VII-IV ғасырларда мал ӛсіруші сақтар 
арасында мҥлік теңсіздігінің айқын анықталғанын кӛрсетеді. 
Мҧндай ескерткіштер қоғамның әрбір мҥшесінің моласының ҥстіне 
тҧрғызыла бермейді, олар адамдардың шағын тобының (элитаның) еншісіне 
айналған. Мындаған шағын ҥйінділермен салыстырғанда ҥлкен обалар санының аз 
болуы қоғамның бӛлінгенін даусыз тҥрде дәлелдейді. 
Б.з.б. V-IV ғасырлардың ӛзінде-ақ жетісулық сақтар қоғамдық дамудың 
неғҧрлым жоғары сатысында тҧрды. Оларда мемлекет болған еді. 
Б.з.б. ІХ-V ғасырларда Қазақстанда Бесшатыр, Есік, Жетітӛбе, Шілікті мен 
Ҧйғарақ сияқты тас пен топырақтан ҥйілген алып обалардың, ал егінші-
малшы сақтар аймағында сәулеттік шешімі бойынша кҥрделі шикі кірпіштен 
салынған Тҥгіскен кесенесі мен Шірік-Рабат некропольдерінің (Арал маңы) 
пайда болуы бекерден-бекер емес еді. Қазба жҥмыстары олардың сақ 
қоғамының жоғары дәрежелі адамдарының сағаналары екенін дәлелдеп берді. 
Обалы ҥйінділердің ауқымдары адамның белгілі бір әлеуметтік дәрежеге 
жатуына сай белгіленген. Сақ обаларын осылайша тҥсіндіріп бағалаудың 
дҧрыстығына олардың біреулерін (патшалық) қазған кезде лақыттардан кӛп 
материалдық қазыналардын табылуы, Есік обасында болғанындай, киім-кешек 
пен қарудың байлығы, басқаларында (қатардағыларында) мҧндай заттардың 
болмауы да дәлелдей тҥседі. 
Есіктегі жерлеуге жҧмсалған тҥрлі бҧйымдар – қоғамның жоғары дәрежелі 
тҧлғасының байлығы мен билігінің ӛлшемі. Лауазымды адамдарды сақтардың 
ӛздері қалай атағаны белгісіз, бірақ Бесшатыр мен Есік обаларында 
жерленгендерді патшалар деп атауға болады. 


256 
Иерархиялық сатының биік тҧғырында – патша мен ханша, шонжарлар мен 
«ақсҥйек» адамдар, салт атты жауынгерлер, тӛменгі сатысында тәуелді адамдар, 
қҧлдар, қызметшілер, жаяу жауынгерлер орналасқан.
Сақтарда мҥлікке қарай қоғамның топтарға бӛлінуі еуропалық скифтерге 
ҧқсас болды. Соңғыларында, антикалық жазба деректеріне қарағанда, арнайы 
патша некрополь-бейіттерінде ҥлкен обалар болған. Мҧндай жағдай Батыс 
Қазақстандағы Қырық-Оба, Тҧңғыш секілді обалары бар савромат және сармат 
қоғамына да тән болды.
Ӛлген патшаларға алтын киім киіндіріліп, мҥрдесі кең лакытқа қойылған, 
ал олардың ҥстіне зәулім архитектуралык ескерткіш – алып оба тҧрғызылған. 
Қоғамның басқа мҥшелерін жерлеу ғҧрпы иерархиялық басқыш сатыларының 
тӛмендеуіне қарай оңайлатылып отырған. 
Ғҧрыптық іс-әрекеттердегі патшаның жеке басының дәріптелуінде саяси 
астар жатты, ол жерлеу ғҧрпының рәсімдерін сақ патшалары әулетінің 
бҧлжымастығын идеологиялык жағынан негіздеу максатымен бҧқараға діни ықпал 
жасау ретінде пайдаланған. Жарқыраған киім патшаның тҧлғасын асқақтатып, 
оны кҥн бейнелі кҧдай дәрежесіне кӛтерген. Бас киіміндегі зооморфтық 
бейнелердің діни-идеологиялық мазмҧны осы қорытындыны растайды. Есік 
жауынгері бас киімінің маңдай жағындағы канатты және мҥйізді пырақ бейнесіне 
кҥрделі символика негіз етіліп, сақтардың діни дҥниетанымының қағидалары 
бейнеленген. 
Есік олжаларының қарастырылып отырған проблема ҥшін маңызы жазу 
ескерткішінің — жазбасы бар кҥміс тостағанның табылуына байланысты арта тҥседі. 
Кез келген қоғамда жазудың болу фактісі әлеуметтік-экономикалык ҧйым 
дамуының жоғарғы деңгейін білдіреді. Мемлекеттік қҧрылым ҥлгісіндегі 
қоғамдық қҧрылыс тҥрі осындай орган болуы мҥмкін. Мемлекет пен жазудың 
пайда болу ҥрдістері ӛзара байланысты болған еді. Усунь, кангюй, хуннулар ендігі 
жерде жеткілікті дәрежеде дамыған мемлекеттілік қалыптастырды. Оларда 
әлеуметтік 
дифференциация, 
патша 
билігі, 
бюрократиялық 
аппарат, 
дипломатиялық практика белгілері толығымен кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет