Стандарт “Сыртқы жыныс ағзаларын карау Мақсаты


Стандарт «Қынаптың тазалық дәрежесіне жағынды алу»



бет3/23
Дата12.04.2024
өлшемі0.64 Mb.
#498537
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
акушерия стандарты

3.Стандарт «Қынаптың тазалық дәрежесіне жағынды алу»

Мақсаты: микроскопиялық тексеруге материал алу.

Ресустар: гинекологиялық кресло, гинекологиялық айналар, фолькман қасықшасы немесе зонд, әйнек, лабораторияға жолдама,бір рет қолданатын қолғаптар, жеке жөргек.

Іс-қимыл алгоритмі:

1. Әйелге осы тексерудіңқажеттілігінтүсіндіріңіз.

2. Әйелдігинекологиялық креслоғажөргектөсепжатқызыңыз.

3.Жатыр мойын қарауғажеткіліктіжарықпенқамтамассызетіңіз.

4.Бір рет қолданатынқолғап киіңіз.

5. Құралдарды дайындаңыз: гинекологиялық айна, фолькман қасықшасы,әйнек.

6.Гинекологиялық айнаны енгізіңіз.Фолькман қасықшасымен немесезондпен қынаптың артқы күмбезінен бөлінді алып әйнекке жағыңыз.

7. Қынаптан гинекологиялық айнаны абайлап шығарыңыз да, 3% хлорамин ерітіндісіне салыңыз. Егер бір рет қолданатын айна қолдансаңыз, оны контейнерге салыңыз.

8. Әйелдің тұруын өтініңіз.

9. Бір рет қолданатын қолғапты шешіңіз, инфекцияның алдын алу ережесін сақтай отырып тастаңыз.

10.Қолыңызды сабынмен жуыңыз.

11.Жолдама жазыңыз:

- кабинет номері

-аты-жөні, тегі

- жасы

- жұмыс немесе оқу орны



- жағынды не үшін алынды (қыныптың тазалық дәрежесіне жағынды)

- күні


- акушерка немесе дәрігердің қолы.

12. Жағындыны лабораторияға жіберіңіз.




4. Стандарт. Бимануальды тексеру

Тексеру мақсаты: Ішкі жыныс мүшелерінің жағдайын бағалау.

Құрал жабдықтар: гинекологиялық кресло, жеке жаялық ,1 рет қолданылатын резеңке қолғап.

Іс-әрекет алгоритмі:
  1. Әйелге осы тексерудің мақсатын түсіндіріңіз.


  2. Қуықты босатудың қажеттілігін түсіндіріңіз.


  3. Әйелді гинекологиялық креслоға жаялық үстіне арқасымен ( аяғын тізе, жамбас сан буынында бүгіп, бұтын ашып) жатқызыңыз.


  4. Тексеру барысында тыныштық қалыпта болуын түсіндіріңіз.


  5. 1 рет қолданылатын резеңке қолғапты киіңіз.


  6. Сол қолдың 1ші 2 ші саусағымен үлкен жыныс ернеулерін ашыңыз.


  7. Оң қолдың 2,3 ші саусағын қынапқа енгізіңіз(бас бармақ қасаға қарап орналасуы керек).


  8. Оң қолдың саусағын қынапқа енгізіп, қынаптың және қынап күмбездерінің жағдайларын анықтаңыз.


  9. Сауақтарды жатыр мойнының астына енгізе отырып, сол қолды құрсақ үстіне орналастырып саусағымен жатырды басып тексеріңіз.


  10. Жатырды сипалай отырып оның орналасуын, көлемін, пішінін, тығыздығын, қозғалыстығын, ауру сезімін анықтаңыз.


  11. Сыртқы және ішкі саусақты жатырдың бұрышынан жамбастың беткейлі бөлігіне дейін ауыстырыңыз. Жатыр түтігін, аналық бездің, көлемін, пішінін, ауырсыну сезімін, қозғалысын анықтаңыз.


  12. Оң қолдың көмегімен жамбастың ішкі беткейін (сегізкөз ойысын, мүйісін) сипаңыз.


  13. Оң қолды жатырдан шығара отырып, оны мұқият қарап оның қосалқы бөліктерін жамбас қуысын қараңыз.


  14. Қолғапты шешіп оны профилактикалық инфекциялық ережесіне сәйкес тастаймыз.


  15. Қолыңызды сабынмен жуыңыз.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет