Стандарттау, метрология және сертификатау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады



бет20/86
Дата19.09.2023
өлшемі2.8 Mb.
#477974
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   86
Акишев

2-cурет. ИСО-ның құрылымы
Бас ассамблея сессияларының арасында ұйым жұмысын ИСО-ның Кеңеске стандарттаудың ұлттық мемлекеттік өкілдері кіреді. Кеңес жанынан техникалық комитеттердің жұмысын басқаратын атқарушы бюро құрылған.
Халықаралық стандарттардың жобасын техникалық комитеттер шеңберінде жұмыс атқаратын жұмыс топтары дайындайды.
Техникалық комитеттер жалпытехникалық және техниканың нақтылы саласына қатысты болып екіге бөлінеді. Жалпытехникалық топқа жататын техникалық комитеттер (ИСО құрамында олардың саны 26) жалпы техникалық және салааралық мәселелермен шұғылданады. Оларға жататындардың ішінде «Өлшем бірліктері» (ТК12), «Ерекше сандар» (ТК19) ж. б. бар. Қалған техникалық комитеттер (ИСО құрамында олардың саны шамамен 140) техниканың нақты салаларына қатысты. Мысалы, «Автомобильдер» (ТК 22), «Станоктар» (ТК 39) ж. б. ТК күрделі салаларға қатысты болған жағдайда (химия, космостық техника ж. б.) олардың құрамында комитет бөлімдері және жұмыс топтары құрылды.
Халықаралық стандарттың жобасын қабылдау үшін ТК мүшелерінің 75%-ның келісімі болуы керек.
2000 жылдың басында шамамен 12 мың халықаралық стандарттар қолданыста болған.
Халықаралық стандарттардың қолдану міндетті емес, яғни әрбір ел оны толығымен, тек қана кейбір бөлімдерін қолдануына болады немесе жалпы қолданбауы да мүмкін. Бірақ та халықаралық нарықтағы бәсекелестектің артуы жағдайында өндірушілер өз өнімдерінің бәсекелесу деңгейін көтеру мақсатында халықаралық стандарттарды қолдануға мәжбүр. Шетел мамандарының бағалауларына қарағанда кейбір өндірістері дамыған елдерде ИСО-ның стандарттар қорының 80% -ына дейін қолданылады.
Халықаралық электротехникалық комиссия (ХЭК) электротехника, радиоэлектроника және байланыс салаларында қолданылатын стандарттарды дайындайды. Ол 1906 жылы, яғни ИСО-дан көптеген жылдар бұрын құрылған.
Әр уақытта құрылғандықтан осы халықаралық мекемелердің екеуі де бүгінгі күнде жұмыстарын жалғастыруда. ИСО мен ХЭК алдындағы мәселелердің тұтастығын ескере отырып және жекелеген техникалық органдардың жұмыстарында жарыса жүргізуді болдырмау үшін мекемелер арасында өзара келісім жасалған. Келісім, біріншіден, іс-қимылдар шеңберін шектеуге, екіншіден, техникалық қимылдарды үйлестіруге бағытталған
Біраз елдерде электротехника, электроника және байланыс салаларының дамуы деңгейінің төмендігіне байланысты ХЭК мүшілелерінің саны (шамамен 60) ИСО мүшілерінің санынан аз.
ХЭК жоғарғы органы – барлық ұлттық комитеттер өкілдерін қамтитын Кеңес. ХЭК бюджеті ИСО бюджеті сияқты ұйым мүшелерінің жарна төлемінен және халықаралық стандарттарды сатудан түскен қаржылардан құрылады. ХЭК техникалық органдарының құрылымы ИСО құрылымына ұқсас – техникалық комитеттер (шамамен 80), комитеттер бөлімі және жұмыс топтары. Осы органдар қазіргі кезде 3000-нан астам стандарттар дайындаған.
Халақаралық стандарттау саласында ИСО, ХЭК-тен басқа да ұйымдар бар. Олар – Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Еуропалық экономикалық комиссиясы, халықаралық сауда палатасы. Стандарттау жұмыстарына БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО, МАГАТЭ ж.б. ұйымдарда қатысады.
Дүние жүзіндегі стандарттау саласында жеті аймақтық ұйымдар жұмыс
істейді. Скандинавияда, Латын Америкасында, Арабия аймағында, Африка, Еуропалық Одақ (Е. О). Бұлардың ішінде ЕО жұмыс тәжірибесін ерекше атауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет