Стандарттау, метрология және сертификатау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады


V тарау. ӨҢІРЛІК ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ



бет18/86
Дата19.09.2023
өлшемі2.8 Mb.
#477974
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   86
Акишев

V тарау. ӨҢІРЛІК ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
СТАНДАРТТАУ ЖҮЙЕСІ
5.1. Мемлекетаралық стандарттау жүйесінің
жұмысы
1992 жылдың 13 наурызында стандарттау саласында «Келісілген саясатты жүргізу туралы» ТМД елдерінің Келісіміне қол қойылып, мемлекетаралық стандарттау жүйесінің негізі қаланды. Бұл құжат бойынша мыналар танылды: қолданылып жүрген МЕМСТ-тар мемлкетаралық стандарттар ретінде, стандарттау, сертификаттау және метрология жүйелерін өзара тану үшін екі жақты келісімдердің қажеттілігі.
Мемлекетаралық деңгейде стандарттау, сертификаттау және метрология бойынша мемлекетаралық кеңес құрылды. Оның негізгі функциялары: стандарттау саласындағы қызметтің басты бағыттарын айқындау; мемлекетаралық стандарттардыңжобаларын бекіту, стандарттау саласындағы жұмыстардың негізгі бағыттарын және оларға қажетті шығынның сметасын талқылау және қабылдау. Кеңестің қабылдаған шешімдері оған өкілдері кірген мемлекеттерге міндетті.
Келісімге қатысқан ТМД елдерінің стандарттау метрология және сертификаттау жөніндегі ұлттық органдардың басшылары мемлекетаралық кеңестің мүшелері болып табылады. Мемлекетаралық жұмыстың негізгі органы – стандарттың, метрология және сертификаттау жөніндегі Минск қаласында орналасқан бюросы. Қалыптасқан дәстүр бойынша кеңестің жиналыстары Келісімге енген елдердің әрқайсысында кезектесіп өткізіліп отырады.
Мемлекетаралық кеңестік жұмысы арқасында КСРО-да қолданылған нормативтік құжаттар қоры мен эталондық база (шамамен 25 мың мемлекеттік, 40мың салалық стандарттар, 35 техникалық-экономикалық ақпаратты жіктегіштер, 140 физикалық шамалар өлшемдерінің метрологиялық эталондары) сақтап қалынды.
Қазіргі уақытта ТМД елдерінің ұлттық сертификаттау жүйелерін өзара тану үдерісі толығымен аяқталды.
Мемлекетаралық кеңестің жұмыс органы – мемлекетаралық техникалық комитеттер. Олар мемлекетаралық стандарттарды әзірлейді және мемлекетаралық стандарттау саласындағы басқа да нақтылы жұмыстарды жүргізеді.
Мемлекетаралық стандарттар және оларға енгізілетін өзгерістер кеңес шешімімен қабылданады, ал кеңес жиналыстары жылына екі рет өткізіледі.
Бес жылда (1992-1997 жж.) Кеңестің шешімімен 2500 нормативтік құжаттар қабылданды. Олар негізінде міндетті сертификаттауға жататын өнімдерге техникалық талаптарды белгілеуге бағытталған. Қабылданған стандарттар халықаралық стандарттармен үйлестірілген, яғни ТМД елдерінің дүниежүзілік нарыққа шығуына мүмкіндік туғызады. Мемлекетаралық кеңестің атқарып отырған нәтижелі жұмыстарын бағалай отырып стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым (ИСО) оны стандарттаудың халықаралық аймақтық мекемесі ретінде таныды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет