Статика. Гидростатика Статика



Дата31.01.2024
өлшемі117.38 Kb.
#490447
4 апта Статика Гидростатика


Статика. Гидростатика
Статика- денелердің тепе-теңдік күйлерін қарастыратын механиканың бөлімі.Таңдап алған санақ жүйесінде күштер әсер жеткен дененің барлық нүктелері тыныштыққа болу күйі механикалық тепе-теңдік күйі деп аталады.Механикалық тепе теңдік күйіндегі денеге әсер еткен күштер бір-бірінің өзара әсерлетін теңестіреді немесе компенсациялайды дейді.
Сонымен, статика ең алдымен алуан түрлі құрылыстардың - ғимараттардың, көпірлердің, т.б. тепе-теңдік шарттарын анықтауға мүмкіндік береді. Бірақ, статиканың қолданбалы маңызы мұнымен шектелмейді. Статика, егер
тепе-теңдік анык түрде бұзылса, қозғалыстың қай бағытта басталатыны туралы да ақпарат береді, яғни дене козғалысына байланысты кейбір сұрақтарға жауап береді.
Басқаша айтқанда, статика басынан бастап тек тепе-теңдіктің мәселелеріне ғана емес, сонымен қатар дене қозғалысының карапайым сұрақтарына да жауап беретін механиканың бөлімі ретінде қарастырылады.
Баяндау тәсіліне қарай ол геометриялық және аналитикалық статика болып екі түрге бөлінеді.

АНАЛИТИ-КАЛЫҚ

ГЕОМ-ЕТРИЯЛЫҚ

МЕТ


Статика

Аналитикалық статикада механикалық жүйенің ең жалпы тепе-теңдік шарттары тағайындалады. Мұнда зерттеулер таза аналитикалық тәсілімен жүргізіледі. Бұл тәсілдің негізінде жүйеге әсер ететін күштердің жұмысының ұғымы жатады. Геометриялық статикада абсолют қатты денелердін өзіне түсірілген күштер әсерінен болатын тепе-теңдігі жөніндегі мәселелер қарастырылады.


Статиканың аксиомалары
Егер денеге немесе материалдық нүктеге бекітілген күштер жүйесі нәтижесінде дене тыныштық күйде болса немесе инерция бойынша қозғалса, онда бұл күштер жүйесі теңгерілген немесе нөлге эквивалентті деп аталады.. Дененің механикалық күйін өзгертпей-ақ оған теңгерілген күштер жүйесін қосса немесе алып тастаса болады.
Статиканың негізгі ұғымдарына күш, центрге және оське қатысты күш моменті және қос күш ұғымдары жатады. Статика есептерін шешудің графиктік тәсілдері күштерден құралған көпбұрышты және Вариньон көпбұрышын салуға негізделеді.
Статикалық анықталатын есептер - белгісіздер саны тепе-теңдік теңдеулер санынан көп емес, тепе-теңдік туралы есептер.
Статикалық анықталмайтын есептер - белгісіздер саны тепе-теңдік тендеулер санынан көп тепе-теңдік есептер.
Гидростатика – гидромеханиканың сұйықтықтардың тепе-теңдігін және қимылсыз тұрған сұйыққа батырылған дененің әсер етуін зерттейтін бір бөлімі. Гидростатиканың бұл теңдеуін шешкен кезде — М.Эйлер теңдеуі пайдаланылады.
Гидростатика-негізгі бір бөлімі,ол сұйықтың тепе-теңдіігі мен қатты дененің түгелімен немесе жартылай батқан кездегі жағдайын зерттейді Гидростатикалық қысым- су бағанының өз табанына тигізер әсірімен сипатталатын қысым.Мөлшерлік көрсеткіші метрмен өлшенген су бағасының биіктігімен немесе атмосфера бірлігімен өрнектеледі.Тыныштықта тұрған сұйықтың жанама күш кернеуі нольге тең болады да, оған нормалы күш кернеу әсерін тигізеді.
Гидростатиканың негізгі теңдеуі гидравикалық престердің жұмысына негізделген.Мысалы, ағаш талшықты немесе шыны пластикалық тақтайларды, жартылай құрғақ кірпішті престегенде және т.б материалдарды өндіру үшін қолданады.Гидравликалық машиналар престер әр түрлі құрылыс материалдарды сынау үшін кең қолданылады.Гидростатиканың негізгі теңдеуін осылай тұжырымдаса болаады:
Тыныштықтағы сұйықтықтың әрбір нүктесі үшін невилерлік биіктіктің және статикалық тегеуіріннің қосындысы тұрақты болады.
Гидростатиканың негізгі теңдеуінің мүшелері белгілі бір энергетикалық мағынасы бар.Мысалы z салыстыратын жазықтыққа қатысты нүктенің орналасуының меншікті потенциалдық энергисыр сипаттайды және геометриялық тегеуірін деп аталады.Назарыңызға статика, гидрростатика тақырыбына байланысты кесте, фото:



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет