Статистикалық бақылау туралы түсінік және оның міндеттері


Статистикалық бақылаудың тәсілдері



бет3/4
Дата01.06.2023
өлшемі474.73 Kb.
#474574
1   2   3   4
Метеров Мухит ГМУ-19-1 2сабак

4. Статистикалық бақылаудың тәсілдері.

  • 4. Статистикалық бақылаудың тәсілдері.
  • Статистикада мәліметтерді жинаудың бірнеше жолдары бар. Бақылауға жататын объектінің әрбір жиынтық бірліктерін адамның өзі өлшеу, санау арқылы есепке алатын болса, ол тікелей қатысу арқылы мәліметтер жинау тәсілі деп аталады.
  • Статистикалық бақылау кезінде қажетті мәліметтер тиісті құжаттармен куәләндірілсе, яғни есеп беру формаларының негізінде жиналса, ол құжаттар арқылы мәліметтер жинау тәсіліболып табылады. Кейбір жағдайларда қажетті мәліметтерді тікелей өлшеу, санау құжаттар арқылы жинауда мүмкіндік болмайды. Мұндай жағдайда мәліметтерді жинау үшін сұрақ-жауап тәсілі қолданылады.
  • Сұрақ-жауап тәсілі дегеніміз қажетті мәліметтерді сұралушы адамның айтқаны бойынша сұрақ немесе санақ қағаздарында жазып алу арқылы жинау. Бұл тәсілдің экспедициялық, тілшілік, сауал-сұрақ, өзін-өзі тіркеу сияқты бірнеше жолдары бар.
  • Экспедициялық тәсілменмәліметтерді жинау екзінде арнайы дайындықтан өткен адамдар сұралушымен келісілген уақытта кездесіп, қажетті мәліметтерді ауызша сұрау арқылы қағаздарға толтырып статистика мекемелеріне өткізеді. Бұл тәсілмен мәліметтерді жинау үшін статистика мекемелерінің қызметкерлері сұралушыларға арнайы үлгідегі сұрақ қағаздарын таратып береді және оны толтыру тәртібін түсіндіреді.
  • Тілшілік тәсілменмәліметтерді жинау байланыс бөлімшелері арқылы ерікті түрде жүргізіледі.
  • Сауал-сұрақтық тәсілменқажетті мәліметтерді жинау сұралушының келісімі бойынша ерікті түрде жүргізіледі.

5. Статистикалық бақылау кезінде жіберілетін қате және оны тексеру тәсілі.

  • 5. Статистикалық бақылау кезінде жіберілетін қате және оны тексеру тәсілі.
  • Статистикалық қате дегеніміз нақты факты зерттеу нәтижесі көрсеткіштер арасындағы сәйкессіздік айырмашылықтарды дұрыс санамау, түрлі себептерге байланысты бұрмалаушылықтар.
  • Бақылау мәліметтерінде жіберілген қателер екі түрге бөлінеді: репрезентативті және тіркеу кезіндегі қате.


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет