Статистикалық бақылау туралы түсінік және оның міндеттері



бет4/4
Дата01.06.2023
өлшемі474.73 Kb.
#474574
1   2   3   4
Метеров Мухит ГМУ-19-1 2сабак

Тіркеу кезіндегі қате әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеруіне әсерін тигізетін фактілердің дұрыс анықталмауы нәтижесінде пайда болатын қате.
  • Ол дұрыс жазбағандықтан, тіркеулерді дұрыс жүргізбегендіктен, бұрмалау мен қате есептеудің салдарынан болады.
  • Бұл қателердің өзі фактілердің біртектілігіне қарай кездейсоқ және жүйелі түрде жіберілетін қате болып есептелінеді.
  • Жүйелі түрде ұдайы жіберілетін қате қасақана, әдейі жіберілген және абайсызда, байқаусызда жіберілетін болып бөлінеді.
  • Абайсызда, байқаусызда жіберілетін қате әдейі жасалмайды, ал қасақана немесе әдейі жіберілетін қате алдын-ала ойластырылған, көбейтіп немесе кемітіп жазу арқылы жасалған қателер.
  • Тексеру қисынды түрде тексеру және есептеу арқылы тексеру болып бөлінеді.
  • Қисынды түрде тексеру дегеніміз статистикалық бағдарламаларда көрсетілген сұрақтарға қайтарылған жауаптардың өзара байланысын бір-бірімен салыстыру арқылы жіберілген қатені түзету.
  • Есептеу арқылы тексеруде жалпы жиынтық көрсеткіштердегі жіберілген қателерді түзету үшін орта шаманы және процентті қайта есептеу тәсілін қолдану арқылы түзету енгізіледі.
  • Статистика органдары осы тексерулерден басқа жоспарлы түрде әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің есеп беру формаларындағы көрсеткіштердің дұрыстығын тексереді.
  • Оның өзі тақырыпты, кешенді және жаппай болып үшке бөлінеді.
  • Тақырыпты тексеруде жеке кәсіпорынның белгілі бір формасы немесе оның көрсеткіші алынады.
  • Кешендік тексеруде кәсіпорынның барлық есеп беру формалары түгелдей тексеріледі.
  • Жаппай тексеруде барлық есеп беретін кәсіпорынның белгілі бір есептеу формасы немесе көрсеткіші толығымен тексеріледі.


  • Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет