Stem – образование


Жоғары сынып оқушыларын отбасылық өмірге дайындаудың қазіргі жағдайы



бет5/7
Дата14.12.2022
өлшемі0.75 Mb.
#467210
1   2   3   4   5   6   7
Жоғары сынып оқушыларын отбасылық өмірге даярлаудың әлеуметтік педагогикалық шарттары

1.2 Жоғары сынып оқушыларын отбасылық өмірге дайындаудың қазіргі жағдайы.
Бала тәрбиесінің негізі - бұл оның отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ - бала үшін өмір мектебі. Отбасындағы ата-ана баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Сондықтан, әрбір ата-ана өзінің баласын білімді, мәдениетті, жан-жақты етіп тәрбиелеуге міндетті. Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі мәселесі әлемдік деңгейде қарастырылуда. Оған «Балалар құқығы туралы Конвенция» (1995), Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы» (2007), Қазақстан Республикасының «Балалардың құқығы туралы Заңы» (2002). Үкіметтен қолдау тапқан бұл құжаттарда үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы балабақшадан бастап, мектеп аяқтағанға дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселесін жоспарлы түрде шешіп, отбасына педагогикалық көмек беруді мақсат етеді. Ал, ата-ананың педагогикалық білімінің неғұрлым жоғары болуы олардың қоғам алдында өз балаларының тәлім-тәрбиесі үшін жауапкершілігін арттырады. Сондықтан да баланы жағымды ортада тәрбиелеу мен оқыту қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады
. Қазіргі кездегі жасөспірімдердің арасындағы қылмыстың көбеюі, жа стардың нашақорлығы, адамзаттың басынан төніп тұрған әр түрлі дерттің қанат жаюы, бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Баланың негізгі тәрбиешісі-өзінің туып өскен ортасы, ата-анасы. Баланың дұрыс азамат болып өсуі немесе қате жолға түсуі көбінесе үлкендерге байланысты. «Баланы-жастан…» деген сөздің мазмұны өте терең. Себебі, есейіп кеткен соң баласының теріс мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту өте қиын.
1.3 Қазақ халықтық педагогикасында отбасын тәрбиелеудің негізгі идеялары мен дәстүрлері.
Жас ұрпақты халық педагогикасы дәстүрлерінің негізінде тәрбиелеу, білімді ана тілінде меңгерту, ұлттық дәстүрлерді оқу-тәрбие процесінде пайдалану.Республиканың қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайын ұлттық мектептердің барлық сатысында білім мен тәрбие мазмұнын қайта құру қажеттілігі арта түсті. Өйткені қоғамның алға басуы көп ретте ұрпақтың қандай дәрежеде білім алып, тәрбиеленуіне тікелей байланысты. Халық педагогикасына аса зор мән беру қазіргі таңда үзіксіз тә»рбие беру маңайында күн тәртібінен түскен жоқ, қайта жанұя мен мектеп өмірінде күн өткен сайын көкейкесті проблемаға айналып отыр.
Мектепте оқу тәрбие процесінде халық педагогикасы дәстүрін пайдалануды ұйымдастыруға байланысты кешенді еңбектер жоқ. Демек, оқушыларды қазақ халық дәстүрлері негізінде тәрбиелеудегі қоғамның сұранысы мен оны жүзеге асыруға қажетті тұжырымдаманың жоқтығы, қазақ халық педагогикасы дәстүрлерінің тәрбиелік мүмкіндіктерінің жоғарлығы мен мектепте оларға деген сұраныстың аз болуы, оларды мектеп тәжірбиесінде бірізділікті жүйемен пайдалануды ұйымдастыру қажеттігі мен оны жүзеге асыратындай әдістемелік кешеннің жоқтығы арасындағы қарама-қайшылық анық байқалады. Сондықтан, оқу-тәрбие процесінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастыруға қажетті әдіс-тәсілдерді іздестіру, біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты «Халық педагогикасы негізінде адамгершілікке тәрбиелеу» деп тануымызға негіз болды.Қазіргі таңдағы теледидардағы «саны бар, сапасы жоқ» жарнамалардың орнына өзіміздің қазақи нақышталған мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылпаштарды енгізсек. Бұрынғы исі аңқыған нағыз қазақи ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрімізді қайта жаңғыртсақ нұр үстіне нұр болар еді. Сонымен қатар, спорттық жарыс, дене сабақтарында өткізілетін ұлттық ойындар санын арттырсақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет