Ультракүлгін сәулелермен стерильдеу. Бұл әдіс ультракүлгін - Ультракүлгін сәулелермен стерильдеу. Бұл әдіс ультракүлгін
- сәулелердің толқын ұзындығы 260-300 мкм болғанда бактерициттік қасиетіне негізделген. Бұл әдіспен бокс ауасын, операция бөлмелерін, балалар мекемелерін стерилдеу үшін бактерициттік әртүрлі қуатты лампаларды қолданады. (БУВ-15, БУВ-30,. Бұл келтірілген әдісте басқа термиялық антимикробтық залалсыздандыру-қайнату қолданылады. Бұл әдіспен шприцтерді, ұсақ хирургиялық аспаптарды, заттық және жабын шыныларды және т. б. заттарды стерильдеу ушін бұларды стерилизаторға салып, ішіне су құяды. Судың керекзіз қасиеттерін және қайнау температурасын көтеру ушін 1-2% натрий бикарбонатын қосады. Қайнату 30 минуттан кем болмау қажет. Бірақ бұл әдіс толық стерилизацияны қамтамасыз етпейді. Өйткені кейбір вирустар( мыс, гепатит вирусы) және бактерияның споралары тіршілік ету қабілетін сақтап қалады.
- Берілген стерилизация түрі ( бұралмаған қақпақта және ашық кранды) будың вегетативті торшаларға антибактериялық әсер етуіне негізделген. Бұл әдіс жоғары температураға шыдамайтын материалдарды стерильдеу кезінде пайдаланылады. Мысалы, витаминдер және көмірсулары бар қоректік орталарды стерильдеу кезінде. Толық залалсыздандыру үшін бөлшектік стерилизация принциптерін қолданамыз.
- Бұл материалды 100С-та 20-30 мин. 3 күн қатарынан стерильдейді. Бұл жағдайда вегетативті торшалар өледі, ал споралар сақталып, тәулік ішінде қайта өсіп шығады. Келесі екі реттік қыздыру материалдың толық стерильденуіне кепілдік береді.
Механикалық стерилизация - МЕХАНИКАЛЫҚ СТЕРИЛИЗАЦИЯ (фильтрлеу). Берілген әдіс микроорганизмдерді және олардың спораларын ұсақ поралы фильтрмен механикалық ұстап қалу қасиетіне негізделген. Лабороториялық практикада материалдарды асбестік және мембраналық фильтрмен фильтрлеу кеңінен қолданылады. Бұл фильтрлерді Зейцтің цилиндрлік воронканың ішіне бекітеді. Воронканың түтікшелі жағын резиналы тығынмен тубусы бар колбаға орнатады. Фильтрация алдында құралған бүкіл жүйе асбесті фильтрмен бірге автоклавта стерилденеді.
- Мембраналық фильтрлерді және қайнатып стерильдеп, Зейцтің стерильді воронкасына орнатады. Фильтрация вакуум насостың көмегімен жүреді, бұған тубусы бар колба жалғанады.
- Асбестік фильтрлер 30 дм және 140 мм болып шығарылады. Оның фильтрлеуші маркасын және стерильдеуші маркасын (сф) айырады. Мембраналық фильтрлердің қалыңдығы 0,1-0,5 мм 35 мм болады, бұлар нейтроклетчаткалардан немесе ацетилцеллюлозадан тұрады. Поралардың өлшеміне байланысты бұл фильтрлер 1-ден 5-ке дейігі нөмерді иеленеді ( поралардың өлшемдері 350-1200 нм тең) Сонымен қатар бактерияның токсиндерін, фагтардың және бактерияның тіршілігіне қажетті әртүрлі заттарды алу үшін пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |