- Хирургиялық бейіндегі стационарлардың (бөлімшелердің) үй-жайларындағы ауа мынадай тәсілдермен зарарсыздандырылады: 1) адамдар болмаған кезде қолданылатын ашық және аралас бактерицидті сәулелегіштер мен жабық сәулелегіштердің, оның ішінде адамдар болған кезде ауаны зарарсыздандыруды жүргізуге мүмкіндік беретін рециркуляторлардың көмегімен ультракүлгін сәулеленумен әсер ету; 2) қорытынды тип бойынша дезинфекциялау және күрделі жинау жүргізу кезінде адамдар болмағанда арнайы шашатын аппаратураның (аэрозоль генераторлары) көмегімен дезинфекциялау құралдарының аэрозольдерімен әсер ету; 3) қорытынды дезинфекциялау және күрделі жинау жүргізу кезінде адамдар болмағанда озон генераторлары қондырғыларының көмегімен озонмен әсер ету; 4) микробтарға қарсы сүзгілерді қолдану.
Денсаулық сақтау ұйымдарында зертханалық әдістерді қолдана отырып, дезинфекциялаудың сапасын бақылау босандыру және балалар ұйымдарында – жылына 3 рет, хирургиялық стационарларда – қоршаған орта объектілерінен шайындылар алу, стерильдікке тексеру үшін материал алу арқылы – жылына 2 рет, өзге де денсаулық сақтау ұйымдарында (амбулаториялық-емханалық мекемелер, диспансерлер) – жылына 1 рет жүргізілуі тиіс. Балалар ұйымдарында (сәбилер үйлері, баспаналар, балабақшалар) бақылау көрсетілген объектілерді мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын бөлімдермен бірлесіп жылына 2 рет жүргізілуі тиіс. - Денсаулық сақтау ұйымдарында зертханалық әдістерді қолдана отырып, дезинфекциялаудың сапасын бақылау босандыру және балалар ұйымдарында – жылына 3 рет, хирургиялық стационарларда – қоршаған орта объектілерінен шайындылар алу, стерильдікке тексеру үшін материал алу арқылы – жылына 2 рет, өзге де денсаулық сақтау ұйымдарында (амбулаториялық-емханалық мекемелер, диспансерлер) – жылына 1 рет жүргізілуі тиіс. Балалар ұйымдарында (сәбилер үйлері, баспаналар, балабақшалар) бақылау көрсетілген объектілерді мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын бөлімдермен бірлесіп жылына 2 рет жүргізілуі тиіс.
Қорытынды - Әр түрлі емдеу-профилактикалық мекемелерде, соның ішінде хирургиялық пен босану мекемелерінде стерилизациялық және дезинфекциялық режимді сақтау өте маңызды. Осы шараларды қатаң сақтау арқылы біз түрлі жұқпалы аурулардың алдын алып,оларды жоюға өз үлесімізді қосамыз!
- "Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 364 қаулысы
- Эпидемиология. С.Ә. Әміреев, 2000ж
Достарыңызбен бөлісу: |