Негізгі әдебиеттер:
1.Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас негіздері. Алматы: Print-S, 2005.
2 Сыздық Р. Тілдік норма және оның қалыптануы. – Астана: Елорда, 2001.
Қосымша әдебиеттер:
1. Қоңыров Т. Қазақ тілінің тұрақты теңеулер сөздігі. А, 1990
2. Жұбанов Е. Қазақтың ауызекі көркем тілі. А., 1996.
3. Уәлиев Н. Сөз мәдениетi. Алматы. 1992
4. Қазақ тiлiнiң түсiндiрме сөздiгi. 10 томдық
5. Н.Төреқулов. Қазақтың қанатты сөздері. А.1960
7-дәріс. Морфологиялық құрылыстың негізгі стилистикалық белгілері
1. Морфологиялық құрылыстың негізгі стильдік белгілері.
2. Морфологиялық тұлғалардың жеке стиль түрлеріне қатысы.
3.Көптік және септік жалғауларының сөз қолданысындағы стильдік ерекшеліктері.
4.Экспрессивті-эмоциональды лексика жасайтын кейбір морфологиялық тұлғалар.
Морфологиялық құрылыс стильдік қолданыс тұрғысынан сөздік қормен салыстырғанда біршама бейтарап екені айқын. Өйткені, морфологиялық құрылыс стильдік топтардың қай саласына да бірдей, барлығына да тән. Сондықтан сөз таптарының немесе сөз тудырушы аффикстер мен сөз өзгерту тәсілдерінің бір-бірінен оқшау қолданылу сырлары анық байқала бермейді. Тілдің морфологиялық тұлғаларының стильдік қолданылу жүйесі мен заңдылықтары бар. Оны мына өзгешеліктерден де байқауға болады. Алдымен стилистика тілдегі синонимдік құбылыстармен ұштасып жатады. Ал біздің тіліміздің морфологиялық құрылысында да мұндай синонимдік қатарлар кездеседі.
Әрине сөз өзгертуші, сөз жасаушы қосымшалардың синонимдік қатарларын айқындау, жіктеу тілдің лексикалық қорымен салыстырғанда әлдеқайда қиын жұмыс. Тіпті сөз қолдану тәжірибесінде белгілі бір аффикстің қай аффикспен синонимдігі барлығын ажырату мүмкін де бола бермейді. Оған себеп: біріншіден, қандай бір аффикс болмасын өзі жалғанған (немесе, біріккен) түбірге қосылып, оның өзі мәні айқын жіктеліп тұрмайды.
Екіншіден, тілдің грамматикалық құрылысында кез келген аффикс абстрактану процесіне ұшырайды. Соның салдарынан, оның өзіне ғана тән мән-мәнер бірте-бірте көмескіленіп, өшуге айналады. Мәселе мынада: сөзшең, сөйлегіш сөздерінің синоним болуы олардың құрамындағы -шең, -гіш аффикстеріне байланысты болғанмен, -шаң аффиксі жалғаса алатын түбірлердің бәріне бірдей -гіш аффиксі қосылып айтыла бермейді. Мысалы, ашушаң, тершең деп айта береміз, бұлардың қайсысыда кісінің белгілі бір ерекшелікке беиімділігін білдіреді. Дегенмен осы түбірлерге -гіш аффиксін тікелей қосып айтуға болмайды. Есім түбір туынды етістікке айналғанда ғана (ашуланғыш, терлегіш) жалғанады. Бірақ сол түбірге -шыл аффиксі тікелей қосылып, -шең аффиксімен синонимдік қатар құрады: ашушыл, тершіл. Сондай-ақ тапқыр, тапқыш сөздерінің синоним болуы -қар, -қыш, -қыр аффикстеріне байланысты. Бірақ, сенгіш, болжағыш, сөйлегіш, байқағыш, аяғыш сөздеріне -қыр аффиксіне жалғап айтуға келмейді. Сонымен, сөз жасаушы аффикстердің синонимдік қатар құруы кез келген сөз құрамынан байқала бермейді. Аффикстердің синонимдігі жайында айтқанда, түбірге қандай аффикс жалғана алатындығы ескерілуі керек болады.
Жинақтың мәнді зат есімдерге көптік жалғауларын қосып қолдану кеңсе стилінде немесе ғылыми әдебиеттер стилінде кездесе бермейді. Бұндай сөз қолданыстары әрине, тек көркем әдебиет пен публицистикалық шығармалар тіліне ғана тән. Сөз жүйесінде септік жалғаулары да айрықша көңіл аударуды қажет етеді. Олар сөз бен сөзді байланыстырып қана қоймай жалғанған сөзіне қосымша мән де үстемелейді.
Ілік септіктегі сөз конкретті меншікті білдірмей, коллективтік қатнасты білдіргенде: ауыл малы, мемлекет қаржысы т.б. Яғни жалғауды немесе тәуелдік жалғаулы сөздің білдіретін мағынасының нендей құбылысқа, затқа, кісіге қатыстылығын білдіру ниеті көзделгенде, ілік жалғауы түсірілмей айтылады. Мыс: Дүние жүзінің халықтары бейбітшілікті қолдайды (газеттен). Бұл жерде –нің жалғау нақтылы мақсатпен айтылған.
Барыс жалғауы іс бағытталған, арналған жанама объект мәнінде, кейде жатыс жалғауымен синонимдік қатар құрады. Ол затын қай жерде сақтайды, қай жерге сақтайды. Бұл етістіктермен қатар келгенде де байқалады. Мыс: далада, далаға қону. Қазақ тілінде бірде сөз табыс жалғауымен келеді де, бірде табыс септік мәнді болса да, жалғаусыз айтыла береді. Кітапты оқыды, кітап оқыды. Осыдан кітап оқыды бір нәрсемен айналысты деген жалпы мән болса, кітапты оқыды, тек кітап оқығандығын хабарлайды.
Жатыс септікте тек мезгіл мәнді (кез, шақ, уақыт) т.б. сөздер ғана емес, лексикалық тұрғыдан оған жатпайтын сөздер де мезгілдік мән ала алады. Мыс: Тыныштықта сүйген менің қырдағы әнім. Бұл жерде нақтылы мезгіл, уақыт жоқ, тек жобалау бар.
Шығыс жалғауы мынадай мағыналық мәнерлерде қолданылады.
1. Заттың неден істелгендігін білдіреді. Тастан үй салды.
2. Нәрсенің шығар көзін білдіреді, білімді кітаптан алады.
3. Іс-әрекеттің шығатын мекенін білдіреді. Қарағандыдан көмір шығады.
4. Іс-қимылдың пайда болу таралу мезгілін, уақытын білдіреді. Мыс: жастайынан суретке әуес.
Көмектес септік негізінен, іс-қимылдың не, кім арқылы жасалғандығын, іс-әрекеттің болу ерекшелігін, себебін, орын-мекенін, мезгілін білдіреді. Ол ойланып ұзын жолмен келе жатқанын да сезбей қалды.
Әдеби тілдің белгілі бір стильдік саласында жиі қолданылуға бейім морфологиялық тұлғалар бар. Құрамында жиі жұмсалатын морфологиялық тұлғалардың сипатына қарай жазба стильдерді негізінен екі топқа бөлуге болады. Морфологиялық құрамы тұрғысынан кеңсе стилі мен ғылыми стиль бір-біріне жақын. Сол сияқты публицистикалық стиль мен көркем әдебиет стилі бір-бірімен үндеседі. Соған орай публицистикалық стильде жиі кездесетін морфологиялық тұлғалар көркем әдебиет тілінде де жиі қолданылады.
Қазақ әдеби тілінде ерте кезден қалыптасып кеткен сөйлеу стилінің бірі - шенеу, мысқыл. Тілдік фактілерге қарағанда мұндай экспрессия көбіне жеке сөздер мен синтаксистік шумақтар арқылы беріледі. Кекету, кемсіту, жақтырмау мағыналарында жұмсалатын аффикстер -сымақ (адамсымақ, сулусымақ), -сып (адамсып), -қалақ (үшқалақ), -ымсақ (сұрамсақ). Бұлар арқылы жасалған туынды есімдер юморлық портрет жасауда, суреттелетін заттың басқадан оқшау ерекшелігін бір сөзбен жеткізуде қолданылатын өткір тәсіл болады. Тіліміздегі биік-биік, үлкен-үлкен, қисық-қисық тәрізді бір сөздің қайталануы арқылы жасалған күрделі сын есімдер эмоциялы екпін туғызудың өнімді тәсілдерінің бірі. Сөйлем ішінде мұндай сөздерге әдетте логикалық екпін түседі. Қос сөз тулғалас сын есімдер-көркем әдеби тілдің басты суреттеу құралдары болып есептеледі.
Сын есімнің шырайлары да экпрессиялық мән туғызудың өнімді тәсілі -рақ (рек). Оның бойы басқалардан бойшаңырақ көрінді -лау (леу, дау, деу). Қазір ол сұңғақтай узын бойлы, жіңішкелеу қыр мұрынды сұлу қыз болыпты. Сын есімнің шырайларының ішінде күшейтпелі шырайға:
Аппақ ет, қып-қызыл бет, жап-жалаңаш,
Бейне бір ұқсатамын туған айға (Абай)
Достарыңызбен бөлісу: |