33. Қалыпты зәрдің физико-химиялық қасиеттері, нормадан өзгеруі.
Қалыпты
зәрдің
физико-химиялық
қаспеттері,
нормадан
өзгеруі.
14.2.1. Сау адамның зәрінің физико-химиялық қасиеттері және химиялық қүрамы.
Диурез - зәрдің тәуліктік мөлшері 1500-2000 мл. Ер адамдарда әйелдерге карағанда
диурез 200-300 мл артық болады. Күндізгі диурез (таңғы 5-тен кешкі сағат б-ға дейін)
түнгіден көп.
Зәрдің иісі. Зөрдің өзгеше ароматты иісі болады, ол жаңа піскен ет сорпасының иісіне
үқсас.
Зәрдің түсі пигменттерге (урохром, уробилин, стеркобилин) байланысты болады. Түсі
ашық сары түстен қою сары түске дейін өзгереді және зәрдің мөлшері мен салыстырмалы
салмағына байланысты болады.
Мөлдірлігі. Жана түзілген зәр мөлдір болады, көп түрғанда лайлануы мүмкін.
Аралас тамақтану кезінде зәрдің реакциясы әлсіз қышқылды немесе қышқыл болады,
ол бір негізді фосфаттардың екі негізділерден көп болуына байланысты. Өсімдік диетасы
кезінде зәрдің реакциясы - сілтілі болады. Зәрдің рН-ы 5,0-8,0 аралығында. Тығыздығы 1,
015-1,020, ол негізінен мочевинаның мөлшеріне байланысты болады.
Зәрдің тығыз түнбасының мөлшері 4-5%, яғни тәулігіне зәрмен бірге ағзадан кем
дегенде 60г. органикалық және минералдық заттар шығарылады.
14.2.2.1. Зәрдің физико-химиялық қасиеттерінің өзгеруі.
Диурездің сандық өзгеруі. Полиурия - зәрдің көп мөлшерде түзілуі, сүйықтықты көп
мөлшерде ішкенде, қатты стресс жағдайларында, қантты және қантты емес диабет кезінде,
созылмалы нефриттер мен пиелонефриттер кезінде, диуретиктармен емдегенде, кейбір жүйке
аурулары (истерия, эпилепсия және т.б.) кезінде, ісіктің қайтуы кезінде байқалады.
Түнгі полиурия (Quincke) немесе никтурия (Mehu) - түнгі диурездің күндізгіден басым
болуы, қан айналымының жетіспеушілігі кезінде, асқазанның жара ауруы кезінде кездеседі.
Олигоурия - зәрдің аз мөлшерде түзілуі, ағзаға сүйықтық жеткіліксіз түскенде, қатты
терлегенде, қан кеткенде, асқазан-ішек жолдарының бүзылыстарында (қүсу, іш өту),
токсикоз кезінде, өткір нефрит және бүйректік жетіспеушілігі, жүрек қызметінің бүзылуы
кезінде, ауыр металдар түздарымен улану кезінде және антибиотиктермен емдеудің
салдарында байқалады.
Анурия-зәр түзілуінің толық тоқтауы- өткір диффузды нефрит кезінде, некронефроз
кезінде (сулемамен улану), эклампсия, истерия, менингит және т.б. кезінде көрінеді.
Анурия уремияға әкелуі мүмкін. Рефлекторлы анурия зәр шығару жолдарын тас, ісік
бітегенде байқалады.
Зәрдің иісінің өзгеруі. Жаңа түзілген зәрден аммиак иісінің шығуы циститтің немесе
пиелиттің көрінісі болып табылады. Зәрден нәжіс иісінің шығуы колибациллярлық цистит
немесе куысты - тік ішекті байланысу бар екенін көрсетеді. Зәрден жемістің иісінің шығуы
ацетонға байланысты болады, ол қантты диабет, алиментарлы дистрофиялар, асқазанның
қатерлі ісігінде байқалады.
Зәрдің салыстырмалы салмағының өзгеруі. Салмақтың 1,030, тіпті 1,034-ке дейін
жоғарылауы сау адамдарда таңертеңгі зәрде, әсіресе жаз кезінде байқалады. Біраз мөлшерде
салыстырмалы салмағының жоғарылауы қантты диабет кезінде, амилоидты-липидты нефроз
кезінде, ыстығы көтерілген науқастарда байқалады. Зәрдің салыстырмалы салмағының
үнемі жоғары болуы "тоқырау бүйрек" синдромы кезінде байқалады, онда зәрдің ағынының
225
бәсеңдеуіне байланысты судың реабсорбциясы артады да, ал түйіндік аппараттың
экскреторлы қызметі сақталады. Төмен салыстырмалы салмағы (изогипостенурия)
нефросклероздар және созылмалы нефриттер кезінде көрініс плады. Зәрдің салыстырмалы
салмағының өте төмен көрсеткіштері қантты емес диабетте ( diabetes insipidus) байқалады.
Бүйректін функциональды белсенділігін анықтау Зимницский әдісі бойынша жүзеге
асырылады, бұл әдіс бойынша тәуліктік диурездің сандық мөлшері анықталды. Әрбір 3
сағат сайын жекс порциялармен күндізгі днурез (сағат таңғы б-дан кешкі б-ға дейін) және
әрбір 3 сағат сайын түнгі диурездің зәрі (кешкі б-дан таңертеңгі б-га дейін) жинақталады.
Әрбір порцияда салыстырмалы салмағы, түнгі және күндізгі диурездің көлемі есептеледі.
Егер Зимницкий әдісі кезінде зәрдің 3 сағаттық порциясының кем дегенде біреуінде
салыстырмалы салмақ 1,024-1,025 болса, онда бүйректің функциональды қабілеті жеткілікті
деп есептеледі.
Зәрдің салыстырмалы салмағы 1,018-1,020 аралығында болса, ол бүйректің
функциональды белсенділігінің төмендігін көрсетеді. Одан да төмен көрсеткіштер (1,012-
1,015) бүйрек қызметінің өте төмен деңгейде скенін көрсетеді. Егер де салыстырмалы салмақ
пен түнгі және күндізгі диурездің көлемін салыстырған кезде салыстырмалы салмақтың
көрсеткіші көп өзгермесе және диурез де 3 сағаттық кезеңде өзгеріссіз қалса, онда бүйректің
қатерлі мүшепатологиясы туралы айтуға болады.
Зәрдің түсінің өзгеруі. Әлсіз түсті, тіпті түссіз зәр қантты емес және қантты диабет,
созылмалы нефрит және нефросклероз кезінде байқалады. Сары - күлгін түсті зәр ыстығы
көтерілген науқастарда, жүректің декомпенсациясы кезінде болады. Қызыл түсті зәр
гематурияда байқалады. Жасыл - сары түстіден ашық және қою-қоңыр түстің (сыра тәріздес)
болуы зәрде өт пигменттерінің болуын көрсетеді. Қою - күлгін немесе қара түсті зәр
гемоглобинурияның салдарынан болады, ол эритроциттер гемолизінің және плазмада
гемоглобинның концентрациясы артуынан болады, гемоглобин ыдырап, бүйрек арқылы
шығарыла бастайды. Бос күйінде гемоглобин гаптоглобинмен жоғары молекулярлы
комплекс түзеді, ол бүйректің сүзгісі арқылы өте алмайды.
Егер көп тұрған кезде (8-12 сағаттан кейін) зәр қарайып кетсе, ол меланинның
хромогенінің меланинге ауысуына байланысты болады, бүл меланосаркома кезінде
байқалады. Реакция түз қышқылының бірнеше тамшысын қосқанда жеделдейді. Егер
сілтілеген кезде зәр қарайса, ол гомогентизин қышқылының пайда болуына байланысты,
бүл жағдай алкаптонурия кезінде байқалады. Қою түсті зәр порфирияның салдарынан
болады. Ақ - сары түсті зәр онда фосфаттардың, формалық элементтердің, іріңнің көп
мөлшерде болуына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |