Бета-глобулиндер
Гамма-глобулиндер
7.3 - 12,5 %
12,8 - 19,0 %
иммуноглобулиндер
Ig G - 8-16 г/л
Ig A - 1,4-4,2 г/л
Ig M - 0,05 -1,9 г/л
Ig E - 0,1 - 2,0 мг/л
Ig D - 30-400 мг/л
Миоглобин
12-92 мкг/л
30.Эритроциттер химиясы. Газдар тасымалдауға және қанның рН-ын сақтауға гемоглобиннің қатысуы.
Эритроцит дегеніміз - эритробластың ядросыз дериваты болып табылады. Жетілген
эритроцитте ядро, хроматин және белоктар мен липидтер синтезінің аппараты болмайды.
Эритроциттерде митохондрия да жоқ. Қанда эритроциттердің жалпы мөлшері 3,7-4,7
млн/мкл. Сау адамның гематокриттік мөлшері (кан плазмасының көлеміне эритроциттердің
жалпы көлемінің қатынасы) ер адамдарда 40-48%, әйелдерде - 36-42%.
Өсуге, органикалық заттарды синтездеуге қабілетті тірі клетка қатарына жатпаса да,
эритроцит үзақ (125 күнге дейін) өмір сүруге қабілетті. Қан ағымындағы циркулиясы
кезінде эритроцит шамамен 100 мың айналым жасайды, сол аралықта эритроцит ағзаға
аса қажетті биологиялық қызметтерді атқарады. Бұл қызметтері белоктар жөне
ферменттермен қамтамасыз етіледі, олар ретикулоцит, эритробласт кезеңінде, тіпті
эритроциттің дамуының өте ерте кезеңдерінде синтезделеді.
Эритроциттердің басты биологиялық кызметі - газдарды тасымалдау (оттегіні және
көмір қышқыл газын). Эритроциттер аминқышқылдарды, глюкозаны және калий мен
натрий иондарын тасымалдауға қатысады деп есептеледі. Қан ағымындағы
пиркуляциясының бүкіл мерзімінде эритроциттің газды тасымалдау үшін екі бүгілген
диск тәрізді формасын сақтауы - эритроциттердің химиялық құрамымен, құрылысымен
жөне мембранасының қасиеттерімен түсіндіріледі.
Эритроциттердің негізгі химиялық компоненті глобин белогы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |