Стоматология факультеті


Гормондар, жалпы түсінік,нысана клеткалары, рецепторлар, гормондардың биологиялық ролі



бет18/35
Дата01.06.2022
өлшемі266.17 Kb.
#458867
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35
биохимия Мухиддин (2)

35. Гормондар, жалпы түсінік,нысана клеткалары, рецепторлар, гормондардың биологиялық ролі.
Гормондар, жалпы түсінік,нысана клеткалары, рецепторлар, гормондардың биологиялық ролі.
Гормондар!1 (гр. hormao - қоздырамын, қозғаймын) - эндокринді бездер немесе эндокриндік қызметке
қабілетті жекеленген жасушалар бөлетін тым белсенді органикалық биологиялық заттар. Аталмыш
бездер мен жасушалардың шығару өзектері болмағандықтан, олар өздері бөлетін гормондарын
организмнің ішкі сұйық ортасына (ұлпа сұйығы, кан, пимфа) бөліп шығарады. Гормондар - өзінің
химиялық табиғатына байланысты: стероидты гормондарға (жыныс гормондары, бұйрекүсті безі
қыртысты заты гормоны), протеиндік және пептидтік гормондарға (гипофиз, қалқанша без, қалқаншамаңы
безі, ұйқы безі, бұйрекүсті безінің бозғылт затының гормондары), ал нысандарға әсер ету қызметіне
қарай: бірыңғай салалы ет құрылымдары мен бездерге салыстырмалы қысқа мерзім ішінде әсер ететін
кинетикалық гормондарға (окситоцин, вазопрессин, адреналин, норадреналин), организмдегі зат алмасу
процестерін реттейтін метабоддық гормондарға (тироксин, кальцитонин, паратгормон, инсулин, глюкагон)
және жасушалар, ұлпалар мен мүшелердің өсуі мен жетілуін бақылайтын морфогенетикалық гормондарға
(соматропты гормон, фолликулды жандандырушы гормон, эстрогендер, тестостерон) бөлінеді.
Гормондар - ішкі секреция бездерінен бөлінетін ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін биологиялык
белсенді заттар. Гормондардың барлығы ағзалық заттар, себебі, олардың біреуі нәруыздан, екіншісі
аминқышкылдарынан, үшіншісі майтектес заттардан құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен
бөлініп, қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі, Ішкі секреция бездерінің
қызметін реттейтін орталық - аралық мидағы гипоталамус. Оны көру төмпешікасты бөлімі деп те атайды.
Гипоталамус пен гипофиздің қызметі бірімен-бірі тығыз байланысып, гипоталамустен гипофиздік жүйе
құралады. Жүйке ұлпасынан бөлінетін гормондар - нейрогормондар деп аталады. Олар қан құрамының
тұрақтылығын және зат алмасудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Осы арқылы ағза қызметінің әрі
рефлекстік, әрі гуморальдық реттелуі жүзеге асады. Қызметі - Зат алмасу қарқындылығын өзертеді;
Ағзаның тіршілік ету ортасына бейімделушілігі арттырады Өсу мен көбеюді реттейді Физиологиялық
үдерістерді күшейтеді немесе бәсендетеді
Жасуша нысан - Гормон нысанада болатын нәруыз - рецептормен байланысады. Осы рецепторлар
гормонның деңгейінің кішкене ғана ауытқуын сезіп, ішкі секреция бездеріне сигналдар жібереді,
нәтижесінде опар өздерінің белсенділіктерін арттырады немесе бәсеңдетеді. Нәтижесінде гормонның
мөлшері қалыпты жағдайға түсөді
Гормондардың биологиялык әсері, олардың
нысана-жасушалармен әрекеттесуі арқылы жү-
реді. Гормонның рецептормен әрекеттесуі
биологиялық белсенділік көрсетуі үшін, жасуша
ішінде, нәтижесінде ерекше биологиялык жауап
туғызатын химиялық сигналды туғызу керек, мы-
салы, ферменттер немесе олардың белсенділігінің
артуы (5-тарауды қараныз). Гормон үшін нысана
қызметін, бір немесе бірнеше ұлпалардын жа-
сушалары атқарады. Нысана-жасушаға әсер ете
отырып гормон айрықша жауап беретін реакцияны
туғызады. Мысалы, калқанша безі - тиреотропин
үшін срекше нысана, яғни тиреотропин әсерімен
қалқанша безінде ацинарлы жасушалар саны ар-
тады, тиреоидты гормондардың биосинтезделу
жылдамдығы күшейтеді. Глюкагон, алипоциттерге
әсер ете отырып, липолизді белсендіреді, бауырда
гликогеннің жұмсалуын және глюконсогенезді
күшейтеді. Нысана-жасушаның айрықша белгісі -
гормонның химиялық кұрылысында жұмбақталған
ақпаратты қабылдау қабілеті.
Нысана-жасуша түсінігі. Гормондардың эндокринді без жасушаларында түзілетін биологиялық
белсенді заттар екені естерінде болар. Синтезделген гормондар бездер бойынша қанға түседі де,
ағзаға
таралады.
«Нысана» түсінігі барлық екі - жүйкелік және гуморальдық реттелуге тән. Рефлекс доғасы
бойынша келетін жүйке импульсінің қайда түсетінін еске түсіріңдер. Ол үшін нысана бір бұлшық ет,
бұлшық ет топтары, белгілі бір мүшенің бұлшық ет қабаты немесе нақты без болады. Гуморальдық
реттелудің ерекшелігі гормондардың әртүрлі үдерістерге кешенді әсері болып табылады. Яғни
«нысанасы» нақты бір мүше болып табылатын жүйкелік реттелуден айырмашылығы гормондар
биобелсенді зат ретінде ағзадағы бірқатар биохимиялық және физиологиялық өзара байланысты
үдерістерге әсер етеді. Осы себептен «нысана» түсінігі әр гормонның әсері үшін жүйкелік реттелу
кезіндегіге қарағанда едәуір кең. Нысана ретінде көбінесе жеке мүше, тіпті жасушалар не ұлпалар
тобы емес, кешенді жүре бастайтын бірқатар биологиялық үдерістер болады. Бұл гормондар әсері
кезіндегі қысқа «бір реттік» жауап әрекеті сияқты емес, ағзаның физиологиялық жағдайындағы
гормондардыҢ рецепторлары
Гормондардың әсерінің бастапкы кезеңі -
гормонның жасуша рецепторымен әрекеттесуі. Жа-
суша сыртындағы сұйықтықта гормондардың кон-
центрациясы өте төмен, әдетте 10 4-1011 ммоль/л
шамасында. Нысана-жасуша, сәйкес гормонды,
баска көптеген молекулалардан және гормондардан,
нысана-жасушада болатын рецептордыңгормонмен
байланыса алатын ерекше байланысуорталығы бо-
луы арқылы ажырата алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет