Стоматология


Самай-төменгі жақ буынының анкилозы



бет154/173
Дата28.02.2022
өлшемі2.68 Mb.
#455816
түріОқулық
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   173
книга-хирургическая-стоматология

Самай-төменгі жақ буынының анкилозы
Анкилоз — дегеніміз төменгі жақтың қозғалысы жартылай немесе түгелдей шектеліп, буын беттері фиброзды немесе сүйекті бітісіп кететін самай-төменгі жақ буынының түрақты деформациясы. Буынның мұндай өсіп кетуіне көбіне инфекциялы процестер, сирек буынның механикалық зақымданулары себепкер болады. Самай-төменгі жақ буынының анкилоздарын туғызатын инфекциялық аурулардың қатарына қызылша, дифтерия, сүзек, оспа, туберкулез, актиномикоз және жақтардың остеомиелиттері жатады. Инфекциялы процестердің ішінде төменгі жақтың остеомие-литі алдыңғы орында тұр. Ортаңғы қүлақтағы қабыну процестері кезінде ірің дабыл жарғаның шырышты қабығын ерітіп Гассер саңылауы арқылы самай-төменгі жақ буынына енеді. Іріңді артриттерден кейін анкилоз балаларда да ересектерде де кездеседі.
Анкилоздарды туа және жүре пайда болған, қабынбалы және жарақатты деп бөлу қабылданған. Сонымен қатар түгел және жартылай, сүйек және фиброзды, біржақты және екіжақты деп бөлінеді. Буынға енген инфекция онда жедел ағымды немесе созылмалы қабыну процестерін тудырады. Қабыну процестері салдарынан буын беттері мен мениск өлеттенеді. Ақауланған жерлер гранулденген тіндермен алмасып, одан кейін фиброзды және сүйек тіндерінде алмасады.
Көбінесе буындағы жедел қабыну процесі айналасындағы сүйек және жұмсақ тіндерге жайылып, сол жерлерде пролиферативті процестің қарқынды дамуына себеп болады. Соның салдарынан самай сүйегі және оның бетсүйегі өсіндісінде, төменгі жақ бүтағының жоғарғы бөлігінің арасында дөрекі тыртықтар мен сүйектенулер пайда болады. Балада және жас кезде сүйек анки-лоздары, ал ересектерде фиброзды аниклоздар кездеседі.
Клиникалық көрінісі. Самай-төменгі жақ буынының анкилозы ауыздың түгелдей немесе жартылай ашылуымен, зақымданған буында жылжу қимылының болмауымен ерекшеленеді.
Біржақты анкилоз. Егер ауруға бала кезден шалдықса зақымданған жағынан төменгі жақ пен оның бұтағының зақымдануына байланысты беттің асимметриясы дамиды. Бұл кезде иек, мұрынның ұшы, төменгі еріннің тартпасы, ауру жағына қарай ауытқыған құлақ қалқаны сау жағынан төмен орналасқан. Беттің сау жағы ауру жағына қарай ауысуына байланысты тегістеліп кеткен секілді көрінеді.
Екіжақты анкилоздарда қалыпты тамақ қабылдау мүмкін емес. Науқас сүйық немесе тістерінің арасынан өтетіндей ботқа тамақтарды ішеді. Тамақты дұрыс шайнап жей алмағандықтан ауызда гингивит дамып, тіс тастары көбейіп, тістер қозғалмалы бола бастайды. Науқас өте әлсіз, жүдеу болады. Олардың сөйлеуі бұзылған, ауырған тістерін емдеу немесе жұлу тіпті мүмкін емес. Мұндай аурулардың құсуы кезінде аспирация мен асфиксия даму себептерінен өміріне қауіп тууы мүмкін. Жақтың өспеуінен науқас шалқасынан жатқан кезде тілдің артқа түсіп кетуінен тұншығып немесе қатты қорылдайды.
Сүйек анкилозының рентген суреттерінде: а) буын саңылауының жоқтығы, б) бір сүйектің екінші сүйекке өтуі; в) сүйектің буын басы контурының жоқтығы көрінеді.
Фиброзды анкилоз кезінде буындағы барлық шеміршек жойылып, буын басы буын шұңқырына тығыз фиброзды тінмен бітіп кетеді. Буын қапшығында да фиброзды тіннің дамуынан тыртықты өзгерістер пайда болады.
Фиброзды анкилозды буын бөлігінің остеопорозы, буын саңылауының тарылуы мен ауызды ашқандағы буын басының қозғалмауы сияқты белгілер тән. Анкилозды төменгі жақтың қарысуынан және ауыздың механикалық кедергілерінен ажырату керек. Оның диагнозын анаменезді анықтай отырып, этиология-лық факторлар мен ауру динамикасын, клиникалық және рентге-ишрафиялық зерттеулердің көрінісіне арқа сүйеп қою керек.
Фиброзды анкилоздың емі операциялық жолмен фиброзды байламды кесу және операциясыз наркозда жатқан науқастың аузын кергішпен күшпен ашып фиброзды байламдарды үзу. Фиброзды анкилозды консервативті емнен бастаған жөн. Науқастың буынына аптасына екі рет 25 мг гидрокартизонды шприцпен жіберу керек. Гидрокартизонның әсерінен буын ішіндегі жас фиб-роэды байламдар ыдырап жойылып кетеді.
Буынның ішіндегі фиброзды байламдарды кесу операциясы бір жақты анкилоздар кезінде жасалады. Жалпы, суббазальды инфилтрациялық жансыздандырулар арқылы буын қапшығы кесіліп, тыртықтанып өзгерген табақша мен тыртықтар алынып тасталады. Егер бұдан соң да жақ дұрыс ашылмаса металл шпательдің ұшын буын саңылауына салып, қосымша остеотомия операциясы жасалады. Операциядан кейін 5—6 күн жаққа тыныштық беріп таңып тастайды. 6 күннен кейін таңғышты алып тастап, активті және пассивті механотерапия тағайындайды.
Сүйек анкилоздарының барлығы хирургиялық жолмен емделеді. Анкилоздардың хирургиялық емі өзінің мақсаты мен мәселелеріне байланысты екі үлкен топқа бөлінеді.
1. Анатомиялық компоненттерін қайта қалыпқа келтірмей-ақ буын қызметін атқаратын тұрақты жалған буын жасау.
2. Самай-төменгі жақ буыны қызметін, анатомиялық компоненттерін және беттің төменгі бөлігінің косметикалық ақауларын қалыпқа келтіруге бағытталған операциялар.
Бірінші топтағы операциялар өз буынына жақын орналасқан жалған буындар жасауға бағытталған. Операциядан кейін қайтадан қайталамас үшін жаңа жасалған буын басы мен буын шүңқырының ортасына әртүрлі материалдар қойылады.
Осы мақсатпен металл және пластмасса қалпақтар (А. Э. Рау-эр, Н. М. Михельсон), тері май қиындысы (Косых С. Ф), диэпителизацияланған Филатов сабағын сүйектің арасына салу (Аимберг А. А.) суйек жарасын химиялық заттармен түтіндеген азот қышқылымен өңдеп (1—2 минут қоңырланғанша) қосқышқылды сода ерітіндісімен бейтараптау (Великанов М. М.). Бүл операция-лардың негізгі әдісі сүйектің көлбеу операциясы (Львов П. П., Рауэр А. Э.) (50 а, б-сурет). А. Э. Рауэр буынға құлақ түйінінің қасынан кесуді ұсынады.

50- сурет. Төменгі жақ сүйегінің анкилозына жататын А.Э. Рауэр бойынша остеотомия операциясы
Самай-төменгі жақ буыны қызметін, анатомиялық компоненттерін, және беттің төменгі бөлігінің косметикалық ақауларын түзету мақсатымен лиофилизацияланған ортотопикалық сүйек аллотрансплантатты қолдану (А. А. Плотников), самай сүйегінің қабыршағынан жаңа буынды кортикалды сүйектен артропластика (Титов А. Т., Каспаров А. Н.), самай-төменгі жақ буын қабырғаның сүйекті-шеміршекті аллотрансплантатымен артропластика жасау (Савицкий В. А. Иониан-нидис Г. П.), буын өсіндісінің ақауы болса тәжді өсіндісін пластика жасап оның орнына көшіру (Г. П. және Ю. И. Бер-надскийлер) операциялары жасалады.
Біздің клиникамызда буын өсіндісінің ақауын жою мақсатымен келесі пластикалық операциялардың түрлері мен оларды жасауға болатын кездері ұсынылады (Төлеуов Қ. Т. 1990) (51-сурет).

51- сурет. Самай төменгі жақ буынының анкилозын және микрогнатиясын жоюға қолданатын ситаллдан жасалған имплантант.
1. Самай-төменгі жақ буынының анкилозы мен микрогнатиясын ситаллдан жасалған имплантант арқылы жою.
Жалпы наркоз арқылы төменгі жақтың астынан бұрышын айналдыра жарты ай тәрізді тілік жасалады. Төменгі жақтың бұтағы мен анкилозданған самай-төменгі жақ буыны жалаңаштанады. Бұрынғы буынның орнына неғүрлым жақын жерден остеотомия жасалады. Остеотомиядан соң төменгі жақ бүтағының дистальды ұшы босаған соң самай сүйегінде буын шуңқыры жасалады. Төменгі жақ дұрыс орнына қойылады. Жасаған ақауға алдын ала дайындалған ситалл имплантант қойып, оны сыммен бекітеді. Буын қапшығын айналасындағы жүмсақ тіндермен қалыпқа келтіріледі.
Операциядан кейін барлық науқастарға миогимнастика тағайындалады. Төменгі жақтың қызметі толық қалыпқа келтіріліп, тістесу ортогнатиялыққа жақындайды. Электроионографиялық тексерулер бұрын семіп кеткен шайнау булшықеттерінің қызметтері қалыпқа келе бастағанын көрсетеді.
2. Самай-төменгі жақ буынының анкилоздары мен микрогнатияны жамбас сүйегінің қырымен оның маңайындағы жұмсақ тіндері арқылы қалыпқа келтіру.
Бул әдіс егер зақымданған жағында төменгі жақ тепкісі болмаған жағдайда көбінесе балалар мен 20 жасқа дейінгі нау-қастарға жасалады. Аталған аутотрансплантаттың төмендегідей жақсы жерлері бар: 1) Алдыңғы жоғарғы жағы сүйек қабымен тығыз жабылған әрі пішіні буын өсіндісіне ұқсас. 2) Оның үстіндегі жұмсақ тіндерді қолдану анатомиялық үйлесімді әрі тиімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   173




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет