Стоматология



бет156/173
Дата28.02.2022
өлшемі2.68 Mb.
#455816
түріОқулық
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   173
книга-хирургическая-стоматология

Микрогнатияның клиникасы. Самай-төменгі жақ буынының ішкилозы болмаған уақытта беттің асимметриясымен сипатталады. Қысқарған жаққа қарай иек ауытқыған. Жақ неғұрлым қысқа болса, соғүрлым иек ортаңғы аймақтан өте көп ауытқиды. Тез кнрінетін микрогнатия кезінде тістесу бузылады. Микрогнатияның себебі әртүрлі. Көбіне ол бала кезінде болған төменгі жақ остеомиелитінен кейін дамиды. Остеомиелит кезіндегі сүйек секвестрлері жақ бұтақтарын деформациялаумен қатар, буын өсіндісінің ксуіне және оның дамуына, кейде сорылып бүзылуына әкеліп соғады. Микрогнатияны орнына келтіру үшін әртүрлі тәсілдер қолданылады. Кейбір уақытта ауыздың ашылуы. Ашылған кезде иектің бір жаққа қарай ауытқуы аз немесе болмаған кезде жоғарғы тістер төменгі тістермен жақсы түйіскенде және жақтың қысқаруы аз болған кезде (10— 15 мм-ге дейін) тек қана косме-тикалық талаппен жасалынады. Бұл уақытта контурлық пластика жасалынады. Жақтың деформацияланған аймағына жергілікті жансыздандыру жасалынып, пішіні мен мөлшері сай келетін шеміршекті немесе пластмасса имплантаттар енгізіледі. Кішігірім микрогнатияны Лимбергтің мыжылған шеміршекті әдісімен жа-сауға болады. Жақтың денесі мен бүтағының мөлшеріне байланысты А. Т. Титова әртүрлі операциялар ұсынды. Микрогнатияны Титова бойынша радикалды емдеу 3 кезеңнен тұрады.
I. Төменгі жақтың орналасуын хирургиялық тәсілдермен жөндеу. Ортопедиялық құрсаулар және остеотомия арқылы жақты жаңа орынға келтіру (қысқарған бөлікті ұзарту).
II. Жоғарғы жақтың пішіні мен тістесуін ортопедиялық жолмен орнына келтіру.
III. Беттің асимметриясын түзету үшін қолданылатын қосымша операциялар (контурлы пластика, жергілікті тіндермен жасалатын пластика). Емдеу тістерді протездеумен аяқталады. Операция жасау тәсілдерін таңдаған кезде мынадай көрсеткіштерді білу керек: 1. Микрогнатия анкилозбен бірге жүре ме әлде жүрмей ме? 2. Жақ денесі мен өсіндісінің қысқару мөлшері. 3. Ауыз, ерін ашыла ма және иек жанына қарай ауытқи ма?
Иек ауыратын жаққа қарай ауытқымай ауыз жақсы ашылуы үшін А. Т. Титова жақ бүтағын орнына келтіріп және сүйекті еркін орналастырып, жаңадан самай сүйектің қабыршағынан жаңа буын жасады. Бұл операцияны эндотрахеальды наркоз беру арқылы жасайды. Төменгі жақтың деформацияланған және қысқарған бұтағын, сыртқы және ішкі беттерін жүмсақ тіндерден ажыратып алады. Осы уақытта деформацияланған буын және тәжді өсінділердің деформациясы сақталса остеотомия жүргізіледі. Ос-теотомияны горизонталды жүргізіп, жақты төмен және сау жаққа қарай дүрыс орналасқанша ауыстырады. Одан кейін доғал жолмен бет өсіндісімен самай сүйегі қабыршағының арасындағы жұмсақ тіндерді алады. Қабырғадан алынған шеміршекті трансплантатты буын төмпешігінің алдынан немесе соңының түсындағы самай шүңқырына шеміршекті жағын қаратып енгізеді. Бүл уақытта міндетті түрде сүйек трансплантатты самай сүйектің қабыршағына дейін жеткізеді. Одан кейін жұмсақ тіндері қабат қабатымен тігіледі және олар сүйек трансплантатты тығыз қоршап тұруы керек.
Операциядан кейінгі 10-12 күнге дейін иектің дұрыс жатуын және трансплантатқа тыныштық береді.
Жоғарғы және төменгі жаққа жасалатын мүндай операциялардан тістесу түзелмейді, бірақ ол ортопедиялық әдістерден соң біртіндеп қалыпқа келеді.
Торлы компактостеотомия операциясы А. А. Лимбер басқарған клиникада практикаға енді. Операция жергілікті жансыздандыру арқылы жасалады. Жоғарғы және төменгі жаққа жасалған операциядан соң ортопедиялық ем 12—16 күннен кейін басталады. Себебі осы кезде асептикалық қабыну мен операциядан соң, сүйектің қайта қурылуының әсерінен ол жумсақ болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   173




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет