Стоматология


ТӨМЕНГІ ЖАҚТЫҢ КОНТРАКТУРАСЫ



бет157/173
Дата28.02.2022
өлшемі2.68 Mb.
#455816
түріОқулық
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   173
книга-хирургическая-стоматология

ТӨМЕНГІ ЖАҚТЫҢ КОНТРАКТУРАСЫ
Төменгі жақтың контрактурасы — бет-жақ аймағының патологиялық өзгерістері мен жұмсақ тіндердің пластикалық қасиетінің және самай-төменгі жақ буыны қызметінің бүзылуы.
Ағымына және себебіне қарай контрактура тұрақты және тұрақсыз болады. Тұрақсыз контрактура көп жағдайда ұзақ уақыт тісаралық резиналы тартпасы бар құрсауды қолданғаннан, меншікті шайнау бұлшықеттердің босауынан және төменгі жақты қоршаған жүмсақ тіннің патологиялық процестері болған кезде байқалады.
Контрактураның мынадай түрлері бар: 1. Дермотогенді. 2. Мукогенді. 3. Миогенді. 4. Десмогенді. 5. Тыртықты.
Жақтың контрактурасына мынандай патологиялық процестер әкеледі: 1. Ауыз қуысының жаралы-өлеттенген процесі (нома, скарлатинадан кейінгі асқыну, сүзек, жүрек, қан-тамыр бүзылы-стары) 2. Ауыз қуысы мен қоршаған тіндердің созылмалы арнайы процестері (сифилис, туберкулез актиномикоз). 3. Термиялық және химиялық күйіктер. 4. Жарақатты зақымдану. 5. Қатерлі және қатерсіз ісіктердің операциясынан кейін. 6. Миозит.
Клиникасы. Төменгі жақ контрактурасы кезінде сөйлеу және тамақ қабылдау қызметі бүзылады. Әсіресе алдыңғы тістер „желпігіш" тәрізді орналасады. Сирек жағдайда жоғарғы және төменгі жақ деформациясы болады. Егер контрактура бет қаңқасының өсуінен бүрын пайда болса, онда төменгі жақтың да-муы кедергіленеді, бірақ деформациясы анкилоз кезіндегідей өте анық. Жақтың толық қарысуы және барлық тістердің болуы — төменгі жақ бұтағының ішкі бетінің тексерілуін қиындатады.
Осы аймақтың шырыппы қабығының тыртықтанып өзгеруін ауыз қуысын тек маңдай рефлекторы мен тіс қатарының ақаулары арқылы анықтайды.
Төменгі жақ бүтағының ішкі бетіндегі және тәжді өсінді аймағындағы тыртықтар пайда болған контрактураға, төменгі жақтың сәл алға және сау жағына қисаюына тән. Бұны негізінде төменгі жақ-самай буынының анкилозынан ажырату керек. Тыртықты контрактура кезінде буын басының қозғалуы байқалады, ал рентгенде басының, мойнының, буын өсіндісінің және төменгі жақ бүтағының деформациясы байқалмайды.
Емі. Тыртықты контрактураның консервативті емі парафин, пирогенал, В. П. Филатовтық тінді терапиясын гиалуронидазамен, лидазамен, ренидазамен, гидрокортизонмен, терапия және ультрадыбыспен жүргізіледі.
Консервативті емінің негізгі мақсаты коллогенді талшықтарда гиалиноз дамуына жол бермеу. Бүл ем егер тыртық жас, жаңа және 9— 12 айдан аспаған жағдайда нәтижелі болады.
Жақтың контрактурасын хирургиялық әдіспен емдеу. Жақтың бет терісімен теріасты майлы қабатының тыртықталып өзгерген тіндерінен (күйіктен, жарақаттардан т. б. аурулардан) кейін пайда болған контрактураны кесіп алып тастап, Лимберг әдісімен айналасындағы тіндерден алған қиындыларды жылжыту арқылы немесе Филатов сабақшасымен жоюға болады. Бұл операциялардың ойдағыдай болуы контрактураның себебі болған тыр-тықтанған тіндерді алып тастауына (ауыз толығымен ашылу қажет) және одан кейін пайда болған ақаудың толығымен жабылуына байланысты. Жақтың турақты қарысуына себепкер болатын үрттың шырышты және шырышасты қабатында орналасқан жалпақ тыртықтарды төменгі, жоғарғы жақ альвеолды өсінділеріне бекіген жерінен кесіп толығымен ажыратады. Пайда болған жара бетін жүқа тері қиықтарымен жабады. Қиықтарды протезге бекітілген стенстен дайындалған төсеніштен көшіріп орналастыра-ды немесе йодоформды білікті жара қуысына орналастырып жібек жіппен тігеді. Соңғы кезде ұрт ақауларын жабу, тыртықты контрактураны жою үшін Филатов сабақшасын кеңінен қолданады. Сабақшаны дайындаған соң оны ақау шетіне көшіреді де тыртықты кесіп алып, ауыз толық ашылған соң ақауды екі қабаттап жабады.
Тәжді өсіндімен бет сүйегі немесе оның доғасы және төменгі жақ сүйегінің бұтағымен жоғарғы жақ сүйегінің төмпешігі бітісуіне байланысты контрактура емі оте қиынға түседі. Мұндай контрактуралар оқпен жарақаттанғанда немесе нома, созылмалы остеомиелиттен кейін дамиды. Тәжді өсінді бет сүйегі немесе оның доғасымен бітіскен жағдайда тәжді өсіндіні кесіп алып тастайды. Төменгі жақ аймағында тілік жасағаннан соң меншікті бұлшықет жақ бұрышына бекітілген жерінен ажыратылып, жақ сүйегінің бұтағы жалаңашталады да тәжді өсінді остеотоммен алынады. Сонымен қатар, маңындағы тыртықтар қиылады. Ауыз ашылған соң шайнау тістерінің арасына резиналы кергіш қояды. Төменгі жақтың бұтағы, жоғарғы жақтың төмпешігі және бет сүйектері бітіскенде төменгі жақ бұтағының алдыңғы бөлігін кесіп алып тастайды. Операция жасау жолы тәжді өсіндіні кесіп алғандағыдай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   173




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет