Стр. 118 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 117
Стр. 119
Қазақстанның ашық кітапханасы
118
—
Өзіміздің клубта билеп жүр екен.
—
Кіммен?
—
Кіммен?.. Кіммен болушы еді, өзіндей бір қызбен! Жігіттердің бірімен билеп
жүрсе, мен ол жігітті түтіп тастайтын едім. Құдай сақтап, қызбен билеп жүр екен... Қаpaп
қатыппын да қаппын... Қыз емес, бір жібек... Көбелектей дөңгеленеді. Кішкене аяқтары
көзіме түсіп кеткенде, ұрланып қана өз аяғыма да қарап қоям... Жоқ, мен бір пілмен билеп
үйренбесем, Нинамен билеуге орайым келер емес. Ойым сонша дөңгелегісі келеді де екі
аяғым қозғалар емес.
Әңгімесінің осы арасына келгенде, сол бір сурет көз алдына келгендей, Семен күрсініп
қалды да, Петр біржола иығына асылып алыпты. Жолдасың сондай бір әңгімесін айтқанда,
қасындағылары әңгіменің ойдағыдай аяқталуын күтіп, ынтығып отырады. Жолдасының
мұратқа жетуін тілейді. Әсіресе, майданда жолдасыңның қуаныш-мұңы саған да ортақ
болып кетеді. Өзіңе тілер жақсылықты жолдасыңа да тілейсің.
Семеннің әңгімесі өз мұңыммен астарласып бара жатқан соң, тым болмаса бұл мұратына
жеткен шығар деп:
—
Қазір Нина қайда?—деп сұрадым.
—
Нина ма?—деді де, Семен үндемей қалды. Көздерін мұң басып, түсі де жүдей
қалды.
Семеннің күрсініп қалғанын көрген соң, бұл жайды сұрамауым керек екен. Бәріміздің де
үйде қалған әртүрлі армандарымыз бар. Кәрі шешелеріміз қалды, ойлаған ойларымыз,
оқуларымыз аяқталмай қалды, сүйген қыздарымыз қалды. Соғыстан бұрын сағынам
дейтіндердің енді сені ертең кетердей кездері болады. Айлар, күндер қауіп-қатерде жүріп,
ол мұңдарыңды еске алуға да уақытың болмайды. Осындай бір қол босағанда еске алсаң,
күн сайын күшейе түскенін байқайсың. Күрсінесің де сергисің. Үндемей жүретін
Семеннің жайы да осы екен:
—
Демалыс алып, Одессада тұратын апасына кетіп еді, қазір кім білсін...— деді.
Семен қолын бір сілтеді де тұрып кетті... Не болғанына біз де түсіндік. Мүмкін, мыңдаған
босқындардың ішінде арып-талып, әлсіз қозғалып, Семеннің алтын шаш Нинасы да
жүрген шығар. Әлі жаудан алысырақ тұрған Сталинградқа жетем деп, жәрдемсіз жалғыз
қыз әлі қалтақтап кетіп бара жатқан да шығар... Алтын шаштарын шаң басқан, ойнақы
көздерін мұң басқан, жалаң аяқ қыздарды біз де көп көрдік. Қара көз де, көк кез де, қара
шашы да, сары шашы да бар еді соның ішінде.
—
Нина табылады... Табамыз! — дедім, неге сенгенімді өзім де абайламай.
—
Уәде етемісің?—дегендей, Семен маған қарап қадалып қалыпты.
—
Әрине, табылады. Біз таппағанда кім табады оны! Тек аты-жөнін дұрыстап жазып
алайық! — деп, жолдастарым Нинаның аты-жөнің бар белгісін жазып алып жатыр. Семен
сияқты атақты адамның әйелі жоғалып кету деген ойға сыя алмай, бәріміз де шын іздеуге
кіріскендейміз. Ең болмағанда, немістердің қолына түсуден аман деген хабарын алсақ та,
Семеннің көңілі бір тынып қалатын сияқтанады. Әуелі ойын-күлкімен басталған сәтті
күніміз, осындай бір күрсініске ұрынды да, қалжыңымыз тоқтап қалды.
Штабқа кеткен Владимир Толстов қайтып келді.
Достарыңызбен бөлісу: |