Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 144 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет145/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 144 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 143



Стр. 145

Қазақстанның ашық кітапханасы


144
Кезінен байқала қалған күрсініс реңіне қарағанда, ол жақтан келген жауынгерлерге әлі
ұшараса алмаса керек.
Соғыстың салқын лебі мұнда да қатты сезіледі. Гуля көзіне келе қалған мұң шырайын
қысқарақ келген қою кірпіктерімен тез желпіп тастады да:

Өз қолымен хат жаза алмайтындарың болса, айтыңдар. Мен жазып берейін,— деді.
Гуляның қолынан өткен жаралылар жалғыз біз ғана болмасақ керек. Әрбір сұрауы
жауынгерлердің әр түрлі қысылыстарын айтқызбай-ақ қамти кетіп отыр.
Бұл үйде өз хатын өзі жаза алмайтын мен бармын. Оқ менің төс сүйектерімді қирата өтіп,
оң жақ жауырыныма кіріп тоқтапты. Оң жағым тұтас таңулы, хат жазу түгіл, одан оңай
қозғалыстарға да шама жоқ еді әзір. Мен хатымды әркімге жаздырып, мұңым мен сырыма
әркімді ортақтастырып жүргелі, міне, екі айдан асып барады. Неге екенін білмеймін, сол
сырымды Гулядан да жасырғым келмеді. Шынымды айттым. Гуля менің хаттарымды жаза
бастады.
Бірінші хатым Володя мен Петяға жазылды. Қайда келіп тоқтағанымды білдіріп,
жазылғаннан кейін мені өз бөліміме қайтарып алуға Мирошник пен Ревякин жәрдем етсін,
ұмытпасын дегенді тапсырдым.
Екінші хатты «Апа!» деп бастағалы екі сағат өтті, әлі аяқталар емес... Хат Гурьев
қаласының кейбір үйлеріне кіріп, әркімдердің жайын білгісі келеді... Осы бір тұсқа
келгенде мен бөгеле берем де, Гуля ұзақ күтіп қалады. Менің қысылысымды байқамаған
болып, басқа жолдастармен әңгімелесіп кетеді.
Менің майданға ала кеткен жұмбағым, бұдан бұрын одан артық жатқан аудандық жердегі
бір госпитальда шешіліп қалып еді. Жараланған жайымды апама жұқалап қапа жазып
жіберіп ек, Ақбота оп-оңай бетін ашыпты. Апамның хатын ылғи Ақбота жазып беріп
келгенін де түсіндім. «Н» деп қол қоятын да сол екен. Хаттың, аяғына өз атымнан
жазылған тоғыз жолдың ішінде жаны ауырғанда ғана айтылар сөздер келіпті. Әлі күнге
хатымды басқа адамға жаздырып жүргендіктен мен Ақботаға айтар сөзімнің бірін ашып
айта алмай, сүрлеп жүргендеймін. Енді, міне, сол бөгетке тағы келіп тірелдім. Басқа бір
әйелдің алдында Ақботаның атын атап, ақтарыла алмай жатырмын.
Менің, бұл жайымды Гуля да аңғарып қалған сияқты. Гришинмен Әбенмен сөйлесіп
отырып езу тартқан себебі менің бөгелісімнен екенін мен де сезем. Мұндай жайларға
бізден анағұрлым сезімтал әйел маған кезімен демеу беріп:
«Аты кім еді, атай бер... Несіне бөгелесің! Айтар жылы сөздерің менің ойыма да келіп тұр,
іркілме!»—дегендей болады үнсіз ғана.
Хат ақыры аяқталмай қалды. Оның орнына апама телеграмма жіберттім.
Қарағандыдамын, келіп кетсеңдер жақсы болар еді деп жаздырдым. «Келіп кетсеңдер»
дегенді жазғанда, Гуляның көзіне әрең аңғарылар бір ұшқын жылт етін қалды. Мен оны
аңдамаған болдым... Өзге жолдастарым хаттарын өздері жазып жатыр. Едәуір жасап
қалған, аңқаулау адам, Әбен бір қысылыс үстінде отыр екен:

Қайрош шырағым, осы өз қатыныңа өзің қарағым деп жазған қалай болады екен?
— деді.
Мен күлкіден булығып, жауап бере алмай қалдым. Оқ тесіп өткен өкпем шиқылдап,
үнімді шығармады. Гуля күлген жоқ, қайта, ең бір салмақты үнмен:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет