Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 143 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет144/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 143 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 142



Стр. 144

Қазақстанның ашық кітапханасы


143
Қарағандының осынша аруақты екенін мен де білмейтін едім. Бәріміз де таңырқап қалдық.
Тас құйылған кең көшелер, зәулім үйлер, көз сүрінгендей мол жарық түнге де, боранға да
бас идірмей, қала кеудесін жоғары көтеріп әкетіпті.

Москваның бір кварталдарына ұқсайды екен! — деді, әрнені де аз-кем асыра
сөйлейтін Гришин. Мен оған:

Желі гулеген далаға ұқсамай ма, әйтеуір? — деп, әлі де қалжың жауап қайырдым.
Гришин екеуміздің арамызда екі ұшты бір қалжың, барып байқап қалған Күлай, онымызға
ерік бергісі келмегендей, тез киіп кетіп:

Қарағанды көміршілерінің он жылдық еңбегі ғой бұл қала. Әлі олпы-солпысы
толып жатыр...— деді, екеумізге де тыйым салатын үнмен.
Біздің совет есебі бойынша, он жыл деген — толық екі жарым бесжылдық болады. Ал,
біздің бір бесжылдық бұрынғы екі жарым ғасырыңызға да сыя бермейді. «Ата-бабаның
ғасырларынан аз жылдардың ішінде-ақ аттап өткен қазақ даласының таңырқатары жалғыз
ғана Қарағанды деймісің!» дегім келеді Гришинге...
Біріміз өз аяғымызбен енді біріміз теңге түсіп, көпшілігіміз госпитальдағы апа-
қарындастарымыздың иығына сүйеніп, үйге кірдік. Ұзын-ұзын коридорлы, кең
баспалдақты үйдің әр қабатына тарасып барамыз. Кейбіреулер баяу, кейбіреулер ожар
қимылдайды. Бірақ бәрі де майданда неден зарықса, соның жайын бірден сұрасып бара
жатыр:

Жарық бар ғой? Жылы ғой? Бөлмеміз күн жақта ғой! —деседі әр жерден.
Осындай бір кезде жауынгерлердің жас балаға ұқсап кететін де бір мінездері болады...
Біз алтыншы палатаға кездестік. Есіктегі алтыншы санды көре сала, әрқайсымыз Антон
Чеховтың «Алтыншы палата» дейтін әңгімесінен есте қалғанды айтысып кеттік. Бірақ
саны бір келгенмен сапасы басқа, екі палатаның арасында екі түрлі ғасыр, екі түрлі
мағына, екі түрлі адамдар тұр еді.
Палатамыз жып-жылы, көзге де, көңілге де өте бір жайлы бөлме екен. Ортада ақ дастарқан
жапқан стол. Стол үстінде екі тас күршекке өсірген екі түрлі гүл, біріне бірі азғана бұрала
қарап, еркелесіп тұрғандай. Электр шамдары да кезіңді тесердей жалаңаш шақырайып
тұрған жоқ, қызғылт жібек арқылы жұмсақ қана жарық төгеді. Госпитальдағы апа-
қарындастармен алдағы күнде неше рет ұрсысып, неше рет татуласарымызды кім білсін,
әзір қас-қабақтарында кірбің жоқ, жарқын жүзбен ерке сөйлесіп жүр. Жауынгерлер өз
үйлеріне келгендей оңай орналасып, жайраңдасып қалды. Суық та, боран да тез
ұмытылып кетті.
Түнде бізді әбден жайғастырып болып, сағат үш кезінде қайтқан Күлай таңертең тағы
келіп қалыпты. Түн бойы біз оны талай аузымызға алып, Күлай атын өзімізше өзгертіп,
Гуля деп сөйлесуге келіскенбіз. Жалғыз Эбен жауынгер көне алмай қойып еді:

Біздің бір ағамыз Ыван Ывановна дегендеріңе тілім келмейді деген екен... Мен де
бүлдіріп алып жүрмейін, Күлай дейін, шырақтарым...— деді ол, жалынардай болып.
Гуля әуелі бірінші қабаттағы жауынгерлерді аралап шығып, біздің бөлмеге сағат тоғыз
кезінде келіп еді. Әр жауынгердің мұң-мұқтажын сұрастыра отырып, ара-арасында қай
майданнан келгенімізді де сұрай кетеді. Әсіресе, баса сұрайтыны Харьков майданы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет