Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 222 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет224/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 222 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 221



Стр. 223

Қазақстанның ашық кітапханасы


222

Өздері, әрине... Арт жақтан келер ауыр қол біздің қай төбеде екенімізді айыра
алмасын дегені.

Мүмкін, қызыл туға көзіміз үйрене берсін дейтін шығар... Хожа Насреддин айтқан,
— бұл туға қай халықтың көзі ертерек үйренген болса, солғұрлым өзіне жақсы болар
деген..— деп, Самед көңілімізді көтергісі келеді.

Бақылай беріңдер, бәрін де бақылаңдар!..
Күн найза бойы көтеріле бергенде жау жағында бір дүрбіс басталды... Біздің «күміс
қаршыға»— барлаушы самолет келе жатыр екен. Аспандағыны ататын зеңбіректер бүкіл
Керчьті дір сілкіндіріп, жалғыз самолетті атқылай бастады.

Біздің «күміс қаршыға!» Ер қаршыға! Сұңқар!— деседі біздің жауынгерлер
қуанып.
Түтілген ақ мақтадай құшақ-құшақ ақ түтіндер аспанды жауып кетті. Кейде ақ мақта
тұтанып кеткендей болады. «Көк қаршыға» құлдырап ағып, құлдилап төмен түсіп, әр
төбенің, басына бір төніп, теңізге қарай сып ете түсті. Енді жоғары көтерілмей, жер
бауырлай зытып барады.

Қырық үш — он екі!—деді Вася Гришин, самолеттің номерін танып калып. Көптен
көрмеген танысына кездескендей аузын ашқан бойы әлі тұр. Жауынгерлердің бәрі де жау
ортасында жалғыз қалмағандарын тағы бір сезініп, қуанып кетті.
Самолет қайта оралып, барлық қорғандардың үстімен тағы бір өтті.

Қайдасыңдар?—деген айғайын естігендей боласың.

Қорғанның ұшар биік төбесіне бір белгі салыңдар!— деді Мирошник.
Барлық қорғанның төбесінде де қызыл ту тұрған соң, барлаушы біздің қай төбеде
екенімізді айыра алмай жүр. Бірақ сол қызыл тулардың жайдан-жай көтерілмегенін ұққан
да сияқты. Анықтап алмай кетпейтіндей, әлсін-әлсін айналып соғады.
Володя мен Петя барлық ақ шүберектен құрастырып, қорғанның ұшар басына біздің
дивизияның номерін салып келді. Немістер оны істей алмайтын еді, әрине. «Көк қаршыға»
тағы бір оралғанда «ұқтым!» дегендей қанатын бір ғана қалт еткізіп қалып, шығысқа
қарай жөнеп берді.

Көрдім деді!..

Амансыңдар ма деді!..

Қорықпаңдар деді!— десіп, қанатының бір ғана қалт етіп қалғанынан мың түрлі
мағына тауып біз қалдық...
Самолет, әрине, біз ойлағанның бәрін де айтты... Керек болса, біздің ойдан әрірек жатқан
талайды айтқысы келуі де мүмкін. Оны сөзбен айтып жеткізуге болмайды да. Оны түгел
түсіну үшін жаудың ашса алақанында, жұмса жұдырығында тұрғандай хал керек. Біз дәл
сол халде едік...

Енді орнымыз анықталды. Байланыс жалғанды! — деді капитан Мирошник.
Түске тармаса, түп ізі қала жақтан шығып бізге қарай бір танк келе жатты. Төбесінде «ақ
ниеттің» белгісі — ақ жалау бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет