Стр. 220 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 219
Стр. 221
Қазақстанның ашық кітапханасы
220
«Ең соңғы оғымыз осы» десең де, одан ешқайсысы үрке қоймайды бұлардың. Мен
шындықты жасырғым келмей:
—
Екі күнге жетеді,— дедім.
—
Онда, екі жүз грамнан ғана беріңдер. Тым болмаса, үш күнге жететін болсын!—
деді Петр. Ойланып жасалған ұсыныстай кесіп айтты.
—
Тағы екі күнге сауытымыз асырайды. Сонымен бес күн деңіз! — деді Самед.
—
Су неше күндік!
—
Су одан гөрі азырақ...
—
Су жоқ болса, сексеуілді есіңе ал деген Хожа Насреддин...— деді Самед,—
құлазыған құмды далаға өседі, су көрмей өседі, шыдай береді, өсе береді деген!..
Бұған қарсы айтар жауап жоқтай, жауынгерлер мұны да мақұлдап отыр...
Жауынгерлердің ұсынысынан жаңа бір сұрау есіңе түседі. Мұның аты бірер күн болса да
ұзағырақ өмір сүру ме, бірер күн болса да ұзағырақ соғысу ма?.. Шынында, мұныңның өзі
әшейін сұрау. Шегенше айтсақ, химиялық... Қалай аударсаң да бәрібір, жауынгердің бір
күн артық өмір сүруі — тағы бір күн соғыста болуы деген сөз. Дәл бұл кезде өмір мен
айқастың арасында біз үшін айырма да жоқ!
Біз әр кезде солдатпыз. Соғыс бітіп, автомат мойыныңнан түскеннен кейін де солдатпыз.
«Қайрақты» колхозында ерте тұрып, кеш жатып жүрген кәрі шешем де солдат, еңбек
солдаты. Қазір майданда жүрміз демесек, біз де сол еңбектің солдатымыз. Артық
жасайтын әрбір күн бізге сол үшін ғана керек.
Манадан бұйығып отырған жауынгерлерді қорқыныш басып отырған жоқ. Әркім өмірінің,
алғашқы беттерін ғана ашты. Үлкен бір кітаптың бетін ашты да, сол күйінде тастап,
майданға кетті. Майданнан қайтқан соң, сол ашық қалған беттен бастап қайта оқу керек.
Кітап аты «Жас өмір» болған соң,, оның қызық қуанышы түгел алдымызда — елде, күтіп
жатыр...
Таң ата өзіміздің қайда келіп шыққанымыз да айқындалды. Бір замандарда теңізді жағалай
қатар-қатар салынған қорғандар қазір биік-биік оба-төбе болып қалыпты. Соның орта
тұсындағы біріне келіп біз бекініппіз. Қанаттаса тұрған қорғандардың бәрі де бекініс екені
айқын тұр. Бірақ біздікі ең биігі сияқты.
Түнде біз бұл төбеге дейін ұзақ жүгіріп келген тәрізді едік, енді абайласақ, дәл төтесінен
теңізге дейін бір километрдей-ақ екен. Қорғандардың арасы бұдан кеп алыс.
—
Теңіз бетінде бір қайық жоқ...— деді Петр, төбеде тұрып қарап.
Осы қорғандардан теңізге дейін алма бағы болғандығы байқалады. Немістер оны кестіріп,
өртетіп жіберген. Отырған қара қарғадай ғана болып, алма ағаштарының сирек-сирек
түбірлері көрінеді. Сұрғылттанып жатқан топырақтың бетіне дүние жаралғалы бір
қылтанақ шықпағандай жап-жалаңаш.
—
Жау жайлағандай деген осы, а? — деп, Самед бір күрсініп қалды.
Солтүстік жағымызда күңгірт жарқырап бір тұзды көл жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |