Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 227 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет229/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 227 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 226



Стр. 228

Қазақстанның ашық кітапханасы


227
Дүниеде бұл сияқты команда жоғын жақсы білсем де, ара-тұра ондайлар да қосылып кетіп
жатыр. Текке де кетіп жатқан жоқ, бірдемеге жарап кетіп жатыр...
Жау автоматшыларының ең алғаш беті бұрылып қалған бір шақта Петр жүгіріп өзімізге
қосылды.

Мұндай қалаған жерің өмірде бір-ақ кездесер, Костя!.. Жау ойланып қалды! Інге
кіріп кетті!.. Үр!—дейді Петр.
Бақылауға пулеметтерді ғана қалдырып, өзге жауынгерлерді Керчьте болған екінші
«соғыс кеңесіне» шақырдым.

Автоматтар жалғыз-жалғыз оқпен ғана ататын болсын. Кездемей ату қойылсын!—
деген бірінші ұсынысты Володя жасады.
Біз мұнда кеп оқ әкеле алған жоқпыз да. Осы күнгі пулемет, автомат дегендер оқты
бұршақтай төгеді. Ондайға шыдар оқ қоры бізде жоқ. Қорғанды алғанда қолға түскен
жаудың екі пулеметінде де оқ қоры шамалы еді. Ең мол нәрсе — ракета ғана... Ол
торғайды қорқытудан басқаға жарамайды. Сондықтан Володяның ұсынысы даусыз
қабылданды.

Пулеметтер жау кеудесіне тұмсығын тіреп отырып, иек артпадан ғана атсын.
Қасына келіп қалды деп қауыптенер емеспіз. Бекініс мықты. Хожа Насреддиннің өзі
салып кеткен бекінісіндей...— деп Самед отыр.

Солтүстік жақтан жауды граната лақтыратын жерге дейін жақындатуға болады.
Қорғанның ол жағы тіктеу, траншеялар жабық. Сол бетті маған бер!—деп, Петр солтүстік
майданға сұранды...
Екінші «соғыс кекесінің» негізгі қабылдағандары да осылар еді. Он үш-ақ жауынгер
болсақ та, мұнда да «майданды» әр түрлі «бағытқа» бөлдік: солтүстік, оңтүстік, батыс
және шығыс... Әрбір «бағытта» үш-төрт қана жауынгер бар. Орталықтағы үлкен бекіністе,
әр майданның тізгінін түгел бір қолға ұстап мен отырмақшымын... Бір қолым телефонда,
бір қолым пулеметте болмақ. Бекініс — төбенің барлық түкпірін байланыстырып қойған
неміс телефоны, «орталықты» станциясыз-ақ сақылдатып тұр. Сырт жақтың жалпы
бақылауы екінші бөлімнің командир! Зориннің қолында,..
Алғашқы бір шошынып тайқып түскеннен кейін, жаудың әскері қайта қыса бастады.
Шығыны қанша кеп болса да, бізді құртпай тынатын емес, Азғана күшімізді еріксіз төртке
бөлдіріп, қысып келеді.

Маңдайдан аққан терің бақайыңнан тамшылап тұрмаса, онда сен әлі қызбағаның
деген Хожа Насреддин...— дейді Самед.— Терлемей істеген іс — іс емес!..
Солтүстік жақтан жау қорғанға өрмелей бастады. Жалаңаш арқаңда қоңыз өрмелеп келе
жатқандай сезілді. Терең траншеяның түбінде жатып Петр маған телефон арқылы:

Шыдай тұрыңыз, жолдас командир, саспаңыз... Қазір, қазір... Гранатам біреуінің
маңдайына соғылып жарылатын кезде лақтырам. Бұл бетке мен жауаптымын — дейді.
Жауынгерлердің бәрі де қысылшаңда туатын нар тәуекелге бел байлап, қауіп дегенді
ұмытып кеткендей. Қайта, орталық бекіністе отырған маған дем бере сөйлейді. Мен әр
автоматтан артығырақ кеткен оқты санап отырмын... Басқаңмен бірге сараң да бола білу
керек болып қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет