Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 228 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет230/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 228 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 227



Стр. 229

Қазақстанның ашық кітапханасы


228
«Шығыс бағыттағы» Володя телефонмен айғайлап жіберді:

Келіп қалды, келіп қалды, жолдас командир!—деп екі қайырып,— біздің
самолеттер!—дегенді артынан қосты. Маған «келіп қалды» мен «біздің самолеттер»
дегеннің арасында бір шошынып, бір қуанып үлгіретін көп уақыт өткендей көрінді.
Әуелі аспан ақырын шымырлап қайнай бастағандай болып, лезде құйын келе жатқандай
гуілдеп кетті. Жарқылдап аққан найзагер ұшқыр самолеттердің ортасында тізбек ауыр
самолеттер келе жатыр. Жерден тырнадай өpe көтеріліп, жау самолеттері де қарсы
ұмтылып барады. Екі жақтың ұшқыр самолеттері шығыс жағымызда кездесіп қалып,
атысқа кірісті. Кейде «қап!..» деп қаласың да, кейде қуанып айғайың да шығып кетеді.
Бұл кезде дәл Керчьте немістің баяғы күші болмаса керек. Аспандағы айқас әуелі
солтүстікке қарай ойысып еді, ұзамай батысқа қарай ауып кетті.

Есіңде ме, Костя? Қырық бірінші жылы жаудың «қоқыр аласы» қандай ежет
түйілуші еді! Енді жөндеп айқасуға да шыдамауға айналыпты!— дейді Володя көзін
аспаннан алмай.
Біздің ауыр самолеттер еңкейіп келіп, төбенің айналасын төмпештей бастады. Окоптар
аударылып қалып, аяқ-қолы сереңдеп ұшқан денелер көрінеді. Бомба гүрсіліне үн қоса
Петр да гранаталарын қыза лақтырып жатыр. «Сәлем!» дегенді айтқым келіп, аспанға
қызылды-жасылды ракета атқыздым. Бізге шұғыл төніп қалған қауіп-қатер де біржола
ауып кеткендей, айналамыз жым болыпты...
Ауыр самолеттер төбемізге қайта айналып келіп «жау қайдалап!» жүрген сияқтанады. Біз
өзіміз байқаған қой» маларды нұсқап, қызылды-жасылды оқтармен сезікті жерлерді түртіп
көрсеттік. Жақын майданды ракеталарымызбен ымдадық...

Жылан ініне барып кірді!— деседі тұс-тұсымнан.

Көріп отырмын. Демалыңдар...
Осы қысылыста да Шеген бізбен бірге айқасып жүр-ау деген ой келеді. Әрбір оқыс
қимылдар, өжет түйілген самолеттер Шегендікі сияқтанып кетеді. Сен аспанда, мен
жерде, бірге айқасып, қатар алысып жатырмыз деп айғайлағым келеді.
Менің ойымды Шеген де сезінетіндей, айналамыздағы қауіпті жерлерді қазбалай соғып,
аударып кетіп жүр. Қорықпа, бауырым, қорғаның берік, сені ешкімге бермейміз дегендей
болады.
Бізде бекініс алатын күш жоқтығын сезген жау бейғам отырған күйін өзгерте алмай қалған
сияқты. Аспандағыны ататын зеңбіректері дүркіретіп-ақ атып жатқанмен құлатқан
самолеттері көп бола алмады.

Аспан қырандары, қасымызда бұғып тұрған танкіні төңкере кетіңдер... Анау
окоптарда жау бұғып қалды. Қазір бізге қайта ұмтылады... Қыра кетіңдер!— деп айғай
салғың келеді.
Самолеттер кетіп қалды. Қия жартастың жалғыз қорғаушысы болып тағы да өзіміз ғана
қалдық.
Кешке дейін жау бізді талай торлап келсе де, ала алған жоқ. Бекінісіміз әлсіз жеріне оқ
дарымайтын етіп жасалыпты. Кейде өзіміз құтыламыз; кейде әлдеқайдан жарқ ете түскен
ұшқыр самолеттер құтқарып кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет