Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 239 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет241/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 239 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 238



Стр. 240

Қазақстанның ашық кітапханасы


239

Иә, ханнан!.. Сталинградта біз былай ұрғамыз сендерді!

Граната, граната, жолдас командир!..

Костя, граната!..
Әр түрлі айғай араласа шығады. Команда қайсы, ұран қайсы, оны аңғарып болар емес.
Етектен өрмелеп келе жатқан сұр қоңыздарға граната да лақтырылып жатыр, пулемет те
жұмсалып жатыр...

Оңтүстіктен өрмелеп келеді, жолдас командир!..

Володя, ұмтыл!..
Траншеяларымыздың төменгі жағы жаудың қолында, біз ығысып төбеге ғана жиналып
қалдық. Пулемет енді жер бетін емес, төбенің қырқа жиегін ғана атқылап отыр. Әр
жауынгердің қасында граната, қолында автомат... Кейбіреуіміз граната мен пулеметті
кезек жұмсап отырмыз. Бізге қарай лақтырған жау гранаталары да жақын түсе бастады.
Автомат оқтары төмендеп тебені сипай кетіп жатыр. Жабық бекіністердің бәрін тастап үш
сала болып келіп түйіскен траншеяның айрығына тақалып келеміз... Айрыққа жеткенде
соңғы қолма-қолға да кіргеніміз...
Самедтің қасындағы жауынгер гранатасын лақтырып қалды да, өзі де жыраның ернеуіне
шалқалай асылып барып, былқ етіп түбіне түсті. Төбесі қылт етіп қалған жау әскерін
Самед автоматының түбімен ұрып қалды.

Самед, шыда! — дедім. Төрт-ақ жауынгермен қалғанда осыдан басқа жәрдемім де
жоқ еді беретін.
Жаудың жаяу әскері солтүстігіміз бен оңтүстіктен төбенің, иығына асылып алып, енді бір
аттап төбеге шыққалы тұр. Біз бес жауынгер екі жаққа қарап алып, тебенің ұшар басын
ғана қорғауға қалдық. Енді етекте не болып жатыр, төбеге қанша әскер өрмелеп келеді,
оны көре алмай кеттік. Жақындап келе жатқан теңіз бетіндегі айқас қана айқынырақ
сезіледі.
Бізді атқылап тұрған зеңбіректер де тына қалды, жаудың жаяу әскері де төбеге қарай лап
берді. Граната гүрс-гүрс жарылады. Пулеметтеріміз төбенің шашын алып жатқан ұстараға
ұқсап кетеді. Беліміздегі бір-бір гранатадан басқа қорымыз сарқылып барады. Енді
аянарымыз да, аярымыз да қалған жоқ.
Самед гранатасын лақтыра беріп шалқасынан түсті. Айналасында арадай ызыңдаған
оқтар, бырт-бырт жарылған
«Фердинандтар» қақ қасымызға келіп алып, бірнеше рет дүркірете атты. Төбенің бұл жақ
беті оңай қалтылдай бастады.

Батыс жақтағы пулемет ұясының саңлауын жауып тастады,— деді Вася Гришин
келіп. Телефон алдақашан быт-шыт болып, енді бірімізге-біріміз келіп хабарласатын
болғамыз.

Пулеметтер түгел төбеге шығарылсын. Траншеяның түйіскен жеріне орналасайық,
— дедім.

Бұзылып қалған орталық бекіністі енді атпас. Мен байқап келейін! — деді Володя.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет