Стр. 26 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 25
Стр. 27
Қазақстанның ашық кітапханасы
26
Апа деп орнымнан атып тұрдым. Апам ұзын столдың ар жағынан қолын созып мені
көтеріп алды. Исі таныс ыстық құшаққа кіріп кеттім. Үн басар ана қыран балапанын іліп
алды қойнына бастым Балапан жүрегі дір ете түсті. Қайда жоғалып кеттің...—
Туған анасын көрмесе де, шешесін сағынған бала жүрегі болмайды.
Құшағыма дүрс-дүрс етіп, шеше жүрегінің соққаны естілген. Қарға баласын аппағым» деп
сүйеді дегендей, әнім «күнім!» деп, иіскелеп аймалап, сүйіп жатыр. Кейде желкеме, кейде
шекеме ыстық жасы да тамып-тамып кетеді. Сол құшақтан шығармаған бойы, құлағымды
сол жүрек дүрсілінен айырмаған бойы, апам қақпадан шығып жүре берсе, мен де
айрылмай кете беретін едім.
Мені ешкім ертіп әкетпегенің өзім қашып кеткенімді апам жақсы білетін болса керек.
Сондықтан балаларға соқтыққан жоқ. Көз жасын жаулығымен сүртіп жатып, әрқайсысына
мейірім көзімен бір қарады да, үндеген жоқ. Манадан көзін күтіп тұрған Мария апай тамақ
алдырып үлгірген екен апама көптен бергі танысындай жымия қарап:
—
Отырыңыз, тамақ ішіңіз,— деді.
Әлі де өксігі басыла қоймаған апам, отыруын отырса да, алдына қойған тамақты ілгері
ысырып қойды:
—
Қаталап келдім. Тамақ ішпеймін. Рахмет, шырағым.
—
Ендеше, шай ішіңіз,— деп, Мария апай шай алғызды.
Апам стаканды әрі итеріп қояды, Мария апай стаканды қайтадан ұсынып, қылқылдап тұр:
—
Сіз анасыз ғой. Мен де анамын. Сізде көп болса, он бала бар шығар... Менің елу
балам бар... Балаңызды алып қайтам десеңіз, қазір қайтарам, өз балаларым да жетеді... Ол
жағынан қауіп етпеңіз, сеніңіз... Бірақ ана бола тұрып, балалардың дәмінен татпасаңыз,
балалар өкпелейді,— деп Мария апай әр түрлі тәттілер мен күрең шайды апамның, алдына
қарай жақындата түседі.
—
Ішіңіз, ана...
Шай деген біздің жақтың өте бір құмар нәрсесі. Әлде сол құмарлық па, әлде Мария
апайдың сөзі жылы тиді ме, апам стаканды қолына алды. Өмір бойғы еңбектен
буылтықтанып кеткен саусақтарының бірінде жалпақ күміс сақинасы жарқырайды. Күнге
күйіп қарайған ашаң жүзіне енді ажар кіре бастады. Апам сирек ұрттап, шай ішіп отыр да,
Мария апай шайдан гөрі де дәмдірек сөздерді құлағына құйып жатыр. Таңертеңнен бері
Бораш екеумізге менсінбей қараған балалар алдында менің беделім де көтеріліп қалған
сияқты. Бірі бауыр тартып, жымиып қойса, енді бірі менің алдыма қарай нанды
жылжытып қояды. Еркелетіп, арқамнан қағар, аймалап сүйер шешем барлығы бір сәттің,
ішінде мені өзгелерден едәуір жоғары көтеріп тастапты.
Бораш пен Шеген «осы кезеңді еткізіп алма!» дегендей, кезек-кезек бүйірімнен түртіп
қояды. Қою күрең шай да босқа кетіп жатқан жоқ.
Апа, мен ауылға қайтпаймын... Осында қалып оқу оқимын... Қарамұрт мені сарайға қамап
қояды.
Апамның көзіне жас алмағаны маған көңілі қалғанын көрініп, мен жылап жібердім. Шеген
мені, басымды сипап құшақтап алды да қораға кіргізді.
Достарыңызбен бөлісу: |