Стр. 29 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 28
Стр. 30
Қазақстанның ашық кітапханасы
29
Мен мұны үш жыл сақтап келдім. Аптекада дәрігер берді. Енді сен де айрылып қалма!
Мұның қызығын көреді әлі! — деді Шегең өте бір үлкен жауаптылықты жасырып
жатқандай.
Бұл — Шегеннің алдыр-бұлдыр балалық шақпен қоштасып, енді естияр ересек қалпына
көшкені сияқты еді. Сондықтан қимас қымбатын сыйлап тұр. Сонымен бірге, бұдан былай
ойынымыз да бөлінеді дегенді айтып тұрғандай еді. Жүрегім темен тартып, ауырлап
кеткендей болды, үндемедім. Бұл жайын өзі де ойлана қалғандай, Шеген де үндеген жоқ.
Сол үнсіз қалыппен базар қасынан өттік. Әлі де қала ішінде қоштасатын жерлеріміз көп
сияқты еді, ол баяғы басқа күндеріміздің елесі екен енді еш нәрсеге мойнымыз бұрылар
емес. Әшейіндегі шат қалпына көше алмай Шеген де қысылып келе жатыр. Оның есіп,
үлкейіп кеткеніне өкпелегендей менде де үн жоқ.
Қар енді жапалақтай бастады. Батыс жаққа қалың шөккен қара бұлттардың арасынан
батар күн бір рет қана қызғылт белгі берді де, жоқ болды. Қақпасы қисайған бір қорадан
бір еркек, бір әйел шыға беріп еді, Шеген мені түртіп қалып:
—
Сол! — деді.
—
Кім?-—дедім, Шегеннің көзіне қарап.
Үндеме!.. Сол...— деді Шеген маған қарамастан. Күндері күлімдеп, таныс бір ұшқындар
жылтылдап тұр екен. Манадан үндеспей қалғанымызға өкініп келе жатқан басым, Шеген
балалық мінезін қайта тапқанына қуанып та кеттім.
Енді абайласам, өзі алдында, бала көтерген әйелі артында, баяғы мен ұстап алған
милиционер кетіп барады екен. Белгілі қара шекпен таныс қалпақ...
Менің қайда екенімді білмейді әлі... Құдай біледі, әлгіден жүр... бір көрінейін, қайтер
екен— деп, Шеген шалбардан басқаның бәрін сыпырып, менің иығыма асып берді.
—
Детдомға тарта бер. Қақпаның аузында күт...— деп, Шеген сықылықтап күліп тұр.
Бес саусақпен бір ғана салалап жіберіп еді, шашы дудырап бір жақ көзіне түсіп, Шеген
баяғы қалпына түсе қалды.
Қар түсіп қалған суық жерді жалаң аяғымен тапжылмай басып, үймелеген ақ шыбынға
ұсап иықтарына тұрып қалған қарды да елемейді.
Мен Шегеннің ойы әлде неменеге ауытқып, оқыс бірдемеге соғып жүре ме деп қорқып та
кеттім. Бірақ Шеген оған барған жоқ:
—
Қой, балалық болар...— деді де, қайта киініп алды.—Жоқ, рахмет айтуымыз
керек...—деді аздан кейін. Жаңа ғана көзіне шыға келген бұлан-талан бір ұшқындары да
сене қалды. Бұл Шегеннің балалықпен біржола қоштасқандығы еді...
Біз милиционер ағайды қуып жетіп келіп, сәлем бердік. Ағай азғана таңдана қарап қалды
да:
—
Сен Шегенбісің? — деді.
—
Ие, Шегенмін...
—
Шіркін балалық қор етпесең жарар еді деуші ем..— дегенде милиционер ағайдың
даусы қалтырай шықты...
Достарыңызбен бөлісу: |