Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 9 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет8/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 9 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 8



Стр. 10

Қазақстанның ашық кітапханасы


9
Сен маған кет деме, жолдас, өзім де кетем... Әуелі су бер содан соң нан бер... Содан кейін
жетім балалар оқитын жер қайсы соңы көрсетіп жібер!—дедім.
Екеуіміздің көзіміз енді ғана кездесті. Дүкенші қазақ та емес, орыс та емес мен білмейтін
бір ұлттың адамы болу керек орысшасы да оңып тұрған жоқ сияқты, қазақшасы да сынған
доңғалақтай әрең-әрең оралымға келеді.
Көзіне қарадым да менің жалынышты сөздерімді түсінгенін де таныдым.

Су әне жатыр!—деді ол, жүнді саусақтарымен өзенді нұсқап.
Өзеннің қасында тұрып су сұрағаныма өзім де ұялып қалдым. Шынында да өзеннің
қасында тұрып, әлдекім су сұрау деген ұят болу керек. Мен ұялғаннан ыржидым-ау
деймін. Ыржисаң, бейнесі кеткен бет-ауыздың қандай сәні келетіні белгілі, дүкенші
«тьфу!» деп, жерге бір түкірді де:
-
Құдайдың берген мордасы-ай, ә!.. Құдайдың өзі де талғау жоқ, таңдау жоқ жарата
береді екен-ау!— деді, таңдайын қағып, басын шайқап. Орысша мен қазақшаны
ортасынан сындырып, өз еркімен жалғастырып айтқан бұл Сөздерді мен де қынжыла
мазақтағанда ғана шығатын үн дыбысынан аңғардым.
Дүкеншінің өз «мордасы» да келісіп тұрған жоқ. Шын кекесінге кетіссек, мен де біраз
нәрсені тауып айта алатынмын. Шіріген картоптай сабалақ тарғыл мұрынды, жәйін ауыз,
маңдайы екі-ақ елі, екі білегі жүн-жүн... Ағы мен қарасы қай жерде қосылып, қай тұстан
айрылатыны байқалмайтын шұңғыл қара көзді. Сақалының әрбір талы айғырдың
қылындай болу керек, қырған жалпақ иегі қап-қара қаракөк екен. Бетінде осынша суреті
бар адам әр түрлі теңеуге келе береді ғой. Бірақ мен бұл жағына баспадым. Ол менің
түрімді тағы да мазақтаса, менің қайтарар жауабым да әзірленіп қалды. Әлі еш нәрсе сата
қоймаған дүкенші ашулы болу керек, енді о да мазақтаған жоқ. Менің жауабым да күні
бүгінге дейін ішімде кетіп бара жатыр...
Дүкенші артына бұрылып, ағаш шелек толы қызыл уылдырықты көтеріп ала беріп:

Сең кет! —деді тағы да.

Жоқ, сен кет деме маған. «Сырты сопы молдадан іші таза қара қазақ артық» деген...
Сен менімен жылы сөйлес... Сенің де құдайың бар шығар!—дедім. Мұным оған ұнағандай
болды. Қылқылдап тұрып нан сұрап алдым:

Бер енді... Байыған соң екі есе қылып қайтарам. Бер!—деп қадала бергесін ол да
шыдамады. Оның үстіне, осы күнге дейін есімнен шықпайтын саудагер салтын айтты:

Мен әлі түк сатқаным жоқ. Сауда басталмай садақа берілмейді. Шын сұраншы
болсаң, мұны неге білмейсің?—деп, мені бір ұялтып тастағысы келіп еді, мен онысынан
ұялғаным жоқ. Өйткені, мен оны білгім де келіп тұрған жоқ еді.

Одан да қалтаң бар ма өзіңнің, қалтаңа қолыңды салып, ақша алып берген бол, тым
болмаса!—деді дүкенші маған жылырақ сөйлеп.— Қалтаң бар ма өзіңнің?

Е, қалтам бар,— дедім, асық салатын қалтам есіме түсіп.

Сал қолыңды қалтаңа... Сол жағыңа емес, оң жақ қалтаңа, надан!..
Дүкеншінің дәл ойы неменеге апарып соғарын онша аңғара алмасам да айтқанын
орындап, қолымды оң қалтама салдым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет