Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 11 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет10/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 11 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 10



Стр. 12

Қазақстанның ашық кітапханасы


11
айтуға да әзір едім. Бораштың аяғын он бес рет сындырып, жиырма рет есебін тауып
жазып алатын ойым бар... Кім екенін танымайтын баланың бір дерегі қолыма ілексе,
көсілтейін деп тұрмын өтірікті...

Бүгін көрсең, екеуің тағы бір айналып соғыңдар. Қара әжең айтты десең, біледі...
Енді ұрыспаймын деп айтты де!..— деді мейрімді кемпір, жұмсақ қолымен басымнан
сипап.

Келейік, әже, келейік,— деп, мен де теріс айналдым. Көңіліңді қалдырған адамның
да, көңіліңді босатқан адамның да қасында ұзақ тұра алмайды екенсің. Кемпірдің
басымнан сипаған қолын ақырын ғана өзіне қарай сырғыттым да, жүйе-жүйемді босатқан
мол мейірімнен қаша жөнелдім.
Базар шетіндегі «шаштараздың қасынан өте бергенімде, есігіне жапсырған айнасына кезім
түсіп кетіп еді, бет-аузым шын-ақ астан-кестен екен. Туғалы жуынбаған адамдай қарала,
торала бетімді жұдырықпен уқалап айғыз-айғыз етіппін. Көз деген бір қос томпақтың
үстіңгі жағы маса талағаннан көлт-көлт етіп тұр. Тыриған арық мойынның әр жеріндегі
шұңқырына қақ тұрып қалғандай. Көзімді ежірей-тіңкіреп ашайын десем, бет пернем одан
жаман бұзыла түседі.

Қайда жүріп масқара болғансың? — дегендей, айнадан бір сұмпайы бала маған
қарайды.

Ей, сен — мен емес, өзің шығарсың, оңбаған бала!— дегендей, өзімді-өзім әрең
танып, мен де қалшиып тұрмын. Шынында айнадан көрген өз суретіме ұқсағым келмейді.
«Бетің қисық болса, айнаға өкпелеме» дегенді білетінмін. Бірақ осы айнаның өзі де қисық
шығар дегім келді. Айнаның қасында менен басқа бала жоқ болып шықты. Ал, мен өз
суретімді суға түсіп жүргенде талай көргенім бар, мына сұмпайыға ілуде бір мүшем
ұқсамаса керек еді. Тап мынадай болған түрімді бұрынды-соңды ұшыратқан емеспін.
Осы ренжумен айна қасынан кете алмай тұрғанда ту сыртымнан бақташының бишігі сарт
ете түскендей болды. Жалт қарасам, майлап тарағандай, бар шашы басына жабысып
қалған, кебеже қарын шаш алғыш шебер үлкен ақ шүберекті менің басыма әкеліп, сілкіп
тұр екен. Қара шаштар, жирен аралас сары шаштар төбемнен сырғып төмен түсіп жатыр.
Байқаймын, шаш алғыш шебер жас бала жазасыз қорлай алатынына рақаттанып тұрған
сияқты. Қаз-қатар орнатқан алтын тістерін жарқыратып, күлімдеп тұр.
Бұл маған «кет!» дегені болар деп, айнадан бұрыла беріп ем, басым кебеже қарынның ең
биік деңгейіне келіп қалған екен дәл кіндік тұсынан нұқып кеп қалдым да ата жөнелдім.
Кебеже қарын гүмп етіп қалды. Басымның сондай бір өнері де болатын еді, қорлау үстінде
көзі келіп қалған соң тартына алмай қалдым-ау деймін.
Сол бетімен сырғып кеп Ақ Жайыққа күмп бердім де, май балшықпен бет-аузымды, үсті-
басымды ысқылай баста қалған дене түгел қышынып, құтырынып тұр екен он саусақты
салдым келіп орай-орай...

Түнде өліп жатқан бала сен бе едің, әй? — дегенге артыма қарасам, бір ересек, бір
кішірек ақсақ бала өзен жағасына жақындай берген екен. Біреуі ашаң, сұңғақ денелі,
үстінде шолақ шалбардан басқа еш нәрсе жоқ. Күнге күйін күрең тартқан дененің бұлшық
еттері иіріліп-иіріліп қояды. Енді біреуі менімен тұстас болу керек, ақшылт денелі, арық,
бір аяғын ақсай басып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет