Стр. 81 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 80
Стр. 82
Қазақстанның ашық кітапханасы
81
келіп қалады. Соқтығысып, ілегісіп қалу дегендер ұят саналудан шығып қалыпты.
Машинаның доңғалағын жарты айналдырып ілгері басса, шын-ақ біраз жер ілгері барып
қалғандай көрінетін сияқты. Ешкім орнында тыныш тұра алмайды. Әсіресе, жай халықтың
ішінде тынышсыздары көп.
—
Сіз менің кезегімді он рет әскер бөлімдеріне алып бердіңіз.
—
Мені еткізбегенің үшін жауап бересің әлі,— деген айғайлар алыстан айбар шегіп,
бір бәсеңдемейді.
Кейде аға командирлердің өзі де тәртіп бетін жауып қойып, үзіліп-созылып өтіп кете
алмай тұрған өз бөлімдерін шығарып әкетуге жанын салады. Солдаттың қатты
қипақтайтыны өзінен үлкен командирлер болғасын, артығырақ қысып жібереді.
Қабағын қатты түйіп алған, зеңбірек бөлімінің бір майоры, сол иығында плащ-палаткасы,
оң қолын біресе сермей сөйлеп, біресе тапанша асынған бүйіріне апарып қалып, маған
қатты зекіп тұр:
—
Сең сержант бала, шегінуді дұрыс ұйымдастырудың не екеніне түсінемісің, жоқ
па?—дейді.— Болашақ шабуылға немене кепіл? Алдымен соғыс техникасын аман сақтап
қалуымыз керек! Менің бөлімдерімді кезексіз өткізіп жіберуге бұйырамын! — дейді.
Бұл жерде бір ғана тілекті орындатқысы келген бұйрық беруден гөрі, сол бұйрықты
орындай қою қиын. Жол үстінде сығылысып тұрған қалың жұртқа көлденең келіп
киліккен майор менің қолымнан келместі бұйырып тұр. Майордың ұзыннан-ұзақ
шұбатылған зеңбіректер мен кішкене танкілері, оқ артқан машиналары мен тракторлары
шұбатылып, қыр асып жатыр. Көпір аузында да машина мен тракторлар, жүк көліктері
мен кішкене танкілер, шимай-шытырман араласып кетіп, сығылысып тұр. Ешкімді
орнынан қозғай алмайсың. Қатты ағыс айдап әкеп үйіп кеткен тас сияқты, алдыңғы бір
тасты суырып алсаң, арт жағы тұтас бір ілгері басып қояды. Бізге берілген бұйрық осы
көпірді шегендетіп тастамай, неғұрлым көп жұртты өткізіп алу.
Мен қолымды шекеме апарып, уставымыз бойынша майорға сәлем бердім де:
—
Жолдас майор, бұйрығыңызды орындай алмаймын! Жолдан былайырақ тұрыңыз.
Шегініңіз,— дедім, қаталдау дауыспен. Аға командирдің алдында сақталатын әдепті
бұзбасам да, көлденең беріп тұрған әмірін орындай алмайтынымды аңғарттым. Майор
үнсіз шегініп кетті...
Майордың үнсіз шегініп кеткені жұрт алдында менің беделімді де бір көтеріп тастады.
Кезегі келген машиналар, жаралыларды әкеле жатқан ат-арбалар еппен ғана жылжып,
кідіріс көрмей өтіп жатыр. Ашу қанша қысқанмен дұрыстық мен жақта екенін
мойындаған майор шетірек барып, жаратпаған көзін біресе маған, біресе көпірге тастап
қойып, добалдай қылып темекі бұрап тұр. Әрине, майордың, зеңбіректерін тез еткізу
керек. Көпірден өткен әскер бөлімдерінің шегініп барып, жайлы жерден бекініс жасап
жатқандарын да білем. Бірақ бүйірден келіп, өзге бөлімдерге көлденең тұрып қалған
майордың көшін алға шығарам десем-ақ көпір аузында «Орынбордың жәрмеңкесі»
болғалы тұр. Мен әскер бөлімдерінің барлық машиналарын бірден өткізіп жіберер едім.
Ол түгіл, екі күннен бері арбасы орнынан қозғала алмай, жарқабақтың, астында тұрған ана
бір кемпірді де қуана-қуана өткізіп жіберер ем. Майданға келгендегі өз арманым да көпір
басының тәртібін түзету емес, бірақ амалым қайсы?!
Екі көгілдір-құбақан өгіз жеккен кемпір, биік арбасының үстінен анда-санда маған қарай
қолын бір сермеп қойып, екі күн бойы сол орнында тұр. Көзі мен мүйіздері қап-қара, өзге
Достарыңызбен бөлісу: |