Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 84 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет83/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 84 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 83



Стр. 85

Қазақстанның ашық кітапханасы


84
Салқын судың ағынына бірер сүңгіп алып ем, көзім шырадай ашылып, әр нәрсе өзінің
орнына түсті. Ағарып қалған таң, ұзамай жаудың барлаушы самолеттері келеді, жұртты
тез өткіз, арт жағын, сығылысып қалмасын, ескертіп қой дейді.
Өзен беті сұрланып, отқа салынған темірдей күңгірт көгере бастапты. Таңертеңгі жаяу
жел әдеттегідей таза емес, ерт исін ала келіпті. Күйген кең, шөп-шалам исінен гөрі
кеңірсіген темір исі басымырақ. Бұл кезде жұқа жібектей көгілдірленіп жеңіл сезінетін
ауа, бүгін буалдырланып кетіпті, әрі қою, әрі салмақты сезіледі. Бұлыңғыр дүниені
етегінен түре өртеп, нарттай жанған қып-қызыл күн шығып келеді. Тау қырқалары, бұлт
етектері тұтана бастағандай қызара бастады.
Тізе қосып, жапыра қимылдап кеткен майордың отыз шақты жауынгерлері әскер
бөлімдері мен былайғы жұрттың иігін ашып, көпірден өтуді едәуір жеңілдетіп тастаған
екен. Әскер бөлімдері лек-легімен тез етіп жатыр. Екі қатар болып ағылған машина,
құралдардың арасымен жаяу жұрт та қалың етіп барады. Арт жақтағы жұрт босқа
сығылыспай, жау самолеттері келіп қалса, ағашқа қарай тез жылжып кетуге әзір тұр.

Әскер бөлімдері түгел ете алмаса, тағы да келер түнге қалады-ау... — деді майор.
Мұнысы жалпы кезекке көлденең келіп килігіп қалған өз белімін өткізіп әкетуге рұқсат
сұрағаны да еді. Екеуміз де бірімізді-біріміз түсініп, бір ғана қарасып қойдық.

Кешіріңіз, майор, әскер бөлімдерін еткізіп үлгіруіміз керек. Жоғары ататын
пулеметтерім құрулы тұр. Енді кемшілік бола бермес. Әр минут ауырлай түскелі келе
жатыр ғой,— дедім.
Майор бұл ойыма ризалық білдіргендей болды.

Аспан! Аспан!—десіп қалды әр жерден.
Әріректегі биік қырқадан сырғып қана түсіп келе жатқандай, темен ұшып неміс
самолеттері жақындап келеді. Әдіс алып қалған жұрт жолдан тез бұрылып, сай-жыраларға
қарай, ағашқа қарай кетіп барады. Майор маған бір қарады да, өз бөліміне қолын сілтеді.
Мен де қарсылық білдіргенім жоқ.
Майордың зеңбірек полкы бар моторларымен бір-ақ гүр ете түсіп, баяғының ұзын
айдаһарындай шұбатылып, көпірден өте бастады. Әрі ықшам, әрі саспай қозғалып барады.
Майор бөлімінің алды жақын белестен асып түскенде, арт жағы көпірден де өтіп болып
еді. Кішкене сұр машинасын құнандай ойнақтатып кеп, жас лейтенант көпірден ете беріп,
майорға машинаның есігін ашты, майор машинасына мініп алып, маған бір жымиды да:

Көріскенше қош бол, сержант! Кез боп қалсаң, алдыңа бір келтірермін,— деді.
Манағы «Аспан! Аспан!» дегенде тақалып қалған жаудың жеңіл самолеттері еді.
Күндегісіндей, қаннен-қаперсіз темен келе жатқанда тосып тұрған пулеметтерім дүрсе қоя
берді. Сенің соғысқа қатынасуың, кейде осылай да басталып кетеді екен. Өзің көпір
үстінде тәртіп сақтап тұрсың, сенің қарамағыңа жіберілген пулеметтер аспанмен соғысып
жатыр...
«Осы, енді менің де соғысқа кіргенім шығар»,— деген ой келеді.
Соғысқа кірген жерден оңай олжа таба қоярмын деген ой жоқ еді менде. Алыстан жайқап,
денесіне қол тигізбей келе жатқан, болат жамылған, техникалы жау, тетігін таппасаң оңай
алдырмайтыны жабайы солдат — маған да айқын болып қалған. Енді міне, өз көзіме өзім
сене алмай тұрмын. Жау самолетінің біреуі пулемет оғынан екі жағына кезек теңселіп,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет