Стр. 107 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 106
Стр. 108
Қазақстанның ашық кітапханасы
107
жерде бір бөгей алсақ, бүгін дегені ертеңге қалады. Бір айда он бес бүгін, он бес ертең бар.
Бөгеуін, келіссе, бір айда он бес күн ұтып шығасың! Ол он бес күнде біз күшейе түсеміз,
жау әлсірей түседі. Менің есебім осы еді. Жолдастарым бұл ойыма түгел қосылды.
Бұдан бірнеше күн бұрын мұндай көпірді қанымызбен жанымызбен қорғайтын едік. Енді
міне, қара көлеңкені жамылып кеп, аспанға атудың қамын істеп жатырмыз. Неғұрлым
күл-талқаны шығып, аспанға қарай жоғары атсын дегендей, астына дәрі сыналап
жатырмыз. Амал қайсы, екеуі де ел үшін!
—
Өзі бір әдемі көпір екен. Онша бүлдірмесек қайтер?— дейді Семен қол тиірменнің
тасындай кесек дәріні көпірдің төсек темірлеріне байлап жатып.
—
Үндеме, Семен! Немістер өз қолдарымен қайта жасап береді, әлі. Тағы біреуін
әкел,— дейді Петр.
—
Темірі біздің Сталинградта жасалған шығар, танығандай болып тұрмын,— деп
Семен дәріні нығарлай түседі.
—
Болды! — деді Володя Толстов ақырын ғана.
ҚОІІІ бол, көпір! Құның, Гитлердің мойнында! —деп, тұра берді.
Үн жоқ, орнымыздан тұрып, кейін шегініп барып, болып өскен тал мен тікеннің
арасындағы шұңқырға бұқтық. Шақыр-шұқыр қозғалып, ілгері басқан танымалдың
зіркілінен тас көпір қалш-қалш етеді. Ағаш жапырақтары безгек болғандай дір-дір етіп
тұр.
Жақсы көпір екен ә? — деп, Семен манағы ойынан жарыла алмай, маған қарайды.
—
От беретін мен болам! — деді Петр. Онысы Семенге берген жауаптай шықты.
—
Ие, сен боласың!
Енді бір абайласам, жігіттер тас-түйін, түнеріп алған екен. Айқас кезеңі өз әмірін айтып,
жауынгерлер оқпен бірге өздері де атылатындай, жинақы тұр.
«Сарқыраманың аржағында сылдыраманың бер жағында» деген сияқты өздері ғана анық
ұғатын жұмбақ сөздермен радиошы Женко штабқа хабар беріп жатыр...
—
Жау танкылары келіп қалды. Өзім дірілдеп барам деп айт! — дейді Петр, Женкоға
қалжыңдап.
—
Біздің танкылар болып жүрсе қайтеміз? — деді Володя.
—
Біздің танкылар!..— деп, Петр көзін бір жарқ еткізді де, от беретін орнына кетті.
Сергей Астаховты ұзын ақ қайыңның басына шығып, жау жағын бақылап тұруға жібердім
де, радиошыны бір қыр кейін барып жатуға қайырдым. Екі пулеметшімді қабақта егін
арасына қалдырғамын.
Танкылар көпірге жүз метрдей жақындап келіп тоқтады. Күркілдеп, қырылдап, ауыр дем
алып, біздің ғасырдың алыптары алдымызда тұр. Жермен бірге дірілдеп, біз жатырмыз.
Бір кезде алдыңғы танкы легінен бөлініп шығып, көпірге қарай беттеді. Ақырын жылжып
кеп, темір табанымен көпірдің әрбір сүйем жерін байқап басып, бері қарай етіп келеді.
Мұның жау танкысы екенін анық білсек, сол арада жайратып, көпір үстін бөгеп тастауға
Достарыңызбен бөлісу: |