Стр. 103 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 102
Стр. 104
Қазақстанның ашық кітапханасы
103
найзаны көреді де, тағы ілгері аттайды. Дүниеде мұндай зұлымдыққа барған ешбір әскер
болған емес. Сонша қару-құралмен қиқулап құлақ тұндырған мақтанмен келе жатқан жау,
бейбіт халықтың артына тығылады!
Халдың, ауырлығы да осында. Майордың алысқа сілтейтін ауыр зеңбіректері кейін
шегініп қарап тұр да, жауды маңдайдан атар зеңбіректерімен ғана күтеді.
—
Тәңірі жарылғасын, аға сержант,— деді майор жалынғандай үнмен— жігі ашылған
жерін бір анықтап берші! Менің барлаушыларым зеңбірек жетер жердің бәрі бейбіт жұрт,
неміс танкылары сол жұртпен аралас қозғалып келе жатыр дейді. Міне екі күн бойы оқ
шығара алмай отырмын! — деді, қатты назаланып.
Неміс зеңбіректері алыстан атқылап, боратып оқ төгіп жатыр. Біздегі «соғыс тәңірілері»
бейбіт жұртты аяп, үн шығара алмай тұр. Біздің зеңбіректер жаудың, қолын көпір үстінде,
өткелдерде, жол бойларында тосып атуға болар еді. Өзге Нәрсе тапшы болса да, зеңбірек
оғы жеткілікті еді. Бірақ амал жоқ, найзалы жауды сен қамшымен күтіп отырғандайсың.
Көпір біткенді қиратып тастауға тағы болмайды. Әр көпір ең алдымен өз еліне пайдалы.
Танкылы, машиналы жау қолдары алдын орап кетіп, әлі жете алмай келе жатқан әскер
бөлімдері де бар. Жалпы дүрлігіс-дүрмек үстінде, жау қолы басып қалған жердің бейбіт
халқы әлі шығысқа қарай жылжып барады, әлі сиреген жоқ. Үлкен күрең жолдармен жау
лектері келе жатса, қақтықпай-соқтықпай, сай-салалармен қатар жүріп келе жатқан біздің
әскерлер де бар. Қысқасы, біздің зеңбіректердің алдында кедергі көп.
Мұның бәрі де майор Русаковтың айтқан күйзелісі еді. Сондықтан мен ол кісіден:
—
Қысқасы, жау мен елдің жігін ашып бер деп бұйырасыз ғой, жолдас майор?—деп
сұрадым.
—
Аға сержант, сіз менің қарамағымда емессіз, мен қайдан бұйыра алайын...— деп,
майор күліп қойды. Екеуміз бір ғана қарастық та түсініп қалып, қол алыстық.
—
Ал, оң сапар болсын, тірі қайтыңдар! —деді майор.
—
Жақсы, майор жолдас, тірі қайталық... Өлгісі келмейтін бір адам бар деп есітсеңіз,
ол менің жауынгерлерім,— дедім.
—
Сен мені күншығысқа қарай өткізбей көп бөгеп едің, мен сені батысқа қарай
бөгемей өткізейін! Бар!.. Бұл жолы медаль емес, орден алатын болып қайт! — деді майор,
қолымды қатты қысып.
Мен үндемей ғана ішімнен уәде еттім... Майордың жүзінде уәде алмай тынбайтын қатты
күйініш бар еді. Осындай адамдар бізге күйініш-қуаныш, достық-жолдастық, бірлік-теңдік
деген нәрселермен ойнамауды үйретті. Өзім демей, біз деп, ерлік дақ емес — егіз, білекте
емес — жүректе деп үйретті.
Барлаушылар «таңы атып» іңір қараңғысы түсе, біз жүріп кеттік.
Жазғы түн елі даланы күзетіп жалғыз қалғандай. Егін маңайында ән де жоқ. Бақша
арасында күлкі де жоқ, иесіз қалған поселкелерде үн де жоқ. Қалың түскен шықта
жосылып жататын із де жоқ. Әні мен сәнінен айрылып, жас жесірдей мұңайған жазғы
түннің өзі ғана қалыпты.
Достарыңызбен бөлісу: |