Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 117 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет116/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 117 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 116



Стр. 118

Қазақстанның ашық кітапханасы


117

Содан соң ба?.. Трактор жайында бір кітап іздеп, қалалық кітапханаға кірсем,
алтын шашты, қуыршақтай ғана бір қыз тұр екен... Содан басталды да кетті... Керек пе,
керек емес пе, кітап сұрап күнде баратын болдым. Қыз да бәле, менің, бойыма қарап, көп
кітап оқымағанымды біледі-ау деймін:

Мына бір кітап өте жақсы...— деп, бір-екі кітапты қоса беретін болды.

Үйге әкеліп қарасам, «Бірінші Петр», «Степан Разин», «Тынық Дон» болып
шығады. Бір күні бір жерінен сұрап қалып жүре ме деп, қыз берген кітапты түгел оқып
тастаймын. Күндізім түгіл, түнім жетпеуге айналды... Ұзамай Тамара, Татьяна, Земфира,
Мэри дейтін қыздарды құшақтатып жіберетін болды. Оқып-оқып отырам да,
кітапханадағы қыздың өзі де солардың бірі ғой деп ойлаймын. Күн санап сол қыздарға өзі
де ұқсай түседі, күн санап құлпыра түседі... Заводта шаршау дегенді ұмытып кеттім,
жұмыстан шыға салам да, Тамараны апарып беріп Земфираны сұраймын. Земфираны
апарып берем де Татьянаны сұраймын... Құдай соққан қу қыз түсінеді де жымияды,
жымияды да сұраған кітабымды алып береді...

Аты кім еді?—деп сұрады Петр.

Аты ма?.. Нина еді... Жымиып тұрғанын маған кітап әперейін деп артына
бұрылғанда, сыртынан да танитын болдым.

Арқасы күліп тұратын болды ғой?..

Арқасы? Жоқ... Былай бір, қырық құбылтып әкеліп, желкесіне бос тастай салатын
бір шаш болады ғой... Сол шашы жымиып тұрғандай болады.
Сіз осы, ғашықтар жайындағы кітаптарды көбірек сұрап кеттіңіз, біреуге ғашық болып
қалған жоқсыз ба?— деді бір күні.— Біліп жүр, біліп жүріп сұрайды, оған не амал
қыларсың...

Иә, оған қылар амал жоқ...— деп, Петр тағы бір шалып қалады.

Оның рас,— дейді Семен.— Оған қылар амал жоқ екен. Маған бір жері қатты ұнап
еді, соны тағы бір оқып шығайын деп едім дедім...

Ол қай жері?— деді Нина.

Қырық екінші беті...— деп, өмірімде бірінші рет өтірік айттым. Аппақ жұмыр
саусақтары жымың-жымың етіп, мен айтқан қырық екінші бетті ашты да:

Ие, аттың суретін әдемі келтірген екен— деді Нина. Арқамнан суық тер бұрқ ете
түскенін сездім... Бұған не айтарсың?

Иә, бұған да ешнәрсе айта алмайсың...

Бір күні Нина орнында жоқ болып шықты. Кітапхана қаңырап бос қалғандай
көрініп кетті.

Иесіз қалған окоптай де...

Ие, иесіз қалған окоптай... Паровоздай жүйткіп жүріп, қаланы түгел кезіп шықтым.
Бақшаны да екі рет сүзіп шықтым. Екі жердегі театрдан шыққан жұртты да кезімнен
өткіздім. Еділ жағасына да бардым. Еш жерде жоқ... Түн ортасында таптым-ау әйтеуір...

Қайда екен?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет