Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 119 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет118/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 119 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 118



Стр. 120

Қазақстанның ашық кітапханасы


119
Соның бүгін күн бойы айта алмай, жасырып әуреленетін бір сыры да бар. Қашан Ревякин
келіп жариялағанша, өзі ұрлықтан ұсталғандай қысылады да жүреді. Оның сыры бәрімізге
де мәлім. Володяның анау күнгі танкыны қалай жойғаны күнбе-күнгі соғыс хабарларымен
бірге орталық газеттерге басылып шығыпты. Володя қазір сол газетті алып келіп отыр.
Бізге келген хаттарды қолды-қолға тапсырды да, газет туралы еш нәрсе айтқан жоқ.

Володя, қырынбаймысың?— дейді Петр. Володя иегін сипап:

Жоқ, Петя... Мен тамақ әзірлесем қайтеді?— дейді.

Немене, су әкеліп шай қоямысың, ет асамысың?

Әкелсем, әкелейін...
Петр қатал қалжыңдасатын жігіт. Володяны қысып отырып, енді кішкенеден кейін бар
сырын өзіне айтқы— зады. Мен Володяның қыздай қызарып, қысылғанын көрмейін деп,
Айдаштан келген хатты оқуға кірістім.
Айдаш Ленинградтың белуардан су окоптарында жатқалы айға жақындаған. Маған ағалық
қамқорлығын істеп, әр кезде сүйемел боларлық хат жазуға тырысады. Сондықтан кейбір
сездері тым жоғары алынып кететіні де бар. Айдаш оңтүстік жақта да алтын күз
жапырағын төгіп, енді суық түскенін ескермесе керек. Әнеугі бір хатында жатқан окобыма
саңырауқұлақ шығып кетті, бір жерден табан аудармай қанша жатқанымызды содан
білерсің деп жазып еді. Ленинградты қорғауда қалғандардың табан тірескен ерліктерінен
біздің де хабарымыз бар. Бірақ, ай бойы окоп ауыстырмай жатырмын дегені артығырақ
кеткен... Бұл жолғы хатында тізеден келген мұзды суға үйреніп алдық. Астың мұз,
үстіңнен ақ жаңбыр арылмайды деп жазады. Танкымен алысқан бірнеше уақиғаларды да
жеңіл ғана, оңай істей суреттейді.
«Сенің бірінші жауың — үрей» деп жазыпты... Соған қарағанда, батырдың, өзі де қорқу
дегеннен әлі арылмаған сияқты. Жауынгер қорқу деген сезіммен күнде кездеседі. Өле кету
ерлік емес, өзің өлмей, жауыңды өлтіру —ерлік болат та. Айдаш бұл жағын аттаңқырап
кетіп әйтеуір маған қорықпа дегенді айтады.
Айдаш өзі жақсы соғысып жүрген сияқты. Хаттың, ортасына ғана жапсырып жіберген
суретіне қарасам, сирек мұрты едірейіп, қабағын түйіп түсіпті. Екі медаль, бір ордені бар.
Өзің көрерсің дегендей бұл жағынан бір ауыз сөз жазбаған...
Ойым хат сөздерінен Володяға, одан қайта Айдашқа көшеді. Біреуі азырақ
мақтаныңқырап кеткен біреуі міне, баладай ұялып, қысылып отыр. Қатар алысқан өзге
жолдастарынан бұрын орталық газеттерге іліккеннен қысылып біреуі отырса, біреуі мені
тезірек орталық газеттерге бассын деп тұрғандай...
Газет тілшісі келіп сөйлескенде Толстов көпір басындағы уақиғалардың бәрін айтып, өз
істегенін айтпай келіп еді. Ол жайды мен баяндап бергемін. Бөлімнің бірге істеген үлкен
ісін үстірт сұрап, жалғыз танкыны айналдыра берді, мен айтпадым деп ренжіп келген.
Енді, міне, Петрден қорқатындай ығыса береді.
Неміс командирінің төсегіне шалқасынан жата кетіп, Петр:

Володя, бері кел! — деді.— Темекі орайтын газетің бар ма?

Мен темекі тартпаймын ғой,— деп Володя Петрдің қасына барды.

Ендеше, қойныңдағы газетті маған бер! Саған оның керегі жоқ...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет